|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: Бюджет түсімдерінің сыныптамасында: 4 «Трансферттердің түсімдері» санатында: 04 «Ұлттық қордан трансферттер» сыныбында: 1 «Күрделі нысаналы трансферттер» кіші сыныбы мынадай мазмұндағы 03 ерекшелікпен толықтырылсын: «03 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферт»; Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында: 03 «Мамандандырылған медициналық көмек» кіші функциясында: 226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 028 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы мынадай мазмұндағы 107 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «107 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне гемофилиямен ауыратын ересек адамдарды емдеу кезінде қанның ұюы факторларын сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер»; 253 «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 026 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: «026 Гемофилиямен ауыратын ересек адамдарды емдеу кезінде қанның ұюы факторларымен қамтамасыз ету»; «011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен»; «015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»; 353 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша бюджеттік бағдарлама мынадай мазмұндағы 011 және 015 кіші бағдарламалары бар 026 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: «026 Гемофилиямен ауыратын ересек адамдарды емдеу кезінде қанның ұюы факторлармен қамтамасыз ету»; «011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен»; «015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»; 06 «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобында: 09 «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер» кіші функциясында: 213 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 053 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: «053 «Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»; 08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпаратты кеңістік» функционалдық тобында: 09 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер» кіші функциясында: 205 «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 001 «Туризм және спорт саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша мынадай мазмұндағы 002 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: «002 Аумақтық органдардың аппараттары»; мынадай мазмұндағы 021 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: 021 «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын дамыту»; 09 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында: 01 «Отын және энергетика» кіші функциясында: 231 «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 053 «Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салуға «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-на кредиттік ресурстар беру» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын: 053 «Атырау облысында бірінші біріктірілген газ-химия кешенін салуға «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-на кредиттік ресурстар беру»; 13 «Басқалар» функционалдық тобында: 09 «Басқалар» кіші функциясында: 104 «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 019 «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын: «019 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайту»; 217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 041 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: 041 «Стресті активтер қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту»; 220 «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 025 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: 025 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»; 233 «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша: 060 «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын дамыту» бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын; 602 «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 004 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: 004 «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығын құру». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |