Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы Қазақстан (2007.16.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 3 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 1999 жылдың 1 қарашасынан бастап қосымшаға сәйкес алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгіленсін. ҚР Үкіметінің 2007.16.03. № 201 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына қосымша ҚР Үкіметінің 08.11.00 ж. № 1683 ; 2007.16.03. № 201 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) қаулыларымен қ осымша өзгертілді Алкоголь өніміне арналған ең төменгі бағалар
|