Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы (2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 4 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар) 2-тарау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы (4 - 17 баптар) саласындағы мемлекеттік реттеу 3-тарау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы (18 - 20 баптар) саласындағы жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері 4-тарау. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама (21 - 23 баптар) 5-тарау. Санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) (24 - 30 баптар) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу 6-тарау. Қорытынды ережелер (31 - 32 баптар) Осы Заң Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайын белгілейдi. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актiсi - объектiнiң халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгін тексеру нәтижелерi бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам беретiн құжат; 2) адамның тiршілік етуiне қолайлы жағдайлар - тiршiлiк ету ортасы факторларының адамға зиянды ықпалы жоқ кездегi жай-күйi; 3) зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi белгілі бiр жағдайда жұмыс iстеушiнің еңбекке қабiлеттілiгiнің кәсiби тұрғыда, уақытша немесе тұрақты түрде төмендеуiн тудыруы, соматикалық және жұқпалы аурулардың жиiлiгiн арттыруы, денсаулығының бұзылуына әкелуi мүмкiн ортаның және еңбек процесiнiң факторы; 4) адамға зиянды әсер - тiршiлiк ету ортасының адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн әсерi; 5) гигиеналық норматив - тiршiлiк ету ортасының белгiлi бiр факторын адам үшiн қауiпсiздiгi және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштiң зерттеулер арқылы белгiленген шектi мөлшердегi ең көп немесе ең аз сандық және (немесе) сапалық мәнi; 6) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын сақтау мен тiршiлiк ету ортасын қорғау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу жөніндегі қызметi; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелері бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган; 7) дезинфекция, дезинсекция және дератизация - өндiрiстiк, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың үй-жайларында және аумақтарда жүйелi түрде жүргiзiлетiн, жұқпалы және паразиттiк аурулардың қоздырғыштарын, тұрмыстағы жәндiктер мен кеміргiштердi жоюға бағытталған шаралар кешенi; 8) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызмет көрсету - дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдары мен препараттарын дайындауға, өндiруге, өңдеуге және көтерме саудада сатуға байланысты қызмет, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсету түрлерi; 9) халықтың декреттелген тобы - қызмет көрсету саласында жұмыс iстейтiн, айналасындағы адамдарға жұқпалы және паразиттiк аурулар жұқтыру қаупiн көбiрек төндiретiн адамдар; 10) жұқпалы және паразиттiк аурулар - тiршiлiк ету ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуi себептi туындайтын және таралатын адам аурулары; 11) жеке медициналық кiтапша - мiндеттi медициналық қараулардың нәтижелерi енгiзiлетiн, халықтың декреттелген тобының өкiлiне берiлетiн жеке құжат; 12) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектiлерi - жеке және заңды тұлғалар, қызметi, қолданылуы мен пайдалануға берiлуi адам денсаулығының жай-күйiне және қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн ғимараттар, құрылыстар, өнiмдер және өзге де объектiлер; 13) шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин - жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған және шаруашылық пен өзге де қызметтің ерекше режимiн көздейтiн шаралар; 14) улану - тiршiлiк ету ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының қатты немесе созылмалы әсер етуi кезiнде туындайтын адам аурулары; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды 14-1) тәуекелді бағалау - жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштар мен жұқтырғыштардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ қолданылуы мүмкін санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) шараларды және осыларға байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарды есепке ала отырып, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүргізетін, химиялық, микробиологиялық, радиологиялық ластануға байланысты халықтың денсаулығына қауіп төндіретін тауарларды өндіру мен әкелуге ғылыми негізделген баға беру; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 15) мерзiмдi медициналық қарау - денсаулықтың жай-күйiн ширақ қадағалауды қамтамасыз ету, аурудың бастапқы белгiлерiн дер кезiнде анықтау, жалпы, кәсiби, жұқпалы және паразиттiк аурулардың алдын алу және оларды таратпау мақсатында, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген мерзiмде жүргiзiлетiн халықтың денсаулығын қарау; 16) қауіптілігi ықтимал химиялық және биологиялық заттар - белгiлi бiр жағдайларда және белгiлi бiр шоғырлануы адамның немесе адамдардың келешек ұрпақтарына зиянды әсерiн тигiзуi мүмкiн, қолданылуы мен пайдаланылуы санитарлық ережелермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетiн заттар; 17) алдын ала медициналық қарау - жұмысқа алынатын және оқуға түсетiн адамдар денсаулығының жай-күйiн анықтау, жазатайым оқиғалардың, жалпы, кәсiби, жұқпалы және паразиттiк аурулардың алдын алу және оларды таратпау мақсатында қарау; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 18) халықтың денсаулығына қауiп төндiретiн өнiм - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгiлеген, оларды қолдану немесе пайдалану кезiнде адамның денсаулығына зиянды әсер етуi мүмкiн өнiмнiң түрлерi; 19) азық-түлiк шикiзаты - тамақ өнiмдерiн дайындау үшiн пайдаланылатын, өсiмдiктен, жануардан алынатын, микробиологиялық, минералды және жасанды түрдегi шикiзат; 20) санитарлық паспорт - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектiнің, көлiк құралының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкестiгiн растайтын және оларды пайдалануға немесе қолдануға құқық беретiн құжат; 21) санитарлық-эпидемиологиялық нормалау - санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң санитарлық-гигиеналық және iндетке қарсы ережелер мен нормативтердi әзiрлеу, жүйелеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызметi; 22) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрi санитарлық ережелер) - сақталмауы адам өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн, сондай-ақ аурулардың пайда болу және таралу қаупiн туғызатын, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (соның iшiнде тiршiлiк ету ортасы факторларының адам үшiн қауіпсiздiк және (немесе) зиянсыздық белгiлерiн) белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер; 23) санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар - тiршiлiк ету ортасы факторларының адамға зиянды әсерiн жоюға немесе азайтуға, жұқпалы, паразиттiк аурулардың пайда болуына және таралуына, жаппай улануды болдырмауға және оларды жоюға бағытталған шаралар; 24) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы - тiршiлiк ету ортасының адамға зиянды әсер ету факторлары жоқ және оның тiршiлiк етуiне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етiлетiн кездегi халық денсаулығының жай-күйi; 25) санитарлық-эпидемиологиялық жағдай - белгiлi бiр уақытта белгiлi бiр аумақтағы халықтың денсаулығы мен тiршiлiк ету ортасының жай-күйi; 26) санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды - жобалық құжаттаманың, тiршiлiк ету ортасы факторларының, шаруашылық және өзге де қызметтiң, өнiмдердiң, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн (сәйкес еместiгiн) куәландыратын құжат; 27) санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг - халық денсаулығы мен тiршiлiк ету ортасының жай-күйiн қадағалаудың, оларды талдаудың, бағалау мен болжаудың, сондай-ақ халық денсаулығының жай-күйi мен тiршiлiк ету ортасы факторларының әсерi арасындағы себеп-салдарлық байланысты айқындаудың мемлекеттік жүйесi; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 28) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама - органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және басқа да зерттеулер мен физикалық факторлар өлшемдері кешені, сондай-ақ өнімдер жобаларының, жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен шаруашылық және өзге қызмет объектілерінің санитарлық ережелерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатында жобаларды сараптау; 29) санитарлық-карантиндiк бақылау - ел аумағына жұқпалы және паразиттiк ауруларды, сондай-ақ адам денсаулығына қауiптілігi ықтимал заттар мен өнiмдi кiргiзуге жол бермеу мақсатында өткiзiлетiн, адамдар мен жүктердiң мемлекеттік шекара арқылы өтуiн бақылау; 30) әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг - халық денсаулығының жай-күйi мен қоршаған орта объектiлерiн бақылаудың, олардың арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтаудың, оларды бағалау мен болжаудың мемлекеттік жүйесi; 31) адамның тiршiлiк ету ортасы (бұдан әрi - тiршiлiк ету ортасы) - табиғи, антропогендiк және әлеуметтiк факторлардың, адамның тiршiлiк ету жағдайын белгiлейтiн ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 32) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызмет сапасын бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 33) тiршiлiк ету ортасының факторлары - тiршілік ету ортасының адамға және (немесе) келешек ұрпақ денсаулығының жай-күйiне әсер ететiн немесе әсер ете алатын биологиялық, химиялық, физикалық, әлеуметтiк және өзге де факторлары; 34) iндет - жұқпалы аурулардың әдетте тiркелетiн науқастану деңгейiнен айтарлықтай жоғары жаппай таралуы; 35) эпидемиологиялық маңызды объектiлер - шығаратын өнiмi және (немесе) қызметi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылған жағдайда халық арасында тамақтан уланулардың және жұқпалы аурулар таралуының пайда болуына әкеп соғуы мүмкiн объектiлер. 2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдары 1. Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудің мiндеттерi мен принциптерi Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң мiндеттерi мен принциптерi: 1) азаматтардың денсаулығын сақтауға, тiршiлiк етудiң қолайлы жағдайларына және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа құқықтары мен мiндеттерiн iске асыру; 2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің профилактикалық сипаты, тiршiлiк ету ортасы факторларының халық денсаулығына зиянды әсер етуiнiң алдын алу; 3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жариялылық; 4) санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларды орындау және лауазымды, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдарын мiндеттi түрде сақтауы; 5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ететiн iс-шаралардың ғылыми-практикалық негiздiлiгi; 6) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк; 7) жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдарын бұзуы салдарынан адамның немесе бiр топ адамдардың денсаулығына келтiрген залалын өтеу мiндеттiлiгi болып табылады. 2-тарау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік реттеу 4-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесi Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметi мемлекеттік органдар, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары кiретiн бiртұтас жүйе болып табылады. 1. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына: 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, оның Мемлекеттік шекарадағы және көлiктегi аумақтық бөлiмшелерi; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары; 3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлiмшелерi жатады. 2. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметке кiретiн ұйымдар: 1) республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) Мемлекеттік шекарада, аумақтарда, көлiкте санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының қатысуымен ресми iс-шаралар өткізу кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын, мемлекеттік ұйым; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары; 4) обаға қарсы мемлекеттік мекемелер болып табылады. 5-бап. Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiн қаржыландыру 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ және 1) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi қаржыландыру: 1) бюджет қаражаты; 2) жеке және заңды тұлғалармен жасасқан шарттар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының жұмыстар мен қызметтер орындағаны үшiн түсетiн қаражаттар; 3) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдықтары; 4) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады. 2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын айқындайды; 2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі қызметiне басшылықты жүзеге асырады; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелiнуiне және таралуына санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асырудың және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық қорғауды қамтамасыз етудің тәртібін белгiлейдi; 4) Қазақстан Республикасының аумағында iндет пайда болған кезде халықтың өмiр сүруiнiң және шаруашылық қызметiн жүргiзудiң ерекше жағдайлары мен режимдерiн белгiлейдi; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бағдарламаларды әзiрлейдi; 6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi; 7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды 8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды 9) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ шаруашылық қызметтеріне арналған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салу, сондай-ақ өндіру, қолдану және тарату тәртібін айқындайды; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды 10) оларға қарсы алдын ала егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу тәртібін, мерзімдерін және жоспарлы егілуге жатқызылатын халықтың топтарын айқындайды; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды 11) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін белгілейді; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды 12) пайда болу және таралу қаупі туындаған кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін жұқпалы аурулардың тізбесін белгілейді.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыретi Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган: 1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу (тоқтату) туралы ұсыныс енгізеді; 3) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі шараларды айқындайды; 4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану тәртібін айқындайды; 6) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қызметін регламенттейтін санитарлық ережелерді және нормативтік құқықтық актілерді бекітеді; 7) жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен улануларды тіркеу, есепке алу тәртібін, сондай-ақ олар бойынша есептілік жүргізу тәртібін белгілейді; 8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы есепке алу, есептілік тәртібін және құжаттамалар нысанын белгілейді; 9) халықтың декреттелген топтарын жұмысқа тұру және жұмысқа жіберу кезінде міндетті алдын ала медициналық тексеру тәртібін және оларды өткізу кезеңділігін белгілейді; 10) алдын ала және мерзімді медициналық тексеріп-қарау міндетті болатын зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін белгілейді; 11) медициналық құжаттарды беру, есепке алу және жүргізу тәртібін айқындайды; 12) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді; 13) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібін бекітеді; 14) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларының санитарлық ережелерге сәйкестігіне және тиісті құжат бере отырып, тәуекелді бағалауды жүзеге асыру құқығына аттестаттаудан өткізу тәртібін белгілейді; 15) санитарлық паспорт беру, оны есепке алу және жүргізу тәртібін айқындайды; 16) актілер, хаттамалар, қаулылар, нұсқамалар нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін бекітеді; 17) адамдардың жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулармен науқастану және улану жағдайларын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тексеруінің тәртібін белгілейді; 18) балалар тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық түрлендірілген көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібін белгілейді.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды 7-1-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыретi Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган: 1) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады; 2) жұқпалы, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; 3) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егудің ұйымдастырылуы мен жүргізілуіне бақылау жүргізеді; 4) тамақтан улану, жұқпалы, паразиттік және басқа да аурулар, оның ішінде этиологиясы белгісіз аурулар кезінде өз құзыреті шегінде санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және жүзеге асырады; 5) өз құзыреті шегінде жобалардың мемлекеттік сараптамасына қатысады; 6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын шешімдер қабылдайды; 7) мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметін үйлестіреді; 8) осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының басшыларына өз қаулысымен тәртіптік жаза қолданады; 9) мемлекеттік органдардың қарауына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөнінде ұсыныстар енгізеді; 10) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларын іске асыру жөнінде салааралық үйлестіруді, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара ic-қимылды жүзеге асырады; 11) гигиеналық нормативтерді және мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметін регламенттейтін құқықтық актілерді бекітеді; 12) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерін тексерудің дүркіндігін белгілейді; 13) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар береді; 14) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен бағдарламаларды Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасына сәйкес келтіру туралы талап қояды; |