Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 125 «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексінің 106 бабының 2 тармағының 5 тармақшасына және 4 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: 1. Облыстық мәслихаттың Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2009 жылғы 12 қаңтарда № 3279 тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 6-7 жарияланған 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 125 «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1 тармақта: 1) тармақшасында: кірістер «62 991 710» деген цифрлар «63 017 481,2» деген цифрлармен ауыстырылсын; оның ішінде: трансферттер түсімдері бойынша «39 347 440» деген цифрлар «39 373 211,2» деген цифрлармен ауыстырылсын; 2) тармақшасында: шығындар «61 749 500,6» деген цифрлар «62 706 616,7» деген цифрлармен ауыстырылсын; 5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: бюджет тапшылығы -169 344,9 мың теңге; 6) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: бюджет тапшылығын қаржыландыру 169 344,9 мың теңге. 2 абзацтың бөлігінде: «128 000» деген цифрлар «140 000» деген цифрлармен ауыстырылсын; 3 абзацтың бөлігінде: «1 430 178» деген цифрлар «1 541 391» деген цифрлармен ауыстырылсын; 5 абзацтың бөлігінде: «34 414» деген цифрлар «109 417» деген цифрлармен ауыстырылсын; 6 абзацтың бөлігінде: «37 715» деген цифрлар «168 924» деген цифрлармен ауыстырылсын; және мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: облыс мектептері үшін автобустар сатып алуға - 103 600 мың теңге; қалалар мен елді мекендерді абаттандыруды дамытуға - 100 000 мың теңге; сумен жабдықтау және су қашыртқы жүйесінің жұмыс жасауына - 100 000 мың теңге; коммуналдық меншіктегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыруға - 70 000 мың теңге; жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға - 14 300 мың теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|