|
2009 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы
Осы редакция 2009 жылғы 20 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. 2009 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 172 256 880 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 160 358 650 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 1 838 230 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 10 060 000 мың теңге; 2)шығындар - 166 248 128 мың теңге; 3)таза бюджеттік кредит беру - -1 333 920 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 333 920 мың теңге; 4)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 559 686 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 759 686 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 200 000 мың теңге; 5)бюджет профициті - 6 782 986 мың теңге; 6)бюджет профицитін пайдалану - - 6 782 986 мың теңге, оның ішінде: қарыздарды өтеу - 6 782 986 мың теңге. 2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен түсімдер есебінен құралады деп белгіленсін: - жеке табыс салығынан; - әлеуметтік салықтан; - заңды және жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салықтардан; - жер салығынан; - заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтардан; - бірыңғай жер салығынан; - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өнімдеріне (оның ішінде араққа, әлсіз және күшті ликер-арақ бұйымдарына, шарапқа, коньякқа, сыраға) берілген акциздерден; - бензиндерге (авиациялық бензинді қоспағанда); заңды және жеке тұлғалар көтерме саудада сататын, сондай-ақ өзіндік өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылатын дизель отынына берілетін акциздерден; - жер бетіндегі су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін түсетін төлемдерден; - жер телімдерін пайдаланғаны үшін түсетін төлемдерден; - қоршаған ортаға эмиссиялық төлемдерінен; - жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алымдардан; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|