|
|
|
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2009 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 123 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі және «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2009 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесі бекітілсін. 2. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, 2008 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 41 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 1, 20-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 87 қаулысымен бекітілген
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2009 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2009 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2009 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) 084 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) бойынша көзделген қаражат шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жанар-жағар май материалдарын, тұқым улағыштарды және гербицидтерді сатып алуға субсидиялар төлеу тәртібін белгілейді. 2. Субсидиялар отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - ауылшартауарын өндірушілер) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті, жанар-жағар май материалдарын, тұқым улағыштарды және гербицидтерді сатып алуға байланысты шығындарды ішінара өтеуге арналады. Субсидиялаудың көрсеткіштері Облыстардың, Астана қаласының әкімдері мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімде көрсетіледі. 3. Ауылшартауарын өндірушілерге субсидиялар төлеу осы Ережеге 1-қосымшада айқындалған әр облыс үшін ауыл шаруашылығының басым дақылдарына Министрлік бекіткен 1 гектарға арналған субсидиялар мөлшеріне сәйкес жылына бір рет жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының түрлері бойынша 1 гектарға арналған субсидиялар мөлшері барлық облыстар және Астана қаласы үшін бірыңғай болып табылады. Дәнді дақылдарды (күріш пен дәндік жүгеріден басқа) өндіру кезінде 1 гектарға арналған субсидиялар мөлшері қолданылатын технологияға (дәстүрлі және/немесе құрамында глифосат бар гербицид қолданылған ылғалресурсүнемдеуші) байланысты болады. 4. Облыстар және Астана қаласы бойынша субсидиялар көлемі субсидиялар мөлшеріне және ауыл шаруашылығы басым дақылдарының егіс көлеміне сәйкес қалыптасқан Министрлік ұсынған сома негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіледі.
5. Министрлік бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстар мен Астана қаласы бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлеміне сәйкес 2009 жылға арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына және Облыстардың, Астана қаласының әкімдері мен Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана қаласының бюджетіне аударады. 6. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері Министрлік бекіткен 1 гектарға арналған субсидиялар мөлшеріне сәйкес облыстық бюджеттерді және Астана қаласының бюджетін мәслихаттар бекіткеннен кейін екі апта мерзімде облыстар және Астана қаласы бойынша бекітілген көлем шегінде аудандар бойынша субсидиялар көлемін бекітеді. 7. Ауылшартауарын өндірушілердің субсидиялар алуға арналған тізімін айқындау үшін әрбір ауданда аудан әкімінің шешімімен, ал Астана қаласы бойынша қала әкімінің шешімімен аудан әкімдігінің, ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, аудандық салық комитетінің, статистика басқармасының, Министрліктің аумақтық инспекциясының, аграрлық бейіндегі ғылыми және қоғамдық ұйымдардың және/немесе кәсіпкерлік бірлестіктерінің қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады. Бұл ретте аудандар мен Астана қаласының әкімдері ВАК-тың жұмысын "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қамтамасыз етеді. 8. Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, ал Астана қаласында қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі ВАК-тың жұмыс органы болып табылады. 9. ВАК-тың жұмыс органы ауылшартауарын өндірушілерден құжаттар қабылдау мерзімін және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс істеу тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді. Ауылшартауарын өндірушілер жұмыс органы белгілеген мерзімде ВАК-қа осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес бойынша субсидиялар алуға өтінімді және мынадай құжаттарды ұсынады: заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі); Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі; салық органы берген клиентті салық есебіне қойғандығын куәландыратын құжаттың көшірмесі; статистикалық картаның көшірмесі; банктің нөмірі көрсетілген банктік шоттың бар екендігі туралы анықтамасы. Дәнді дақылдар (күріш пен дәндік жүгеріден басқа) өндірумен шұғылданатын ауылшартауарын өндірушілер құрамында глифосат бар гербицид қолданылған ылғалресурсүнемдеуші технология бойынша субсидиялар алу үшін қосымша: құрамында глифосат бар гербицид сатып алғандығын растайтын құжаттардың (құрамында глифосат бар гербицидті жеткізу шарты, төлем құжаттары, тауар-көлік жүкқұжаты) көшірмелерін; ауыл шаруашылығы құрылымы басшысының қолы қойылған құрамында глифосат бар гербицидті себу есебін ұсынады. 10. ВАК-тың жұмыс органы ұсынылған құжаттарды жинауды жүзеге асырады және оларды ВАК-тың қарауына ұсынады. Құжаттарды қарап болған соң ВАК ауыл шаруашылығының басым дақылдары бойынша егіс алаңдарын көрсете отырып, ауылшартауарын өндірушілердің субсидиялар алуға арналған алдын ала тізімін қалыптастырады. Ауылшартауарын өндірушіге толық көлемде қабылданған құжаттар туралы анықтама беріледі. 11. Субсидиялар алу үшін ауылшартауарын өндірушілер жаздық дақылдар бойынша көктемгі егіс жұмыстары аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде алдыңғы жылдың күздік дақылдары бойынша нақты өскін бойынша, көпжылдық екпелер бойынша олардың нақты алаңдары бойынша ВАК-қа ауыл шаруашылығы басым дақылдарының өскіндерін (екпелерін) қабылдауға өтініш ұсынады. 12. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімін субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының түрлері бойынша Министрліктің ғылыми-өндірістік орталықтарының ұсынымдары негізінде ауданның (Астана қаласының) жергілікті атқарушы органы айқындайды. Оңтайлы мерзімдерді бұзып егілген басым дақылдар алаңы субсидиялауға жатпайды. 13. ВАК ауылшартауарын өндірушілерден өтініш түскеннен кейін екі апта мерзімде көпжылдық жеміс-жидек дақылдарын және жүзім екпелерін отырғызу мен өсіруді субсидиялау жөніндегі тиісті бюджеттік бағдарлама шеңберінде 2008 жылы бөлінген және 2009 жылы көзделген бюджет қаражаты есебінен отырғызылған көпжылдық екпелерді егуді қоспағанда, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы жылғы күздік дақылдар мен көпжылдық екпелер егісін қоса алғанда, егістікті қабылдау актісін (бұдан әрі - қабылдау актісі) жасап, егістікті қабылдауды жүргізеді. Қабылдау актісі екі данада жасалады, оның біреуі ауылшартауарын өндірушіде қалады. 14. ВАК қабылдау актісінің және ауылшартауарын өндірушілер жұмыс органына ұсынған құжаттардың негізінде егістікті соңғы қабылдау жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауылшартауарын өндірушілердің субсидиялар алуға арналған түпкілікті тізімін (бұдан әрі - тізім) жасайды және оны аудан әкіміне, ал Астана қаласы бойынша қала әкіміне бекітуге жібереді. Осы тізімге енгізуден бас тартылған жағдайда жұмыс органы ауылшартауарын өндірушіге бас тарту себебі көрсетілген тиісті анықтама береді. 15. Аудан және Астана қаласы әкімі екі жұмыс күні ішінде тізімді бекітеді. 16. Аудандық әкімдіктердің ауыл шаруашылығы бөлімдері үш жұмыс күні ішінде аудан әкімдері бекіткен тізімді, қабылдау актілерінің көшірмелерін, сондай-ақ осы Ереженің 9-тармағына сәйкес құжаттарды облыстың бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне (облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына) ұсынады. 17. Облыстардың және Астана қаласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді және осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауылшартауарын өндірушілерге субсидиялар төлеуге ведомость және төлем шоттарын қалыптастырады. Облыстардың және Астана қаласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері төлем жүргізген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшін облыстың және Астана қаласының бюджеттік бағдарлама әкімшісі жауапты болады. 18. Облыстардың және Астана қаласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері (облыстың, Астана қаласының ауыл шаруашылығы басқармасы) ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей және келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей Министрлікке төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі туралы есеп береді. 19. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері ағымдағы жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде субсидиялардың көлемі мен сомасын, сондай-ақ бекітілген субсидиялау көлемі игерілмеген жағдайда игермеуге әкеп соққан себептерді көрсете отырып, Министрлікке облыстар және Астана қаласы бойынша ауылшартауарын өндірушілерге төленген субсидиялардың көлемі туралы алдын ала мәліметтер береді. Ауылшартауарын өндірушілерге төленген субсидиялардың көлемі туралы түпкілікті мәліметтер ағымдағы жылдың 20 тамызына дейінгі мерзімде беріледі. 20. Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда облыстардың әкімдері оларды осы Ережеге сәйкес облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемі шегінде қайта бөлуі мүмкін. 21. Қандай да бір облыс немесе Астана қаласы бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді. 22. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері субсидиялар төленгеннен кейін бес күн мерзімде Министрлікке қайта бөлінген сомалар есебінен облыстар және Астана қаласы бойынша ауылшартауарын өндірушілерге төленген субсидиялар көлемі туралы мәлімет береді. 23. Министрлік төменде тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде аудармағандығы және ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануда нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жетпегендігі үшін жауапты болады. 24. Облыстардың, Астана қаласының әкімдері және тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді жасалған нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес пайдаланбағандығы, тікелей және соңғы нәтижелерге жетпегендігі үшін, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және соңғы нәтижелер туралы есеп бермегендігі үшін жауапты болады.
1-қосымша
Республикалық бюджеттен субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының тізбесі
2-қосымша
__________________ ауданының ведомствоаралық комиссиясына
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге сатып алынған жанар-жағар май материалдары, тұқым улағыштар мен гербицидтер үшін субсидиялар алуға өтінім
____________________________________________________ негізінде әрекет (құрылтай құжаты) ететін ______________________________________________________________ (ауылшартауарын өндіруші) атынан бірінші басшы ________________________________________________ (Т.А.Ә., лауазымы) осымен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жанар-жағар май материалдарын, тұқым улағыштар мен гербицидтерді сатып алуға байланысты шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар бөлуді сұрайды. Сатып алынған жанар-жағар май материалдары, тұқым улағыштар мен гербицидтер көрсетілген алаңдарда мынадай ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерін өсіру үшін пайдаланылды: ______________ ______ га _______________ _____ га ______________ ______ га _______________ _____ га ______________ ______ га _______________ _____ га Ауылшартауарын өндірушінің заңды мекен-жайы: ________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
3-қосымша
«Бекітемін» Аудан әкімі ___________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 200_ жылғы«__» ____________
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің егістіктерін және екпелерін қабылдау АКТІСІ 200_ жылғы «__» _____________ № ____
Біз, төменде қол қоюшылар, ВАК төрағасы ________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) ВАК мүшелері ________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә) _____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) _____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) бір тараптан және ___________________________________________________ (ауылшартауарын өндірушінің атауы) __________________ басшысы екінші тараптан 200_ жылы мынадай алаңдарда мынадай басым дақылдардың өскіні (екпесі) алынғандығы туралы осы актіні жасадық: ___________________ _____ га ________________ _____ га ___________________ _____ га ________________ _____ га ВАК төрағасы ________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) ВАК мүшелері ________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) _____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) _____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) Ауылшартауарын өндіруші: ____________________________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
4-қосымша
«Бекітемін» Аудан әкімі _____________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 200_ жылғы «__» _____________
Субсидиялар алуға ауылшартауарын өндірушілердің тізімі
ВАК төрағасы _____________________ Ауыл шаруашылығы бөлімі (қолы, Т.А.Ә) ВАК мүшелері _____________________ _______________________ (қолы, Т.А.Ә) (қолы, Т.А.Ә) _____________________ (қолы, Т.А.Ә) М.О. Ескертпе: 1 гектарға арналған субсидиялар мөлшерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітеді
5-қосымша «Бекітемін» Аудан әкімі _________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 200_ жылғы «__» ___________
Ауылшартауарын өндірушілерге субсидиялар төлеуге арналған ведомость
Қаржы бөлімінің бастығы _______________________ (қолы, Т.А.Ә) Бөлім бастығы _______________________ (қолы, Т.А.Ә) Ескертпе: 1 гектарға арналған субсидиялар мөлшерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітеді
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |