Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн бейбiт уақытта пайдалану
Осы редакция 2008 жылғы 18 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берілiп отырған Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн бейбiт уақытта пайдалану ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 256 қаулысымен бекітілген
Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерiн бейбiт уақытта пайдалану ЕРЕЖЕСI 1. Осы Ереже Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн бейбiт уақытта төтенше жағдайлардың қаупi төнген және туындаған кезде республиканың халқын, шаруашылық жүргiзу объектiлерiн және аумақтарын қорғауда пайдалану, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы тиiстi келісімдер жасасқан шет мемлекеттердiң аумақтарында төтенше жағдайлар болған кезде құтқару жұмыстарына қатысу тәртібін белгiлейдi. 2. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн бейбiт уақытта пайдалану Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін: 1) құтқару жұмыстарын жүргiзуге жеке құрамды жан-жақты дайындау мен аттестаттауды ұйымдастыру; 2) iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу және зардап шеккен халықтың тыныс-тiршілігін қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсету; 3) төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған iс-шараларға қатысу; 4) Қазақстан Республикасы тиiстi келісімдер жасасқан шет мемлекеттердің аумақтарында төтенше жағдайлар болған кезде құтқару жұмыстарына қатысу; 5) iзгілік көмек ретiнде төтенше жағдайлар аймақтарына әкелiнетiн жүктердi бiрге алып жүру және күзету; 6) жұмылдыруды өрiстетуге дайындық және жауынгерлiк даярлықтың жоғары дәрежесiне келтiру жөніндегi iс-шараларды жүзеге асыру; 7) бейбiт және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн өрiстетуге және құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арналған қару-жарақты, техниканы, басқа да материалдық-техникалық құралдарды жинақтау, сақтау және дер кезiнде жаңартып отыру үшiн тарту болып табылады. 3. Құтқару жұмыстарын жүргiзуге жеке құрамды жан-жақты дайындау мен аттестаттауды ұйымдастыру, жұмылдыруды өрiстетуге дайындық және жауынгерлiк даярлықтың жоғары дәрежесiне келтiру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру, бейбiт уақытта Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн өрiстетуге және құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арналған қару-жарақты, техниканы, басқа да материалдық-техникалық құралдарды жинақтау, сақтау және дер кезiнде жаңартып отыру жөніндегі мiндеттердi орындауды Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы басшысының бұйрықтары және жауынгерлiк даярлық жоспарлары негiзiнде Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi тұрақты жүзеге асырады. 4. Іздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу, зардап шеккен халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсету барысында Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi: 1) төтенше жағдайлар аймақтарынан және құтқару жұмыстарын жүргiзу объектілерiнен зардап шеккендердi iздестiрудi; 2) зардап шеккендердi қоршаудан шығаруды және оларды қоршау орнынан көшiрудi; 3) зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудi; 4) зардап шеккен халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудi ұйымдастыруды; 5) төтенше жағдайлар аймақтарынан көшiрілген, зардап шеккен халыққа (болуы ықтимал босқындарға) лагерьлер құруды; 6) арнайы және қосымша жұмыстарды орындауды: үйiндiлерде өтетiн жолдарды (өткелдердi) салу; коммуналдық-энергетикалық жүйелердегi аварияларды оқшаулау; ғимараттар құрастырмаларын және құлағалы тұрған және қауіпсiз жұмыс жүргiзуге кедергi келтiретiн үйiндi бөлiктерiн құлатып түсiрудi және бекіту; қираған ғимараттардың үйiндiлеріндегі өрттердi сөндiру; жұмыс орындары мен алаңдарын жарықтандыру; қауiптi аймақтарды, жұмыс орындары мен алаңдарды қоршау; арнаулы және қосымша жұмыстарды орындау құтқару жұмыстарын жүргiзу технологиясына сәйкес жүзеге асырылады; 7) зардаптарды жою, төтенше жағдайлар аймақтарын оқшаулауды жүзеге асырады. 5. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi төтенше жағдайлардың алдында бағытталған iс-шараларға қатыса отырып: 1) төтенше жағдайлар туындаған жағдайда залал мен материалдық шығындарды азайтуды қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзудi; 2) жергілiктi атқарушы органдарға болуы мүмкiн төтенше жағдайларға республика халқын, шаруашылық жүргiзушi объектiлерi мен аумақтарын дайындауға бағытталған iс-шараларды жүргiзуге көмек көрсетудi; 3) Азаматтық қорғаныстың бiрлескен жедел-құтқару жасақтарының, құрамалары мен қызметтерінің iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзуге құтқарушылардың даярлығын жетiлдiру жөнiндегі оқу-жаттығу жаттығулар, далаларға шығу және сабақтар өткiзуiн ұйымдастыруды, жүргiзудi және қамтамасыз етудi жүзеге асырады. 6. Азаматтық қорғаныс әскери бөлiмдерiмен халықаралық келісім-шарттармен белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы тиiстi келісімдер жасасқан шет мемлекеттердiң аумақтарында төтенше жағдайлар болған кезде құтқару жұмыстарына қатысуды жүзеге асырады. 7. Iзгілік көмек ретiнде төтенше жағдайлар аймағына тасылатын жүктерге iлесе жүрудi және күзетуді Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi қызметiнің гарнизондық және қарауылдық жарғысының талаптарына сәйкес жүзеге асырады. 8. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн бейбiт уақытта пайдалану туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының басшысы қабылдайды. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн бейбiт уақытта пайдалану туралы шешімдi қабылдау кезiнде Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерiне басшылықты жүзеге асыратын лауазымды адам анықталады. 9. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн пайдалану туралы шешім негiзінде әскери бөлімнің командирi бұйрық шығарады, онда алға қойылған міндеттердің орындау үшiн тартылатын күштер мен құралдардың санын және оларды орындау тәртібін анықтайды, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған iс-шараларды орындау кезіндегі күн тәртібін белгiлейдi. 10. Азаматтық қорғаныс әскери бөлiмдерінің құтқару жұмыстарын жүргiзу кезіндегі жұмыс режимiн және жұмыс уақытының ұзақтығын төтенше жағдайларды жою басшысы оның сипаты мен жұмыстардың жүргiзiлу ерекшелiктерiн ескере отырып белгілейдi.
|