|
|
|
Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар туралы
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийі құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы № 475 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 254-құжат): 2-тармақтың 2) тармақшасындағы «жүзеге асыру» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийін өткізу қызметін жүзеге асыру»; 2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы». 4. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1114 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 525-құжат) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |