Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәселелері Қазақстан (2007.11.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 14 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi; 3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. ҚР 2007.11.10. № 928 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара). 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 481-жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 153-құжат): 3-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын. 4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен Бекiтiлген ҚР Үкіметінің 2007.11.10. № 928 (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулысымен ҚР Статистика агенттiгi туралы ереже өзгертілді
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туралы ереже Жалпы ережелер Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар. Агенттіктің тізбесін Үкімет бекітетін ведомстволық бағынысты ұйымдары бар. 2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында ашылатын шоттары, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі болады. 4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Агенттік, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының не оны алмастырушы адамның бұйрығымен ресімделген шешімдер қабылдайды. 7. Агенттіктің, оның аумақтық органдарын қоса алғанда, штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 8. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Сол жақ жағалау, "Министрліктер үйі". 9. Толық атауы -»"Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі" мемлекеттік мекемесі. 10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Агенттікке Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады. Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
13. Агенттіктің оның қызметі аясындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 2) ғылыми әдіснама және халықаралық стандарттардың негізінде бірыңғай статистикалық ақпарат жүйесінің жұмыс істеуін және оны жетілдіруді қамтамасыз ету; 3) мемлекеттік, коммерциялық құпиялардың сақталуын және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету; 4) статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, растығы мен жеткіліктілігін, сондай-ақ статистикалық ақпараттың уақтылы жиналуын қамтамасыз ету; 5) елімізде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті түрде зерделеу, қорыту және талдау. 14. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; статистика саласында шет елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады, олармен мемлекеттік статистиканы дамытуға бағытталған келісімдер мен шарттар жасасады; халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы әзірлейді; статистикалық жұмыстардың жоспарынан тыс ұлттық санақтарды өткізеді; мемлекеттік статистикалық байқау бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді; статистикалық байқау бағдарламаларын бекіту негізінде мемлекеттік органдардың статистикалық қызметін үйлестіреді; әрбір шаруашылықтың есебін жүргізудің әдіснамалық басшылығын жүзеге асырады; мемлекеттік статистика мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер шығарады; Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иеленеді және пайдаланады; статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізеді; Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік органдарды статистикалық және талдау ақпаратымен қамтамасыз етеді; халықаралық стандарттарға сәйкес Мемлекеттік статистикалық тіркелімдерді жүргізеді; заңды және жеке тұлғалар үшін жиынтық статистикалық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз етеді; қолданыстағы шарттар бойынша міндеттемелерге сәйкес халықаралық ұйымдарға статистикалық ақпарат ұсынады, сондай-ақ шет елдермен статистикалық ақпарат алмасуды жүргізеді; мемлекеттік статистика органдарына ақпарат ұсынатын жеке және заңды тұлғаларды статистикалық нысандар бланкілерімен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді; республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық дерекқорды жинақтауды, жүргізуді және жандандыруды қамтамасыз етеді; статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастырады; жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды бастапқы және статистикалық есепке қоюды бақылауды жүзеге асырады; әдістемелік нұсқаулықтардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады. 15. Агенттік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға құқылы: 1) өз құзыретінің шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға; 2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға; 3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
3. Агенттіктің жұмысын ұйымдастыру
16. Агенттік және оның аумақтық органдары Агенттіктің бірыңғай жүйесін құрайды. 17. Агенттікке басшылықты Агенттіктің жұмысына дербес жауап беретін төраға жүзеге асырады. 18. Агенттіктің төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Агенттік төрағасының оның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. 1) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару саласындағы (аясындағы) саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді; 3) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; 4) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Агенттікті білдіреді; 5) Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді; 6) Агенттіктің регламентін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері мен стандарттарын бекітеді; 7) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Қолданысқа енетін мерзімін қара 20. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Жауапты хатшы басқарады. Қолданысқа енетін мерзімін қара 21. Агенттіктің жауапты хатшысы: 1) мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (аясында) Агенттіктің төрағасы қалыптастыратын саясатты іске асырады және оның тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді; 2) Агенттік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 3) Агенттіктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 4) Агенттіктің төрағасымен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Агенттіктің штат санының лимиті шегінде Агенттіктің, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық органдарының құрылымы мен штат санын бекітеді; 5) Агенттіктің төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді; 6) Агенттіктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды; 7) Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады; 8) Агенттіктің төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің департаменттері мен басқармаларының басшыларын, Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын және басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 9) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттіктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 10) Агенттіктің төрағасымен келісім бойынша Агенттіктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді; 11) Агенттіктің төрағасымен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді; 12) Агенттіктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Агенттіктің төрағасы бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді; 13) Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Агенттіктің төрағасына бекітуге ұсынады; 14) Агенттіктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Агенттік төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді; 15) Агенттіктің төрағасымен келіскеннен кейін Агенттікті қаржыландыру жоспарларын және Агенттіктің қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді; 16) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады; 17) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады; 18) Агенттікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады; 19) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Агенттікті білдіреді; 20) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 22. Агенттік Төрағасының жанынан консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Агенттік Алқасының сандық және дербес құрамын Агенттіктің Төрағасы Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан бекітеді. 23. Агенттіктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелерінің құзыреті мен өкілеттіктерін, Агенттіктің регламенті мен Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері туралы ереже белгілейді.
4. Агенттіктің мүлкі
24. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптастырылады. 25. Агенттікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады. 26. Агенттік өзіне бекітіп берілген мүлікті және егер заңмен өзгеше белгіленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдары: 1. Ақмола облысының статистика басқармасы 2. Ақтөбе облысының статистика басқармасы 3. Алматы облысының статистика басқармасы 4. Атырау облысының статистика басқармасы 5. Шығыс Қазақстан облысының статистика басқармасы 6. Жамбыл облысының статистика басқармасы 7. Батыс Қазақстан облысының статистика басқармасы 8. Қарағанды облысының статистика басқармасы 9. Қызылорда облысының статистика басқармасы 10. Қостанай облысының статистика басқармасы 11. Маңғыстау облысының статистика басқармасы 12. Павлодар облысының статистика басқармасы 13. Солтүстiк Қазақстан облысының статистика басқармасы 14. Оңтүстiк Қазақстан облысының статистика басқармасы 15. Астана қаласының статистика басқармасы 16. Алматы қаласының статистика басқармасы Мемлекеттік мекемелер - ақпараттық-статистикалық орталықтар: 1. Ақмола облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 2. Ақтөбе облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 3. Алматы облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 4. Атырау облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 5. Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 6. Жамбыл облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 7. Батыс Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 8. Қарағанды облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 9. Қызылорда облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 10. Қостанай облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 11. Маңғыстау облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 12. Павлодар облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 13. Солтүстiк Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 14. Оңтүстiк Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығы 15. Астана қаласының ақпараттық-статистикалық орталығы 16. Алматы қаласының ақпараттық-статистикалық орталығы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi 1. "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған кейбір шешімдерінің тізбесi 1. "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 наурыздағы № 325 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 10, 98-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 479 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 153-құжат) 4-тармағы. 3. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 343-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы. 4. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 30 наурыздағы № 325 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 16 тамыздағы № 912 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 27, 299-құжат). 5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 наурыздағы № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 25 маусымдағы № 708 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 26, 337-құжат). |