|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1292 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып), қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелері, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1292 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 48, 594-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: атауындағы және 1-тармақтағы «рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып),» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып), қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелерінде, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарда: атауындағы «рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып),» деген сөздер алынып тасталсын; 1 және 5-тармақтар алынып тасталсын; 2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнаулы сауда алаңы ретінде анықталған қор биржасы;»; 3-тармақ мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын: «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» акционерлік қоғамы.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |