Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2008.12.11. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 21 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 829 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда: «Самұрық» холдингі» АҚ-ты басқару мәселелері» деген 4-бөлімде: үшінші абзацта: «басшыларының орынбасарлары», «атқарушы директоры» деген сөздер «бірінші басшылары», «басқарма төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қаржы» деген сөзден кейін «, Энергетика және минералдық ресурстар» деген сөздермен толықтырылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара) 3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда: «Қазына» АҚ-ты басқару мәселелері» деген 5-бөлімде: үшінші абзацта: «басшыларының орынбасарлары» деген сөздер «бірінші басшылары», деген сөздермен ауыстырылсын; «Индустрия және сауда» деген сөздерден кейін «, Қаржы» деген сөзбен толықтырылсын. 4. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара) 5. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» «ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда: «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны басқару мәселелері» деген 5-бөлімде: үшінші абзацтағы «(бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебемен) өкілдері» деген сөздер «бірінші басшылары» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысында: «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамында: мына:
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысында: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ережеде: «Кеңестердің қызметін ұйымдастыру» деген 4-бөлімде: 7-тармақта «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздерден кейін «немесе оның орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
мына:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Дошаев Ерген Николайұлы шығарылсын; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:
енгізілсін; көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы шығарылсын; 4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
мына:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мусин Аслан Есболайұлы, Айтжанов Дулат Нулиұлы шығарылсын; 5) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:
енгізілсін; көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы шығарылсын; 6) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Рау Альберт Павлович шығарылсын. 8. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 375 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Самғау» холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда: «Самғау» холдингі» АҚ-ның басқару мәселелері» деген 5-бөлімде: төртінші абзацтағы «өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар)» деген сөздер «бірінші басшылары» деген сөздермен ауыстырылсын. 9. «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 455 қаулысында: «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамында: мына:
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
|