|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысына толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 259 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 192-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесінде: 6-тармақтың бірінші абзацы «туралы шешімді» деген сөздерден кейін «өтініш беруші осы ереженің 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |