Кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру актісінің нысанын бекіту туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 142 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса берілген кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру актісі бекітілсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді. 3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова): 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны кредиттік бюроларға, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін. 4. Агенттік Төрайымының қызметі (А. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігі Төраға Қ.Б. Есекеев ___________________________ (қолы, күні, елтаңбалық мөр)
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 184 қаулысымен Бекітілді
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|