Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 және
Осы редакция 2008 жылғы 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы № 378 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 145-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiң-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiнде: ескертудiң екiншi абзацы "әкелiнетiн тауарлардың мақсатты пайдаланылатыны туралы мiндеттеме кеден органына тапсырылады." деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл ретте бұл тауарларды мақсаты бойынша пайдаланатын өзге тұлғаларға осы тауарларды одан әрi сату мақсатты пайдалануға жатпайды."; 2) "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 4, 24-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесінде: 5-тармақтың екiншi абзацындағы "осы Ережеге 2-қосымшада белгiленген нысан бойынша жасалған мiндеттеме ұсынылады." деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл ретте бұл тауарларды мақсаты бойынша пайдаланатын өзге тұлғаларға осы тауарларды одан әрi сату мақсатты пайдалануға жатпайды."; мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: "8-1. Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген негiзгi құралдар импорты кезiнде мынадай құжаттар ұсынылады: 1) лизинг мәнiн сатушы мен лизинг берушi арасында жасалған шарттың көшiрмесi және лизинг берушi мен лизинг алушы арасында жасалған шарттың көшiрмесi не лизинг мәнiн сатушы, лизинг берушi мен лизинг алушы арасында жасалған үш жақты шарттың көшiрмесi; 2) қаржы лизингiнiң шартына сiлтемесi бар көлiктiк және/немесе тауардың iлеспе құжаттары; 3) егер лизинг берушi банк немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болған жағдайда - лизинг қызметiн жүзеге асыруға арналған қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган берген лицензияның көшiрмесi; 4) осы Ережеге 4-қосымшада белгiленген нысандағы толтырылатын қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген негiзгi құралдарды мақсатты пайдалану туралы мiндеттеме."; 9-тармақтағы "және 8" деген сөздер ", 8 және 8-1" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген Ережеге 1, 2 және 3-қосымшалардағы "кеден басқармасының (кеденнiң) бастығына" деген сөздер "Кедендiк бақылау департаментiнiң (кеденнiң) бастығына" деген сөздермен ауыстырылсын; осы қаулыға қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми түрде жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 488 қаулысына қосымша 4-қосымша Кедендiк бақылау департаментiнiң (кеденнiң) бастығына ________________________________ ________________________________ Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында әкелiнген негiзгi құралдарды мақсатты пайдалану туралы мiндеттеме Мен, _________________________________________________________ ____________________________________________________________________ __________________________________________________________________, (атауы, CTH-i, мекен-жайы, банктiк деректемелерi не аты-жөнi және лизинг берушiнiң паспорттық деректерi) қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында негiзгi құралдар ретiнде мыналарды әкелдiм: NN _______________________________ кеден (-дiк) декларация (лар)ға сәйкес ____________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (тауарлардың атауы) Осыған байланысты көрсетiлген тауарларды қатаң түрде олардың мақсатты пайдаланылуына сәйкес пайдалануға мiндеттенемiн. Көрсетiлген тауарларды өзге мақсатта пайдаланған кезде, кезеңдiк рәсiмдеу кезiнде төлемеген __________ теңге мөлшеріндегі салықтар мен өсiмпұлдарды Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуге мiндеттенемiн. Қолы _________/ _________ / Күнi 200__ жылғы "__" ________ Ескерту. Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында әкелiнген негiзгi құралдарды салықтар мен өсiмпұлдарды төлемей өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, тиiстi сома Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес жауаптылық шаралары қолданыла отырып өндiрiп алынатын болады. |