Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 325 бұйрығына 1-қосымша ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 91 Бұйрығымен күші жойылды
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік - тіркеуші орган өтініш иесіне беретін және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу фактісін растайтын құжат (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Жылжымайтын мүлік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындары және оның филиалдары (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік орталығы) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді. 5. Мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру болып табылады. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы кепіл беруші мен кепіл ұстаушыға беріледі. 6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: Тұтынушы қажетті құжаттарды, мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш берген күннен бастап құжат қабылданған күнді есептемей, жазбаша өтініш келіп түскен сәттен бастап 7 (жеті) күннің ішінде ұсынылады. Қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күту уақыты 30 минуттан аспайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|