2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі)
Осы редакция 2008 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 145, 146, 147, 148, 149, 150, 151, 152, 153, 154, 155, 156, 157, 158, 159, 160, 161, 162, 163, 163-1-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 145-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 1819406 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз он тоғыз миллион төрт жүз алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы; «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңы; «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңы; «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы; «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңы; «Жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы; «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы; «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңы; «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 27 ақпандағы Заңы;»"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы« Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы; «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына берілетін біржолғы төлемдер туралы» 1999 жылғы 13 желтоқсандағы Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1920 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әлеуметтік қамсыздандыру саласында азаматтардың конституциялық кепілдерін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; - нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және іске асыру; - еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны саласындағы заңдардың сақталуын мемлекеттік бақылау; - еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік әріптестік, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру және көші-қон процестерін реттеу саласындағы салааралық үйлестіру; - кәсіптік шеберлігін жетілдіру және қызметтік міндеттемелерін тиімді орындау мақсатында біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша дағдылар мен шеберлікті, теориялық және практикалық білімдерді жаңарту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: - әлеуметтік қамсыздандыру саласында азаматтардың конституциялық кепілдерін қамтамасыз ету; - 250 адамның кәсіптік деңгейін жоғарылату; - 381 адамды мемлекеттік тілге оқыту; - 30 адамды ағылшын тіліне оқыту. Соңғы нәтиже: халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек көрсету жүйесін, мемлекеттік қадағалау мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылау жүйесін жетілдіру, көші-қон саясатын дамыту, жұмыспен тиімді қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету. Қаржылық-экономикалық нәтиже: Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттырудың орташа шығыны 19,0 мың теңге. Бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытудың орташа шығыны 14,8 мың теңге. Бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытудың орташа шығыны 30,0 мың теңге. Уақтылығы: келісім - жыл бойы. Сапасы: Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің құқықтық-нормативтік базасын жетілдіру, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру, әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мамандарының біліктілік деңгейін арттыру және қол жетімділігін кеңейту. Қазіргі заманғы экономикалық жағдайлардағы кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 146-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Зейнетақы бағдарламасы» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 364018000 мың теңге (үш жүз алпыс төрт миллиард он сегіз миллион теңге). ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 13-бабы; «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы« Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы 12-бабының 5-тармағы, 16-бабының 5-тармағы; «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 2 , 5-баптары,»2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқықтарын іске асыру. ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы төлемдерін уақытында қамтамасыз ету; - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға, сондай-ақ олардың мұрагерлеріне зейнетақыға үстемеақы төлеу; - зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін табысқа қойылатын шектеуді 15-тен 25-еселенген айлық есептік көрсеткішке арттыру; - 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақыны қамтамасыз ету ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ынтымақты зейнетақыларды, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақыларды және зейнеткерлер мен зейнеткерлік жасқа толған мүгедектерге базалық зейнетақы төлемдерін төлеу, 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақы төлеу. Алушылардың орташа жылдық болжамды саны: - Ынтымақты зейнетақы: 2008 ж. - 1636,9 мың адам, 2009 ж. - 1648,9 мың адам, 2010 ж. - 1664,9 мың адам; - базалық зейнетақы төлемдерін алушылар: 2008 ж. - 1664,2 мың адам, 2009 ж. - 1671,7 мың адам, 2010 ж. - 1688,5 мың адам; - Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақы алушылардың саны - 0,6 мың адам. Соңғы нәтиже: ынтымақты зейнетақылар мөлшерін 9 пайызға көбейту, зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін табысқа қойылатын шектеуді 15-тен 25-мәрте айлық есептік көрсеткішке арттыру және зейнеткерлер мен зейнеткерлік жасқа толған мүгедектерге 4210 теңге мөлшерінде базалық зейнетақы төлемдерін төлеу. Қаржылық-экономикалық нәтиже: - зейнетақының ең төмен мөлшері: 2008 ж. - 7900 теңге, 2009 ж. - 8769 теңге, 2010 ж. - 9646 теңге; - зейнетақының орташа мөлшері: 2008 ж. - 13660 теңге, 2009 ж. - 17075 теңге, 2010 ж. - 21344 теңге; - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері: 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап - 4210 теңге, 2008 жылғы 1 шілдеден бастап - 4810 теңге, 2009 ж. - 5243 теңге, 2010 ж. - 5662 теңге; - 2008 жылдың бірінші жарты жылдығына 2008 жылдың 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемін алушыларға ай сайынғы өтемақы - 600 теңге; - зейнетақыларға үстемеақылардың орташа мөлшері - 17508 теңге. Уақытылылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу. Сапасы: тағайындалған зейнетақылар мен базалық зейнетақы төлемдерін 100 пайызға төлеу, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін тағайындалған ай сайынғы өтемақыны 100 пайыз төлеу радиациялық қатер өңірлерінде тұрғаны үшін және Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына ай сайынғы үстемеақы төлемдерін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық ұсынған қажеттілікке сәйкес 100 пайызға төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 147-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 91834884 мың теңге (тоқсан бір миллиард сегіз жүз отыз төрт миллион сегіз жүз сексен төрт мың теңге). ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы, «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж азаматтарға ақшалай қаражат төлеу. ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - жасына байланысты; - мүгедектігі бойынша; - асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың уақытында төленуін қамтамасыз ету; - 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақыны қамтамасыз ету ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу, сондай-ақ 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін ай сайын өтемақы төлеу. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушылардың орташа жылдық болжамды саны: - мүгедектігі бойынша: 2008 ж. - 413,2 мың. адам, 2009 ж. - 416,5 мың. адам, 2010 ж. - 419,9 мың. адам; - асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша: 2008 ж. - 230,5 мың адам, 2009 ж. - 232,3 мың адам, 2010 ж. - 233,0 мың адам; - жасына байланысты: 2008 ж. - 14,0 мың адам, 2009 ж. - 16,3 мың адам, 2010 ж. - 18,9 мың адам. Соңғы нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың кірісін көбейту. Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері: - мүгедектігі бойынша: 2008 ж. - 12339 теңге, 2009 ж. - 13450 теңге, 2010 ж. - 14526 теңге; - асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша: 2008 ж. - 10716 теңге, 2009 ж. - 11680 теңге, 2010 ж. - 12614 теңге; - жасына байланысты: 2008 ж. - 6013 теңге, 2009 ж. - 6554 теңге, 2010 ж. - 7078 теңге. - 2008 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында белгіленген мөлшерде 2008 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін ай сайынғы өтемақы; Уақытылылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу. Сапасы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды 100 пайыз төлеу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға 2008 жылғы бірінші жартыжылдық үшін тағайындалған ай сайынғы өтемақыны 100 пайыз төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 148-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 42135859 мың теңге (қырық екі миллиард бір жүз отыз бес миллион сегіз жүз елу тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңы; «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысы. |