|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысына толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 29, 284-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларда: 1-тармақтың ескертпесі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі үшін шетел компаниялары қазақстандық кәсіпорындармен бірлесіп жасайтын тауарларды «еркін қойма» кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етіледі.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |