Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2008 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 432 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 272 қаулысында: 1-тармақта: 1) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Владимир Сергеевич Школьник» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Асқар Раушанұлы Елемесов» деген сөздер «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қайрат Нематұлы Келімбетов» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 мамырдағы № 386 қаулысында: 1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацындағы «Прасад Бамрені» деген сөздер «Мақсат Нұрдәулетұлы Мұқановты» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 қыркүйектегі № 873 қаулысында: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: 1-тармақта: мына: «Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қуанғанов Фархад Шаймарданұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі»; 1 және 2-тармақтарда: мына: «Ержанов Бақыт Ахметұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инновациялық дамыту департаментінің директоры» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі»; 5-тармақта: мына: «Сейдәлі Нұрлан Жарылқасынұлы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда саясатын дамыту және дүниежүзілік сауда ұйымына кіру департаментінің директоры» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қабиева Дәмегүл Нәбиқызы - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда саясатын дамыту және дүниежүзілік сауда ұйымына кіру департаментінің директоры». 4. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 885 қаулысында: 1-тармақта: «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі - Асқар Болатұлы Баталовты» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі - Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевты». |