Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 825 қаулысымен Бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Осы стандарт жұмыссыздарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). Жұмыссыздарды тіркеу-жұмысқа орналасу мәселесі бойынша хабарласқан азаматтарды есепке қою. 2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны жартылай автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 15 бабына сәйкес көрсетіледі. 4.Мемлекеттік қызметті «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Бөлім) халықты жұмыспен қамту секторы, Ақтау қаласы, 12 шағын аудан, 18 ғимарат, 103 бөлмесінде көрсетіледі 5. Мемлекеттік қызмет жұмыссыз ретінде тіркеу немесе тіркеуден бас тарту, жұмысқа жолдама, жұмыссыз анықтамасын беру нысанымен аяқталады. 6.Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға,шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға көрсетіледі (әрі қарай - тұтынушылар). 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі шектеу мерзімдері: 1) қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он күннен кешіктірмей; 2) тиісті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге ең ұзақ уақыт-10 минут; 3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге ең ұзақ уақыт- 10 минут. 8. Осы мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат ресми ақпараттық көздерінде, бөлім фойесіндегі тағанда, сондай-ақ Ақтау қаласы әкімінің www.aktau.info.kz сайтында орналасқан. 10. Мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа күнделікті сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. құжаттарды қабылдау сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету жүзеге асырылмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|