Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесін бекіту (ҚР Үкіметінің 2004.30.12. № 1427 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2009 жылғы 5 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 48-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 132 қаулысымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесi 1. Осы Ереже жинақтаушы зейнетқорларының комиссиялық сыйақы алу тәртібін белгiлейдi. 2. Инвестициялық кірiстен комиссиялық сыйақы есеп берiлетiн ай iшiнде күн сайын есептеу жолымен алынады және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу әрi қадағалау жөніндегі мемлекеттік органның (бұдан әрi - уәкілеттi орган) нормативтік құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртіппен айқындалатын зейнетақы активтерінің тиiстi күнгi шартты бiрлiгi құнының есебiне енгізіледі. Инвестициялық шоттан жинақтаушы зейнет қорының ағымдағы шотына аударылатын есеп берiлетiн айдағы инвестициялық кiрiстен комиссиялық сыйақы инвестициялық кiрiстен бұрын аударылған комиссиялық сыйақыны шегерiп тастағанда, жыл басынан бергi кезеңде (есеп берiлетiн айды қоса алғанда) нақты алынған инвестициялық кірiс мөлшерінен аспауға тиic. 3. Зейнетақы активтерiнен комиссиялық сыйақы есеп берiлетін ай iшiнде әр күн үшiн бiрдей сомамен есептеу жолымен алынды және уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртіппен зейнетақы активтерінің тиiстi күнгі шартты бiрлiгi құнының есебiне енгiзіледi. Бұл ретте зейнетақы активтерiнiң мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі есеп берілетiн айдың бiрiншi күнiнiң басындағы қаржы құралдарының сатып алу құны негiзге алынып айқындалады. ҚР Үкіметінің 2004.30.12. № 1427 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4. Осы Ереженiң 2 және 3-тармақтарына сәйкес есептелген есептi айдағы комиссиялық сыйақының сомасы есептiден кейiнгі айдың алтыншы жұмыс күнiнен кешiктiрмей жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шотына аударылуға тиiс. Аудару кастодиан банктiң, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және жинақтаушы зейнетақы қорының не кастодион банк пен зейнетақы активтерiн дербес инвестициялауды жүзеге асыру кезiнде жинақтаушы зейнетақы қорының уәкiлеттi өкiлдерi қол қойған салыстырып тексеру актiсiнiң негiзiнде жүргiзiледi. |