|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1351 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 617 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына инфляция деңгейін ескере отырып мониторинг жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1351 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: 1) тармақшадағы «қосымшаға» деген сөздің алдынан «1-» деген санмен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес формула бойынша әрбір салымшы (алушы) бойынша жылдық инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына мониторингті жүзеге асырсын;»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне келесі 3 жылға арналған жылдық инфляцияның болжамды деңгейі туралы мәліметтерді ұсынсын.»; көрсетілген қаулыға қосымшада: оң жақтағы жоғары бұрышындағы «Қосымша» деген сөз «1-қосымша» деген сөзбен ауыстырылсын; «12» деген сандар «12,...» деген сандармен ауыстырылсын; «Іn < 100% болған кезде Іn = 100%» деген жол алып тасталсын; осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 375 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1351 қаулысына 2-қосымша
Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары сомаларын жылдық инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып есептеу формуласы
Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының сомасы инфляцияның жылдық болжамды деңгейі ескеріле отырып:
Zk=Zk-1*(1+іk)+Dk*(1+іk/2) формуласы бойынша есептеледі, мұнда
Zk - салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының k жылдағы инфляцияның болжамды деңгейі ескерілген сомасы, теңгемен; іk - тұтыну бағаларының k жылдағы болжамды индексі; Dk - k жылдағы міндетті зейнетақы жарналары түсімдерінің сомасы, теңгемен; k - болжамды жыл.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |