|
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 1061 Қаулысы ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды «Салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлем ставкалары; 2) балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлем ставкалары; 3) өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын (аң мен балық аулаудан басқа) жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлем ставкалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 1061 қаулысымен бекітілген Аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлем ставкалары Р/с № | Жабайы жануарлардың түрлері | Бір басы үшін айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) алғанда төлем ставкалары | кәсіпшілік мақсатта аулау | әуесқойлық (спорттық) мақсатта аулау | 1 | 2 | 3 | 4 | Сүт қоректілер | 1 | Бұлан (аталығы) | - | 16 | 2 | Бұлан (ұрғашысы) | - | 11 | 3 | Бұлан (ұшары) | - | 6 | 4 | Марал (аталығы) | - | 13 | 5 | Марал (ұрғашысы) | - | 7 | 6 | Марал (ұшары) | - | 4 | 7 | Аскания бұғысы (аталығы) | - | 9 | 8 | Аскания бұғысы (ұрғашысы) | - | 5 | 9 | Аскания бұғысы (ұшары) | - | 3,5 | 10 | Елік (таралу аймағының солтүстік бөлігі, аталығы) | - | 4 | 11 | Елік (таралу аймағының солтүстік бөлігі, ұрғашысы, ұшары) | - | 3 | 12 | Елік (таралу аймағының оңтүстік бөлігі, аталығы) | - | 3 | 13 | Елік (таралу аймағының оңтүстік бөлігі, ұрғашысы, ұшары) | - | 2 | 14 | Сібір тау ешкісі (аталығы) | - | 4 | 15 | Сібір тау ешкісі (ұрғашысы, ұшары) | - | 3,5 | 16 | Құдыр | - | 2 | 17 | Қабан (аталығы) | - | 4 | 18 | Қабан (ұрғашысы, ұшары) | - | 3 | 19 | Киік (аталығы) | 4 | 5 | 20 | Киік (ұрғашысы, ұшары) | 3 | 4 | 21 | Қоңыр аю (тяньшань аюынан басқасы) | - | 14 | 22 | Құндыз, кәмшат (орта азиялығынан басқасы) | 1 | 2 | 23 | Бұлғын | 2 | 4 | 24 | Суырлар (Мензбир суырынан басқасы) | 0,060 | 0,12 | 25 | Су тышқан | 0,045 | 0,10 | 26 | Борсық, түлкі | 0,10 | 0,20 | 27 | Қарсақ | 0,045 | 0,10 | 28 | Американ су күзені | 0,12 | 0,25 | 29 | Сілеусін (түркістандықтан басқасы) | - | 0,45 | 30 | Қояндар (құм қоян, ор қоян, ақ қоян) | 0,010 | 0,045 | 31 | Жанат тәрізді ит, жанат, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкіс, сары күзен, сасық күзен, тиін | 0,020 | 0,35 | 32 | Зорман | 0,015 | 0,025 | Құстар | 1 | Маймақ қаз (қызыл жемсаулы, қара жемсаулы) | 0,015 | 0,030 | 2 | Саңырау құр | - | 0,15 | 3 | Құр | - | 0,55 | 4 | Гималай ұлары | - | 0,20 | 5 | Қырғауыл | 0,020 | 0,060 | 6 | Қаздар (сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырманқаз) қарашақаз | 0,020 | 0,045 | 7 | Үйректер (отүйрек, қырылдақ шүрегей, боз үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылбас сүңгуір, көк сүңгуір, айдарлы сүңгуір, айдарсыз сүңгуір, ұшқыр үйрек, сусылдақ, айдарлы үйрек, қара тұрпан, кіші бейнарық, секпілтес бейнарық, бейнарық) | 0,010 | 0,020 | 8 | Қасқалдақ, қызғыш, шілдер (аққұр, тундра аққұры, дала шілі, шіл, сақалды) кекілік, сұр құр, кептерлер (дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептерлер (кәдімгі түркептер, үлкен түркептер), шалшықшылар (күжіркей, шаушалшық, тауқұдірет, орман маңқысы, ауылдық тауқұдіреті, тау маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, қасқа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кіші шырғалақ) | 0,005 | 0,010 | 9 | Бөдене | 0,005 | 0,010 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 1061 қаулысымен Бекітілген Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін ақы ставкалары Р/с № | Су жануарларының түрлері | Айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) алғанда ақы ставкалары | бір басы үшін | бір килограмы үшін | 1 | 2 | 3 | 4 | Кәсіпшілік мақсаттарда | 1 | Бекіре балықтары (қортпа, бекірес (сібірліктен басқасы), шоқыр, сүйрік, пілмай (арал популяциясынан басқасы) | - | 0,064 | 2 | Майшабақтар (қарынсау (бадырақ көзділерін және дөңгелек бастыларын қоса алғанда), бражников (долгинскілік), қаражон), тікенді балық, түйетабан, шабақ | - | 0 | 3 | Албырт балықтар (құбылмалы бахтах, майқан балық, сібір хариусы) | - | 0,017 | 4 | Ақсақа балықтар (көкшұбар, кек-шарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын), ұзын саусақты шаян (түркістандық түрінен басқасы) | - | 0,012 | 5 | Қаракөз | - | 0,004 | 6 | Каспий итбалығы | 1,93 | - | Ірі шағын балықтар | 7 | Ақ амур, сазан (тұқы), ақмарқа, беріш, жайын, нәлім, ақ және шұбар дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке | - | 0,013 | Ұсақ шағын балықтар | 8 | Табан балық, торта, тұрпа балық, майбалық, қызылкөз, қабыршақты және жалаңаш көкбас, аққайран, алтын және күміс түсті мөңке балық, кәдімгі және балқаш (балқаш-іле популяциясынан басқасы) алабұғасы, оңғақ, тарақ балық кәдімгі және таластық, қызыл қанатты шұбар, балпан балық, қырлықұрсақ, айнакөз, көктыран, қылыш, буффало, қарапайым шармай | - | 0,004 | Алып қою қағидаты негізінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу мақсатында | 1 | Ірі шағын балықтар (ақ амур, сазан (тұқы), ақмарқа, беріш, жайын, нәлім, ақ және шұбар дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке) | - | 0,017 | 2 | Қортпа | - | 6,5 | 3 | Бекіре (бекірес (сібірліктен басқасы), шоқыр, сүйрік, пілмай (арал популяциясынан басқасы) балықтары | - | 5,5 | 4 | Ақсақа (көкшұбар, көк-шарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын), албырт (құбылмалы бахтах, майқан балық, сібір хариусы) балықтары | - | 0,042 | 5 | Ұсақ шағын балықтар (табан балық, торта, тұрпа балық, майбалық, қызылкөз, қабыршақты және жалаңаш көкбас, аққайран, алтын және күміс түсті мөңке балық, кәдімгі және балқаш (балқаш-іле популяциясынан басқасы) алабұғасы, оңғақ, тарақ балық кәдімгі және таластық, қызыл қанатты шұбар, балпан балық, қырлықұрсақ, айнакөз, көктыран, қылыш, буффало, қарапайым шармай) | - | 0,008 | 6 | Ұзын саусақты шаян (түркістандық түрінен басқасы) | 0,008 | - | «Ұстап алу-қоя беру» қағидаты негізінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау мақсатында | 1 | Ірі шағын балықтар (ақ амур, сазан (тұқы), ақмарқа, беріш, жайын, нәлім, ақ және шұбар дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке) | - | 0,1 | 2 | Бекіре (бекірес (сібірліктен басқасы), шоқыр, сүйрік, пілмай (арал популяциясынан басқасы) балықтары | 4,97 | - | 3 | Ақсақа (көкшұбар, көк-шарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын), албырт (құбылмалы бахтах, майқан балық, сібір хариусы) балықтары | - | 0,27 | 4 | Ұсақ шағын балықтар (табан балық, торта, тұрпа балық, майбалық, қызылкөз, қабыршақты және жалаңаш көкбас, аққайран, алтын және күміс түсті мөңке балық, кәдімгі және балқаш (балқаш-іле популяциясынан басқасы) алабұғасы, оңғақ, тарақ балық кәдімгі және таластық, қызыл қанатты шұбар, балпан балық, қырлықұрсақ, айнакөз, көктыран, қылыш, буффало, қарапайым шармай) | - | 0,068 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 1061 қаулысымен бекітілген Өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлем ставкалары Р/с № | Жануарлардың түрлері | Айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) алғанда төлем ставкалары | әрбір басы үшін | әрбір килограмы үшін | 1 | 2 | 3 | 4 | Сүт қоректілер | 1 | Шұбар немесе дала мысығы | 0,030 | - | 2 | Қарақас | 0,015 | - | Құстар | 1 | Кішкене сұқсыр, қара мойын сұқсыр, қызыл мойын сұқсыр, сұржақ сұқсыр, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан, қышқыл құтан, қаршыға | 0,010 | - | 2 | Аққұтан | 0,015 | - | 3 | Маусымқұс, қошқылқанат татрең, алтынжон татрең, шүрілдек, шаушүрілдек, монғол шүрілдегі, сарысағақ шүрілдек, шығыс шүрілдегі, теңіз шүрілдегі, алқалы татрең, тасшырған, сутартар, тартар, кішкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, бұлынғыр, фифи, үлкен балшықшы, шөпілдек, тәкілдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжал қалтқы, ақтамақ қалтқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылбауыр құмдауық, қаратөс құмдауық, сүйірқұйрық құмдауық, құмқұс, түнбашы, қарақас, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайыз торғай, қызылтелпекті құнақ, көкқарға, бозторғай (айдарлы, теңбілтес, ұзынтұмсық, сұр, сор, дала, қараалқалы, аққанат, қара, құлақты, орман, бозторғай, кіші), қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық | 0,005 | - | 4 | Қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары | 0,045 | - | Бауырымен жорғалаушылар | 1 | Орта Азия тасбақасы, саз тасбақасы | 0,020 | - | 2 | Ешкіемер, бат-бат кесіртке, жұмырбас құм кесіртке, сығыркөз | 0,010 | - | 3 | Бозша жылан | 0,045 | - | 4 | Өрнекті қарашұбар жылан, шығыс құм жыланы, құм жылан | 0,035 | - | 5 | Көлбақа | 0,005 | - | Су омыртқасыз жануарлары | 1 | Салин артемиясы (цисталары) | - | 0,045 | 2 | Гаммарус, шашақ мұрт шаяндар | - | 0,010 | 3 | Сүліктер | - | 0,030 | 4 | Басқа су омыртқасыздары мен цисталары | - | 0,005 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 1061 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарларды 1998-2002 жылдары шектеулі алудың мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 қазандағы № 1035 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 36, 329-құжат). 2. «Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін ерекше жағдайларда пайдалану тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 маусымдағы № 969 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін ерекше жағдайларда пайдалану тәртібі туралы ереженің 13-тармағы. 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 қазандағы № 1035 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қыркүйектегі № 1217 қаулысы. 4. «Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 11, 109-құжат). 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 459 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 238-құжат). 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 942 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 452-құжат). 7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 322 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 12, 143-құжат).
Доступ к документам и консультации от ведущих специалистов
|