|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 297 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесінде: 73-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Бейнекомпьютерлер, көп функционалды дабылдату жүйелері, телефакстер, мәтіндік хабарламалы және хабар қабылдайтын жинақы телефондар, саңыраулар мен нашар еститін адамдарға арналған сағаттар, кемінде 5 жылдан кейін ауыстырылады.»; мынадай мазмүндағы 90-1-тармақпен толықтырылсын: «90-1. Тифломагнитолалар, компьютерлік тифлокешендер, Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған құрал, диктофондар, дыбыс жазбаны қайта тыңдауға арналған плейерлер, нашар көретін адамдарға арналған сағаттар кемінде 5 жылдан кейін ауыстырылады. Оқитын машиналар кемінде 3 жылдан кейін, жіңішке таяқтар, Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған грифель - 2 жылдан кейін ауыстырылады.»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету ережесінде; 7-тармақтың сегізінші абзацы алып тасталсын; 10-тармақтың 1) тармақшасындағы «, бос уақытын, демалысын өткізуіне, тауарлар мен қызметтер сатып алуына» деген сөздер алып тасталсын; көрсетілген Ережеге қосымшада: 1-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «14) протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;»; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ымдау тілінің машықтарын меңгерген мүгедекке ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсетуге:»; 3) тармақшадағы «III-» деген сан алып тасталсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |