Біріккен ұлттар ұйымының климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына
Хаттама 2005 ж. 16 ақпанда күшіне енді 2009 ж. 26 наурыздағы № 144-IV ҚР Заңымен ратификацияланды
Осы Хаттаманың Тараптары, Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы, бұдан әрі «Конвенция» деп аталатын, негіздемелік конвенциясының Тараптары болып отырып, 2-бапта баяндалғандай, Конвенцияның түпкілікті мақсатына қол жеткізу мақсатында, Конвенцияның ережелеріне сүйене отырып, Конвенцияның 3-бабын басшылыққа ала отырып, Конвенция Тараптары Конференциясының бірінші сессиясында оның 1/СР.І шешімінде үшін қабылданған Берлин мандатын орындау үшін мыналар туралы уағдаласты:
Осы Хаттаманың мақсаттары үшін Конвенцияның 1-бабындағы анықтамалар қолданылады. Бұдан басқа: 1. «Тараптар Конференциясы» Конвенция Тараптарының Конференциясын білдіреді. 2. «Конвенция» 1992 жылғы 9 мамырда Нью-Йоркте қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясын білдіреді. 3. «Климаттың өзгеруі жөніндегі сарапшылардың үкіметаралық тобы» Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы бірлесіп, 1988 жылы құрылған Климаттың өзгеруі жөніндегі сарапшылардың үкіметаралық тобын білдіреді. 4. «Монреаль хаттамасы» 1987 жылғы 16 қыркүйекте Монреальда қабылданған озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі, кейіннен оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, Монреаль хаттамасын білдіреді. 5. «Қатысқан және дауыс беруге қатысушы Тараптар» қатысушы және «жақтап» немесе «қарсы» дауыс берген Тараптарды білдіреді. 6. «Тарап», контекстте басқа мығынасы болмаса, осы Хаттаманың Тарабын білдіреді. 7. «І қосымшаға қосылған Тарап» оған енгізілуі мүмкін түзетулермен Конвенцияға І қосымшасына қосылған Тарапты немесе Конвенцияның 4-бабындағы 2g тармағына сәйкес хабарламаны ұсынған Тарапты білдіреді.
1. І қосымшаға қосылған әрбір Тарап 3-бапқа сәйкес шығарындыларды шектеу мен қысқарту жөніндегі өзінің белгіленген сандық міндеттемелерін орындаған кезде және тұрақты дамуды ынталандыру мақсатында: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|