|
|
|
Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы (2009.12.05. өзгөртүүлөр жана толуктоолор менен)
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі және «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 164 қаулысымен Бекітілген
Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2009 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) 091 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2009 жылға арналған республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражат (бұдан әрі - субсидиялар) ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге арналған жер учаскелері бар отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (бұдан әрі - АШТӨ) отандық тыңайтқыш өндіруші зауыттардан (бұдан әрі - зауыттар) немесе олардың ресми өкілдерінен алдыңғы жылғы IV тоқсанда және ағымдағы жылы сатып алған тыңайтқыштардың (органикалықты қоспағанда) (бұдан әрі - тыңайтқыштар) құнын ішінара арзандатуға арналады. Зауыттардың тізбесін Министрліктің сұрауы бойынша тиісті уәкілетті орган береді.
2. Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған субсидияларды пайдалану тәртібі
3. Министрлік ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге және Астана қаласының бюджетіне аударуды төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі - төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары) және облыс (Астана қаласы) әкімі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес жүргізеді. 4. Облыстар мен Астана қаласы бойынша субсидиялар көлемін Министрлік айқындайды және облыстар мен Астана қаласы бойынша облыстардың және Астана қаласының ұсыныстарына және жоспарланған егістік алқапқа тыңайтқыштар енгізудің (қолданудың) ғылыми-негізделген нормаларына сәйкес бөледі. Бұл ретте облыстар (Астана қаласы) субсидиялар бойынша квоталарды жоспарланған егістік алқабының мөлшері туралы мәліметтер бар АШТО-нің өтінімдері негізінде белгілейді. 5. Субсидиялар осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатылған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтеріне сәйкес АШТӨ іс жүзінде сатқан тыңайтқыштар үшін зауыттарға төленеді. Бұл ретте АШТӨ тыңайтқыштардың құнын (жеткізу орнына дейінгі көліктік шығыстарды ескере отырып) субсидиялар сомасының зауыттарға тиесілі мелшерін алып тастай отырып төлейді. 6. Тыңайтқыштардың әрбір түрі бойынша АШТӨ тізімін (бұдан әрі - тізім) айқындау үшін облыстың (Астана қаласының) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган), Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының, аграрлық бейіндегі ғылыми және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады. Жергілікті атқарушы орган ВАК-тың жұмыс органы болып табылады. ҚР Үкіметінің 2009.12.05. № 689 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 6 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7. ВАК-тың жұмыс органы АШТӨ-ден құжаттар қабылдаудың мерзімін және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс істеу тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді. АШТӨ жұмыс органы белгілеген мерзімде ВАК-қа Министрлік бекіткен нысан бойынша тізімге енгізу үшін өтінімді және мынадай құжаттарды ұсынады: заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін (жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін); клиентті салық есебіне қою фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесін; нөмірі көрсетілген ағымдағы шоттың бар екендігі туралы банктің анықтамасын; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесін; 8. ВАК-тың жұмыс органы он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды жинауды жүзеге асырады және оларды ВАК-тың қарауына ұсынады. АШТӨ-ге толық көлемде қабылданған құжаттар туралы анықтама беріледі. 9. ВАК жұмыс органына ұсынылған құжаттардың негізінде бес жұмыс күні ішінде Министрлік бекіткен нысан бойынша тізім жасайды және оны жергілікті атқарушы органға бекітуге жібереді. Осы тізімге енгізуден бас тартылған жағдайда АШТӨ-ге үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс органы бас тарту себебі көрсетілген жазбаша хабарлама береді. 10. Жергілікті атқарушы орган екі жұмыс күні ішінде тізімді бекітеді. 11. Арзандатылған құн бойынша сатылған тыңайтқыштар үшін субсидия алу үшін: 1) жергілікті атқарушы орган зауытқа тізімді береді; 2) зауыттар ай сайын есептіден кейінгі айдың 1-күніне дейін жергілікті атқарушы органға: АШТӨ бөлінісінде сатылған тыңайтқыштардың саны мен сапасы туралы ақпаратты; тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі тізілімді; сатылған тыңайтқыштарға бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тыңайтқыштарды тиеп жөнелтуге арналған жүк құжаттардың және шот-фактуралардың көшірмелерін; сатылған және сатып алынған тыңайтқыштардың саны туралы зауыт пен АШТӨ арасындағы тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартын ұсынады. Тыңайтқыштарды сатып алу-сату шарты үш данада жасалады: біріншісі - зауыт үшін, екіншісі - АШТӨ үшін, үшіншісі - жергілікті атқарушы орган үшін; 3) жергілікті атқарушы орган: бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі актіні жасайды және бекітеді; тыңайтқыштардың нақты сатылған көлемі жөніндегі бекітілген акті бойынша, онда көрсетілген тыңайтқыштардың көлемі мен бекітілген субсидиялар нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды; зауыттар сатқан тыңайтқыштардың құнын ішінара арзандатуға субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды; 4) ұсынылып отырған тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартының, тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі тізілімнің, тыңайтқыштардың сатылған көлемі жөніндегі актінің, субсидиялар төлеуге арналған ведомостың нысандарын Министрлік бекітеді. 12. Жергілікті атқарушы орган көрсетілген бюджеттік бағдарламаның төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді. 13. Бюджеттік қаражаттың уақтылы игерілуін бақылау үшін жергілікті атқарушы орган Министрлікке бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша тиісті жылғы 30 шілдеден кешіктірмейтін мерзімде тікелей және соңғы нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізгенін көрсете отырып бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы ақпарат береді. Қандай да бір облыс немесе Астана қаласы бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар және Астана қаласы бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді. 14. Ай сайын 5-күніне, бірақ тиісті жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей жергілікті атқарушы орган Министрлікке өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған субсидиялар төлеу үшін ведомостың көшірмесін, төленген субсидиялардың көлемдері туралы есепті береді. Тікелей және соңғы нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізгені туралы қорытынды есепті жергілікті атқарушы орган келесі қаржы жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей береді.
3. Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты пайдаланған үшін жауапкершілік
15. Жергілікті атқарушы орган аумақтық қазынашылық бөлімшеге ұсынылған құжаттардың, субсидиялар аударуға арналған төлем шоттарының дұрыстығы мен толық толтырылғаны үшін, сондай-ақ субсидиялар төлеу негізділігі, зауытқа тиесілі сомаларды дұрыс есептегені үшін жауапты болады. 16. Министрлік жасалған нәтижелер туралы келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана қаласының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудармағаны үшін және ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдаланған кезде нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін жауапты болады. 17. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері нысаналы трансферттерді жасалған нәтижелер туралы келісімге сай емес нысаналы трансферттер бойынша пайдаланғаны, тікелей және соңғы нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және соңғы нәтижелер туралы есепті бермегені үшін жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2009.12.05. № 689 Қаулысымен қосымша өзгертілді (2009 жылғы 6 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің 2009 жылғы республикалық бюджеттен өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне қосымша
Сатылған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтері
* Субсидиялар тыңайтқыштар өндіруші отандық зауыт өндірген тыңайтқыштарды сатып алған кезде ғана беріледі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |