Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын (2007.25.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 26 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының жол қозғалысы саласындағы нормативтiк құқықтық актілерін Жол қозғалысы туралы халықаралық конвенцияның талаптарына сәйкес келтiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бөлiмнiң 92-бабын және "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 12-бабын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап мыналар бекітілсiн және қолданысқа енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерi (1-қосымша); Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөніндегі негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерi (2-қосымша); Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесi (3-қосымша). 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөніндегі негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн басып шығару (қайта басып шығару) жөнiнде тапсырыс орналастыру құқығы берiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі 1997 жылғы 15 желтоқсанға дейiн мерзiмде аталған нормативтiк құжаттарды бұқаралық таралыммен басып шығаруды және баспасөзде, радио мен теледидарда олардың талаптарын көрсетудi қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына 1-қосымша ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРI 1. Жалпы ережелер 2. Жүргізушілердің жалпы міндеттері 3. Жаяу жүргiншiлердiң мiндеттерi 4. Жолаушылардың мiндеттерi 5. Бағдаршамның және реттеушiнiң сигналдары 6. Арнаулы сигналдарды қолдану 7. Авариялық сигнал мен авариялық аялдау белгiсiн қолдану 8. Маневр жасау 9. Көлiк құралдарының жүрiс бөлiктерiнде орналасуы 10. Қозғалыс жылдамдығы 11. Басып озу, алда кездескен жол айрығы 12. Аялдама және тұрақ 13. Көше қиылысын өту 14. Жаяу жүргiншiлер өтпесi және маршруттық көлiк құралдарының аялдамалары 15. Теміржол жолдары арқылы қозғалыс 16. Автоарналар бойымен қозғалыс 17. Тұрғын аймақтардағы қозғалыс 18. Маршруттық көлiк құралдарының басымдылығы 19. Сыртқы жарықтандыру приборларын және дыбыстық сигналдарын пайдалану 20. Механикалық көлiк құралдарын сүйрету 21. Үйрену үшiн жүру 22. Жолаушыларды тасу 23. Жүк тасымалдау 24. Велосипедтердiң, мопедтердiң, көлiк арбалардың қозғалысына, сондай-ақ мал айдауға қойылатын қосымша талаптар 1-қосымша. Жол белгілері (10807-78 ГОСТ-ы және 23457-86 ГОСТ-ы бойынша) 2-қосымша. Жол белгiлерi және оның сипаттамалары (13508-74 ГОСТ және 23457-86 ГОСТ бойынша) 2 қосымша. Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөніндегі негiзгi ережелер мен қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерi Қосымша. Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлардың тізбесі 3-қосымша. Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тізбесі
ҚР Үкіметінің 2005.12.10. № 1021 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
1.1. Бұл Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының аумағындағы жол қозғалысының бiрыңғай тәртібін белгiлейдi. Жол қозғалысына қатысты басқа нормативтiк және құқықтық актiлер осы Ереженiң талаптарына негiзделуi және оған қайшы келмеуi тиiс. ҚР Үкіметінің 26.05.99 ж. № 643 ; 2005.12.10. № 1021 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1.2-тармақ өзгертілді 1.2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: автоарна - 5.1. көрсеткiшiмен белгiленген жол; Осында және бұдан былай жол белгiлерi нөмiрленуi 1-қосымшаға сәйкес келтiрiледi. жол қозғалысының қауiпсiздiгi - оған қатысушылар мен мемлекеттiң жол-көлiк уақиғалары мен олардың зардаптарынан қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол қозғалысының жай-күйi; велосипед - мүгедектердiң арбасынан басқа, екi не одан көп дөңгелек бар және үстіндегі адамның дене күшiмен қозғалысқа келтiрiлетiн көлiк құралы; жүргiзушi - көлiк құралын, жүгi бар, салт жануарларды немесе табынды жолмен басқарушы адам. Жүргiзудi үйренушi де жүргiзушiге теңестiрiледi; мәжбүрлi аялдау - оның техникалық ақаулығынан немесе ол әкеле жатқан жүк тудырған қауiптіліктен, жүргiзушiнiң (жолаушының) жай-күйiне, жолда кедергi пайда болуынан көлiк қозғалысының тоқтауы; басты жол - 2.1, 2.3.1-2.3.3. белгiлерiмен белгiленген немесе 5.1. белгiсi бар жолдармен қиылысатын (қосылатын) не болмаса қиыршық тас төселген жолдарға қатысты қатты (асфальтталған, цементтi-бетондалған, тыс материалдар және сол сияқты) жолдар, немесе iргелес аумақтардан шығатын жiңiшке жолдарға қарағанда үлкен кез-келген жол. Екiншi дәрежелi жолда, тiкелей учаске қиылысы алдындағы төселген жол болғанымен, қиылысатын жолмен тең болып саналмайды; жол - көлiк құралының қозғалысына арналып жасалған немесе икемделген және пайдаланылатын жер жолағы және жасанды ғимараттардың үстi. Жол бiр немесе бiрнеше жүру бөлiктерiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиегiн және олар болған кезде бөлу белдеулерiн қамтиды; жол қозғалысы - көлiк құралдарын пайдаланып немесе оларсыз (жаяу жүргiншiлердiң) жолдың бойымен адамдардың немесе жүктердiң орын ауыстырулары кезiнде, сондай-ақ осы орын ауыстыруларды реттеу процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы; жол-көлiк оқиғасы - көлiк құралының жол бойымен қозғалысы кезiнде және оның қатысуы процесiнде туындайтын, адамдар қаза тапқан немесе жарақат алған, көлiк құралдары, ғимараттар, жүктер бүлiнген, не өзге де материалдық зиян келтiрiлген оқиға; теміржол өтпесi - жолдардың темір жолдармен бiр деңгейде қиылысуы. Жолдың учаскесiнiң жақын жердегi рельстен 10 м арақашықтықтағы сызықпен көрсетіліп шектелген учаскесi өтетiн шекарасы болып табылады; жүрiс бөлiгiнiң шетi - таңбалау сызығымен, ол жоқ болғанда, сондай-ақ жүрiс бөлiгiнiң трамвай жолдарымен жол шетiнде жанасатын жерлерде жол төсенiшi өтетiн шартты сызықпен айқындалады. Жол танабының төсенiшiн, оның iшiнде жолдың жағдайына орай, айқындау мүмкiн болмаған кезде жүру бөлiгiнiң шетiн таптаурын жолақтың шетi бойынша жүргiншiлердiң өздерi айқындайды; тұрғын аймақ - 5.38 белгiсiмен белгiленген учаске, құрылыс салынған аумақ немесе массив; маневр жасау - қозғалыстың аялдамадан (тұрақтан) басталуы, аялдау, бұрылу (керi бұрылу), орын ауыстыру, тежеу және көлiк құралының артқы жүрiспен қозғалысы; маршруттық көлiк құралы - жол бойымен жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгiленген аялдама пункттерi (аялдамалары) бар белгiленген маршрутпен қозғалатын жалпы пайдаланудағы көлiк құралы; механикалық көлiк құралы - двигательмен қозғалысқа келтiрiлетiн мопедтен басқа көлiк құралдары. Термин сондай-ақ кез-келген тракторға және өздiгiнен жүретiн машиналарға қолданылады; мопед - жұмыс көлемi 50 см3 аспайтын двигательмен қозғалысқа келетiн екi немесе үш дөңгелектi және ең жоғары конструктивтi жылдамдығы 50 км/сағ. аспайтын көлiк құралы. Мопедтерге аспалы двигателi бар велосипедтер, мокиктер және осындай сипаттағы басқа көлiк құралдары жатады; мотоцикл - екi дөңгелектi бүйiр тiркемесi бар немесе тiркемесiз механикалық көлiк құралы. Жабдықталған күйiнде массасы 400 кг аспайтын үш дөңгелектi көлiк құралы да мотоциклге теңестiрiледi; елдi мекен - оған кiретiн және шығатын жерлерi 5.22 - 5.25 белгiлермен белгiленген, құрылыс салынған аумақ; жеткiлiксiз көрiну - тұман, жаңбыр, шаң, қар жауу және сол сияқты жағдайларда, сондай-ақ қаракөлеңкеде жолдың көрiнуi 300 м кем; басып озу - ең төменгi қауiпсiз ара қашықтықтағы алдында қозғалып келе жатқан көлiк құралынан немесе көлiк құралдары составынан жүрiп келе жатқан жолағына шығумен озып кету; жол жағалауы - жүрiс бөлiгiнiң жиегi (немесе бордюр тасы) мен шетi арасында онымен бiр деңгейдегi грунтты немесе төсенiшпен бекітілген жолақ; қозғалыс үшiн қауiптілік - жол қозғалысындағы, оның қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн және көлiк құралының жылдамдығын және (немесе) маневр жасауын өзгертудi талап ететiн кенеттен болатын өзгерiс; жол қозғалысын ұйымдастыру - жолдарда қозғалысты басқару жөніндегі ұйымдастыру-техникалық шаралары мен реттеу iс-қимылдарының кешенi; ұйымдасқан жаяу жүргiншiлер колоннасы - Ереженiң 3.2-тармағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және белгiленген жол бойымен қозғалатын жаяу жүргiншiлер тобы; ұйымдасқан көлiк колоннасы - жарқылы бар көк түстi немесе көк және қызыл түстi жарқырауықтар iске қосылған бас көлiк құралының бастауымен жарық тұрақты жанып тұрған, бәрi сол бiр қозғалыс бойымен тiкелей бiрiнiң артынан бiрi жүрiп келе жатқан үш немесе одан да көп механикалық көлiк құралдарының тобы; аялдама - көлiк құралының қозғалысын 5 минутқа дейiн, сондай-ақ бұл жолаушыларды мiнгізу немесе түсiру, не көлiк құралына тиеу немесе түсiру үшiн, қажет болса онда да көбiрек уақытқа мақсатты тоқтатуы; Ескертпе. Көлiк құралының қозғалысын жол қозғалысын ұйымдастыруға орайластырып тоқтату қажеттілігi аялдама (тұрақ) болып саналмайды. жолаушы - көлiк құралындағы (үстіндегі) және оны басқармайтын адам; жол қиылысы - жолдардың, тиiсiнше қарама-қарсы, жол қиылысы ортасынан неғұрлым алыстатылған қиылысты белгiленген сызықтармен қосатын бiр деңгейде қиылысу, түйiсу немесе тармақталу орны. Iргелес аумақтардан шығатын жерлер, сондай-ақ, олардың алдынан басымдылық белгiсi қойылмаған далалық, орманды және екiншi дәрежелi жолдармен қиып өту, (түйiсу) орындары жол қиылысы болып саналмайды. қатар ауыстыру - көлiк құралының өзi жүрiп келе жатқан қозғалыс жол жолағын ауыстыруы; жаяу жүргiншi - көлiк құралынан тыс және онда жұмыс жасамайтын жол бойындағы адам. Жаяу жүргiншiге двигателi жоқ мүгедектiң арбасындағы, велосипед, мопед, мотоцикл айдаушы, шана, қол арба, балалар немесе мүгедектер арбасын сүйретушi адамдар жатқызылады; жаяу жүргiншiлер өтпесi - жүру бөлiгiнiң 5.16.1, 5.16.2 белгiлерiмен немесе 1.14.1 - 1.1.14.3 таңбаларымен белгiленген және жау жүргiншiлердiң жолды кесiп өтетiн қозғалысына арнап бөлiнген учаскесi. Жаяу жүргiншi өткелiнiң енi таңбаланбаған жағдайда жол осi бойынша 5.16.1. және 5.16.2. белгiлерiнiң арасымен айқындалады; Осында және бұдан әрi жол белгiлерiнiң нөмiрленуi 2-қосымшаға сәйкес жүргiзiледi. қозғалыс жол жолағы - жүру бөлiгiнiң таңбаланып белгiленген немесе белгiленбеген және автомобильдiң бiр қатарда қозғалуына жетерлiк енi бар кез келген ұзыннан бойы жол жолағы; артықшылық (басымдылық) - белгiленген бағытта басқа да қозғалысқа қатысушылармен салыстырғанда бiрiншi кезектi қозғалысқа арналған құқық; қозғалысқа кедергi - жүру бөлiгiнiң осы жол жолағы бойымен немесе жолдың бүкiл енi бойынша әрi қарай қозғалысты қиындататын немесе мүмкiндiк бермейтiн кез келген материалдық объект; iргелес аумақ - жолға тiкелей тақалып жатқан және көлiк құралдарының өту қозғалысына арналмаған аумақ (аулалар, тұрғын үй массивi, автотұрақтар, автомай құю станциялары, кәсiпорын және сол сияқтылар); тiркеме - двигательмен жабдықталмаған, механикалық көлiк құралының құрамында қозғалуға арналған көлiк құралы. Термин жартылай тiркемеге және жайылма-тiркемеге де қолданылады; жүргiн бөлiк - жолдың рельссiз көлiк құралдарының қозғалысына арналған элементi; бөлу жолағы - жолдың аралас жүру бөлiгiн бөлетiн жолды жаяу жүргiншiнiң елдi мекеннен тыс кесiп өткен кездегi мәжбүрлi аялдаманы қоспағанда, рельссiз көлiк құралдарының және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына және аялдауына арналмаған конструкциялық бөлiнген элементi; рұқсат етiлген ең жоғарғы масса - дайындаушы-кәсiпорынның ең жоғары рұқсат ету ретiнде белгiлеген, көлiк құралының жүкпен, жүргiзушiмен және жолаушылармен тиелген массасы. Көлiк құралдары құрамының, яғни тiркелген және бiртұтас ретiнде қозғалатын рұқсат етiлген ең жоғары масса етiп көлiк құралының құрамға кiретiн ең жоғары рұқсат етiлген массасының жиынтығы қабылданады; реттеушi - жолдағы қозғалысты басқару жөніндегі реттеу iс-әрекеттерiн орындауға уәкiлеттi, тиiстi куәлiгi мен керек-жарағы (нысандық киiмi немесе айырым белгiсi - қарына тағатын байлауышы, ала таяғы, қызыл белгісi не жарық қайтарғышы бар дискiсi, қызыл шам немесе жалауша) бар iшкi iстер органдарының (полицияның), әскери автомобиль полициясының қызметкерi немесе жол-коменданттық бөлiмшенiң әскери қызметшiсi, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң (бұдан әрi - Көлiктiк бақылау комитетi) қызметкерi, жол-пайдалану қызметiнiң қызметкерi, темір жол өткеліндегі, паром өтпесіндегі кезекшi; тұрақ - көлiк құралының қозғалысын жолаушыларды мiнгізу немесе түсiруге, не көлiк құралына тиеу немесе түсiруге байланысты емес себептермен 5 минуттан артық уақытқа мақсатты тоқтатуы; тәулiктiң қараңғы уақыты - кешкi қара көлеңкеден таңертеңгi елең-алаңға дейiнгi уақыт аралығы; көлiк құралы - жол бойымен адамдарды, жүктердi немесе оған бекітілген құрал-жабдықтарды тасымалдауға арналған құрылғы; тротуар - жолдың жүргiн бөлiгiмен қатарлас немесе одан газонмен бөлiнген жаяу жүргiншiнiң қозғалуына арналған элементi; жол беру (кедергi келтiрмеу туғызбау) - жол қозғалысына қатысушы, егер бұл оған қатысты артықшылығы бар қозғалысқа басқа қатысушылардың қозғалыс бағытын немесе жылдамдығын өзгертуге мәжбүр етуi мүмкiн болса, қозғалысты бастамау, өзгертпеу немесе жалғастырмау, қандай да болмасын маневрды жүзеге асырмауды бiлдiретiн талап; жол қозғалысына қатысушы - қозғалыс процесiне жүргiзушi, жаяу жүргiншi, көлiк құралының жолаушысы ретiнде тiкелей қатысатын адам. 1.3. Қазақстан Республикасының аумағында көлiк құралдарының оң жақты қозғалысы белгiленген. 1.4. Жол қозғалысын ұйымдастыруда қажеттi өзгерістер мен шектеулер тек қана жол белгiлерiнiң, жол таңбалауларының, сигналдар мен бағдаршамдардың және реттеушiлердiң көмегiмен, сондай-ақ қозғалысты реттеуге уәкiлеттi адамдардың басқарумен Ереженiң шегiнде белгiленген тәртiппен енгiзiледi. 1.5. Жол қозғалысына қатысушылар өздерiне қатысты Ереже талаптарын, бағдаршамның немесе реттеушiнiң сигналдарын, белгiлер мен таңбаларды, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң талаптарын бiлуге және орындауға мiндеттi. 1.6. Жол қозғалысына қатысушылар қозғалысқа қауiп туғызбайтын және зиян келтiрмейтiндеу iс-қимыл жасауы тиiс. Жол төсенiштерiн бүлдiруге немесе ластауға, қозғалыс үшiн кедергi келтiретiн жол белгiлерiн, бағдаршамды және басқа да қозғалысты ұйымдастыру техникалық құралдарын алып тастауға, тасалауға, бүлдiруге, өздiгiнен орнатуға тыйым салынады. Кедергi келтiретiн адам оны жоюдың барлық мүмкiн болатын шараларын қабылдауға мiндеттi, ал ол мүмкiн болмаған жағдайда қауiптілік туралы қол жететiн құралдармен қозғалысқа қатысушыларға және iшкi iстер органына хабарлауға мiндеттi. 1.7. Осы Ереженiң бұзған адам, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады. 2. Жүргізушілердің жалпы міндеттері 2.1. Механикалық көлiк құралының жүргiзушiсi мыналарға мiндеттi: ҚР Үкіметінің 26.05.99 ж. № 643 ; 2005.12.10. № 1021 (бұр.ред.қара); 2007.09.01. № 6 қаулыларымен 2.1.1-тармақ өзгертілді 2.1.1. Мыналарды өзiмен бiрге алып жүруi және iшкi iстер органдарының (полиция) оған уәкiлеттi лауазымды адамдарының талап етуi бойынша оларға тексеруге беруге; көлiк құралын жүргiзу құқығына жүргiзушiнiң куәлiгi (жүргізуші куәлігінің орнына берілген куәлік және жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат); жүргізуші куәлігінің талоны; көлiк құралдарына тiркеу құжаттары; көлiк құралының иесi болмағанда басқарған жағдайда - осы көлiк құралына иелiк етудi немесе пайдалануды, немесе билiк ету құқығын растайтын құжат; мемлекеттік техникалық байқаудан өткендiгi туралы құжат; заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі; белгiленген жағдайларда жол қағазы мен таситын жүкке құжаттар. Заңдарда көзделген жағдайларда, тексеру үшiн Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiлерiне арнаулы рұқсаттаманы, халықаралық тасымалды жүзуге асыру кезіндегі рұқсаттама мен лицензияны (немесе есеп құжатын) көрсетсiн. Арнаулы рұқсаттама мен рұқсаттама болмаған жағдайда Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiсiне көлiк құралын басқару құқығы үшiн жүргiзушінiң куәлiгiн (жүргізуші куәлігінің орнына берілген куәлік пен жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат) алу үшiн көлiк құралына арналған тiркеу құжаттарын, жол жүру парағы мен тасылатын жүкке арналған құжаттарды тапсырады. 2.1.2. Қауiпсiздiк белдiгiмен жабдықталған көлiк құралдарында қозғалыс кезiнде белдiктенген болуы, белдiк тақпаған (12 жасқа дейiнгi балаларды, үйретушi көлiк құралын басқарған кезде үйренушiнiң, ал елдi мекендерде, тұрғын-үй аймақтарында, бұдан басқа, шұғыл және арнаулы қызмет автомобильдерiнiң және такси жүргiзушiлерi мен жолаушыларына белдiк тақпауына жол берiледi) жолаушыларды тасымалдамау. Шұғыл және арнаулы қызметтер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiмет белгiлейдi. Мотоциклдi басқарған кезде түймеленген мотошлем киюге және түймеленген мотошлем кимеген жолаушыны тасымалдамау. 2.2. Халықаралық жол қозғалысына қатысушы механикалық көлiк құралын жүргiзушi: өзiмен бiрге Жол қозғалысы туралы конвенцияға сәйкес келетiн көлiк құралына тiркеу құжатын және жүргiзушiнiң куәлiгiн; көлiк құралында өзi тiркелген мемлекеттiң тiркеу және айырым белгiлерiн алып жүруге мiндеттi. 2.3. Көлiк құралының жүргiзушiсi мыналарға мiндеттi: ҚР Үкіметінің 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 2.3.1.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2.3.1. Көлiк құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі Негiзгi ережелерге және лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылар жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттемелерiне сәйкес көлiк құралдарының дұрыс жай-күйi шығар алдында тексеру және жолда қамтамасыз ету. Бұдан әрi - Негiзгi ереже. 2.3.2. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң 5.3.-тармаққа сәйкес берiлген талап етуi бойынша аялдау және оның нұсқауларын орындау. 2.3.3. Iшкi iстер органдары қызметкерiнiң талап етуi бойынша мастығы туралы куәландыру өту. ҚР Үкіметінің 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 2.3.3.-1 тармағымен толықтырылды 2.3.3-1. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген жағдайларда Ережелердi бiлуiн тексеруден өту. 2.3.4. Көлiк құралының өздiгiнен қозғалып кетуiн болдырмайтын шара қолданбайынша, көлiк құралын тастап кетуге және оны бөтен адамдардың пайдалануына бермеу. ҚР Үкіметінiң 19.12.02 ж. № 1329 (бұрынғы ред. қара); 2005.12.10. № 1021 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2.3.5-тармақ өзгертілді жол-жөнекей бағытта медициналық қызмет көрсетуге кетiп бара жатқан медицина қызметкерлерiне, сондай-ақ қозғалыс бағытына қатыссыз, жедел медициналық жәрдем қажет ететiн азаматтарды емдеу мекемелерiне алып бару үшiн медицина қызметкерлерiне, iшкi iстер органдарының және ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерiне; авария кезiнде зардап шеккен көлiк құралдарын тасымалдау, табиғи апат болған жерге жету үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ заңда көзделген, өзге де кейiн қалдыруға болмайтын жағдайларда iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметi мен ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiне беру. Ескертпе: 1. Көлiк құралдарын беру туралы талап ету шет ел мемлекеттерi өкiлдiктерiнiң және дипломатиялық иммунитетi бар халықаралық ұйымдардың көлiк құралдарына қолданылмайды. 2. Көлiк құралын пайдаланған адам жүргiзушiнiң талап етуi бойынша анықтама беруi немесе жол қағазына жазба (жүрудiң қанша уақытқа созылғандығы, жүрiп өтiлген қашықтықты, өзiнiң тегiн, лауазымын, қызметтiк куәлiгiнiң нөмiрiн, өз ұйымының атауын көрсетiп) жасауы тиiс. 3. Мемлекеттік ұйымдардың жоғарыда аталған қызметкерлерiне көлiк құралдарын беруге байланысты келтiрiлген шығыстарды көлiк құралы иесiнiң талап етуi бойынша белгiленген тәртiппен осы ұйымдар өтейдi. 2.4. Көлiк құралы жүргiзушiсiнiң құжатын тексеруге немесе көлiк құралын пайдалануға құқығы бар адам жүргiзушiнiң талап етуi бойынша қызметтiк куәлiгiн көрсетуге мiндеттi. ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 2.5.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2.5. Жол-көлiк оқиғасы кезiнде, оған қатысы бар жүргiзушi: Ереженiң 7.2.-тармағының талаптарына сәйкес көлiк құралын дереу тоқтатуға (орыннан қозғамауға), авариялық жарық сигнализациясын iске қосуға және авариялық аялдау белгiсiн (жанып-сөнетiн қызыл фонарь) қоюға, оқиғаға қатысы бар заттардың орнын ауыстырмауға; зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек көрсету үшiн барлық мүмкiн болатын шараларды қолдану, "медициналық жедел жәрдем" шақыру, шұғыл жағдайларда зардап шеккендердi жол-жөнекей аттандыру, ал егер бұған мүмкiндiк болмағанда, өзiнiң көлiк құралымен жақын жердегi емдеу мекемесiне жеткiзуге, өзiнiң тегiн, көлiк құралының тiркеу белгiсiн хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргiзушiнiң куәлiгiн және көлiк құралын тiркеу құжатын көрсетiп) оқиға болған жерге қайтып келуге; |