“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” (2008.24.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2009 жылғы 26 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1514 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 372 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi № 833 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат): 1) кірiспе "Заңына" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығына" деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақта "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетi жекелеген негiздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесінде: 2-тармақта "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкiлеттi орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшаның бiрiншi абзацында "сауда ұйымдары арқылы" деген сөздердiң алдынан "комиссия шартының негiзiнде" деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшада: бiрiншi абзацта "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген сөздер "уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi абзацта "Мүлiктi" деген сөзден кейін "сауда ұйымдары арқылы" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын: "15-1. Аукцион ұйымдастырушыны таңдау аукциондарды ұйымдастыру және өткізу жөнiндегі қызметтердi мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Мүліктi сатуға байланысты туындаған аукцион ұйымдастырушысымен қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және осы Ережеге сәйкес реттеледi. Мүлiктi сату жөніндегі аукциондар мынадай тәртiптi сақтай отырып өткiзiледi: 1) уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган жасалған шартқа сәйкес аукцион ұйымдастырушыға атауы, саны, бастапқы бағасы, орналасқан жерi қамтылған Мүлiктiң тiзбесiн бередi, сондай-ақ аукционды өткізу әдiсiн анықтайды; 2) аукцион ұйымдастырушы белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған республикалық немесе жергілiктi мерзiмдi баспа басылымдарында жариялануы тиiс аукционда сату үшiн ұсынылып отырған Мүлiк туралы ақпараттық хабарламаны аукцион өткізу хабарланған күнге дейiн он күннен кешiктiрмей жасайды; 3) ақпараттық хабарламада мынадай мәлiметтер болуы қажет: аукцион өткiзiлетiн күн, уақыт және орын; аукцион өткізудiң әдiсi; Мүлiк туралы қысқаша мәлiметтер, оның бастапқы бағасы; кепiл жарналарының мөлшерi және оны енгізу тәртібі; аукциондарға қатысуға өтiнiмдердi қабылдау орны, уақыты және мерзiмi; 4) аукцион ұйымдастырушы ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн уәкiлеттi органды немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген органды аукционды өткізу күнi, уақыты және орны туралы хабардар етедi; 5) аукционға уәкiлеттi органның, коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген органның қызметкерлерi және мүлiктi аукцион өткiзiлетiн мемлекеттiң меншiгiне айналдыру туралы шешiм шығарған судьялар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi және жақын туысқандары (ата-аналары, жұбайлары, туған аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, балалары немесе жекжаттары - жұбайларының туған аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, ата-аналары мен балалары) қатыса алмайды; 6) Мүлiктің бастапқы бағасының бес пайызы мөлшерiнде кепiл жарна енгізген және осы Ережемен белгiленген тәртiппен аукционның ұйымдастырушысы тiркеген жеке және заңды тұлғалар аукционға қатысуға жiберiледi; 7) кепiл жарнасын енгізу аукционға қатысушының мынадай: аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою; аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес Мүлiктi сатып алу-сату шартын жасасу мiндеттемелерiн қамтамасыз етедi; 8) аукционға қатысушы ретiнде тiркелу үшiн: аукционға қатысуға өтiнiм; қатысушының жеке басын куәландыратын құжат; кепiл жарна енгiзгенiн растайтын төлем құжатын; өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжатты; заңды тұлғалар үшiн заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы жарғы мен куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмелерiн; шетелдiк заңды тұлғалар үшiн мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармасымен құрылтай құжаттарын беру қажет; 9) аукционға қатысуға өтiнiмдердi қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап қабылданады және аукционды өткiзгенге дейiн бiр сағат бұрын аяқталады; 10) аукцион оларды өткізу ережесін, сату затының қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдiсiн, бастапқы бағасын, бағаны өзгерту қадамын жариялаудан басталады; 11) егер аукционға кемiнде екi қатысушы қатысып, олардың бiрi сауда-саттыққа қойылған Мүлiктi сатып алса, ол өткiзiлген болып саналады; 12) Мүлiкке неғұрлым көп баға ұсынған аукционға қатысушы жеңiмпаз болып жарияланады; 13) өткізілген аукционның нәтижелерi бойынша аукционды ұйымдастырушы сатып алушы, Мүлiктiң атауы, оның бастапқы құны және сату бағасы туралы мәлiметтерді көрсете отырып, аукционның нәтижелерi туралы хаттама жасайды, оған аукцион жеңiмпазының, аукционды ұйымдастырушының және уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның өкiлдерi, сондай-ақ аукционның басқа да қатысушылары қол қояды. Аукционның нәтижелерi туралы хаттама оған қол қойған тараптардың саны бойынша жасалады және сауда-саттық аяқталғаннан кейiн олардың әрқайсысына бiр-бiр данадан тапсырылады; 14) аукционның нәтижелерi туралы хаттама Мүлiктiң сатып алу-сату шартын жасасу үшiн аукционның жеңiмпазына негiздеме болып табылады; 15) Мүлiктi сатып алу-сату шарты уәкiлетті органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның, аукционның жеңiмпазы мен ұйымдастырушысы арасында аукционды өткiзгеннен кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша нысанда жасалады; 16) өткiзiлген аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан және/немесе Мүлiктi сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан аукционның жеңiмпазы осы Мүлiк бойынша өткiзiлетiн аукциондарға одан әрi қатысу құқығынан айрылады, кепiлдiк жарнасы оған қайтарылмайды, ал сатып алушы бас тартқан аукционның заты сауда-саттыққа қайтадан қойылады; Кепiлдiк жарнасы сондай-ақ мынадай: аукционға қатысудан оны өткiзгенге дейiн бiр сағат бұрын бас тартқан; нәтижелерiмен негiзсiз келiспеген аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан қатысушы бас тартқан жағдайларда қайтарылмайды; 17) аукционның қандай да бiр затын сатып алған тұлғаларға кепiлдiк жарнасының сомасы төленген сатып алу бағасының шотына есептеледi, ал аукционға қатысқан, бiрақ одан ештеңе сатып алмаған тұлғаларға кепiлдiк жарнасының сомасы қайтарылады; 18) бiрiншi аукцион өткізілмеген болып жарияланған жағдайда, аукционды ұйымдастырушы бiрiншi аукцион өткiзiлмеген болып жарияланғаннан кейін кемiнде 10 күн өткен соң осы тармақта белгiленген оны өткізу рәсiмдерiн сақтай отырып, сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша келесісін өткiзе алады. Сауда-саттықтың голланд әдiсi бойынша аукционды өткізу кезiнде Мүлiктiң құны оны жарияланған баға бойынша қатысушылардың бiрi сатып алуға келiскен сәтке дейiн жарияланған қадаммен төмендетiледi, ол комиссия белгiлеген ең аз бағадан төмен болмауы тиiс; 19) сауда-саттық кезiнде бағаның арту немесе төмендеу қадамы бастапқы бағасының үштен бес пайызына дейiнгi шекте белгіленедi."; 25-тармақта "санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу экономикалық жағынан тиiмдi емес тауарлардың азғантай партияларын және" деген сөздер "тасымалдауға, сақтауға, сатуға, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындар олардың бағалау құнынан асып түсетiн тауарлардың азғантай партияларын және өзге де Мүлiктi" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: II-бөлiмде "Шығындар": 01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету" функционалдық тобында: "68 695 586" деген сандар "68 613 005" деген сандармен ауыстырылсын; 02 "Қаржылық қызмет" кiшi функциясында: "28 844 578" деген сандар "28 761 997" деген сандармен ауыстырылсын; 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкiмшiсi бойынша: "28 652 008" деген сандар "28 569 427" деген сандармен ауыстырылсын; 005 "Жекелеген негiздемелер бойынша республикалық меншiкке түскен мүлiктi бағалау, сақтау және сату 82 581" бағдарламасы алынып тасталсын; 03 "Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi" функционалдық тобында: "111 689 861" деген сандар "111 772 442" деген сандармен ауыстырылсын; 03 "Сот қызметі" кiшi функциясында: "8 709 946" деген сандар "8 792 527" деген сандармен ауыстырылсын; 501 "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" әкiмшiсi бойынша: "8 709 946" деген сандар "8 792 527" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 005 бағдарламамен толықтырылсын: "005 Жекелеген негiздемелер бойынша республикалық меншiкке түскен мүлiктi бағалау, сақтау және сату 82 581". 4. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысында: 1-тармақта: он бесiншi абзацта "170" деген сандар алынып тасталсын; жиырма бесінші абзац "355," деген сандардан кейiн "355-1" деген сандармен толықтырылсын; көрсетiлген қаулыға 170-қосымша алынып тасталсын; осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетiлген қаулыға 355-1-қосымшамен толықтырылсын. 5. "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету" функционалдық тобында: 2 "Қаржылық қызмет" функционалдық кіші тобында: 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi бойынша: 005 "Жекелеген негiздемелер бойынша республикалық меншікке түскен мүлiктi бағалау, сақтау және сату" бағдарламасы алынып тасталсын; 03 "Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi" функционалдық тобында: 3 "Сот қызметі" функционалдық кiшi тобында: 501 "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты" бюджеттік бағдарламасының әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 005 бағдарламамен толықтырылсын: "005 Жекелеген негiздемелер бойынша республикалық меншiкке түскен мүлiктi бағалау, сақтау және сату".
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 372 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы 1354 қаулысына 355-1-ҚОСЫМША
501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
005 "Жекелеген негiздер бойынша республикалық меншікке түскен мүлiктi бағалау, сақтау және сатуды жүргізу" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2005 жылға арналған ПАСПОРТЫ
1. Құны: 82 581 мың теңге (сексен екі миллион бес жүз сексен бiр мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi № 833 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi сатудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке түскен мүлікті сақтауға, тасымалдауға, бағалауға, сертификаттау және санитарлық-эпидемиологиялық сараптау жүргізуге, жөнелтуге, сатуға, жоюға және одан әрі пайдалануға байланысты қызметтерге уәкілетті органның ақы төлеуі. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке түскен мүлiктi сатудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуi. |