|
|
|
Жол белгілері және сигналдары туралы конвенция
ҚР 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 236-ІV Заңымен ратификацияланды 1995 ж. 4 сәуірде күшіне енді (ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2006 ж. 25 қыркүйектегі № 12-1-2-2191 Хатын қара)
Венада 1968 жылғы 8 қарашада қол қою үшін ашық жол белгілері мен сигналдары туралы конвенцияны толықтыратын еуропалық келісімді (Женева қ., 1971 ж. 1 мамырда) қара
ҚР 2011 жылғы 28 ақпандағы № 410-IV Заңымен Еуропалық келісімге Жол таңбалары туралы хаттама ратификацияланды
халықаралық көлемде жол белгілері, сигналдар мен белгілеулер және жолдарды белгілеудің біркелкілігі халықаралық жол қозғалысын жеңілдету және жолдарда қауіпсіздікті арттыру үшін қажет екенін мойындай отырып, төмендегілер туралы келісті:
Бірінші тарау. Жалпы ережелер
Осы Конвенцияның ережелерін қолдау кезінде төмендегі терминдер осы бапта берілетін мағынасына ие болады: а) Уағдаласушы Тараптың «ұлттық заңнамасы» термині осы Уағдаласушы Тараптың аумағында қолданылатын ұлттық немесе жергілікті заңдар мен ережелердің жиынтығын білдіреді; b) «елді мекен» термині оған кіретін және одан шығатын жолдар арнайы тиісті белгілермен белгіленген немесе Ұлттық заңнамада қандайда бір өзгеше түрде айқындалған, құрылысы бар аумақты білдіреді; с) «жол» термині қозғалыс үшін ашық кез-келген жол немесе көше бөлігінің барлық жолағын білдіреді; d) «жолдың жүріс бөлігі» көбінесе, көлік құралдарының қозғалысы үшін пайдаланылатын жолдың бөлігін білдіреді; жолдың нақты, әсіресе бөлу жолағымен шектелген немесе әр түрлі деңгейдегі бірнеше жүріс бөлігі болуы мүмкін; с) «қозғалыс жолағы» термині жолдың жүріс бөлігінің бөлінуі мүмкін, ұзына бойғы таңбамен белгіленген немесе белгіленбеген, бірақ автомобильдердің, мотоциклдерден басқа, өзге де көліктердің бір қатармен қозғалуы үшін жеткілікті жолағы бар ұзына бойғы жолақтардың кез-келгенін білдіреді; f) «көше қиылысы» термині бір деңгейдегі кез-келген қиылысты, осындай қиылыстармен, қосылған жерлермен немесе тармақтармен құрылған аумақты коса алғанда, жолдардың қосылған жерлерін немесе тармақтарын білдіреді; g) «темір жол өткелі» термині тәуелсіз төсемі бар, жолдың темір жол немесе трамвай жолдарымен бір деңгейдегі кез-келген қиылысын білдіреді; h) «автомагистраль» термині автокөлік құралдарының қозғалысы үшін арнайы салынған және соған арналған, жол жиегіндегі жолдарға қызмет көрсетпейтін, және і) жекелеген орындарды қоспағанда немесе уақыт тәртібінде, қозғалысқа арналмаған болу жолағы арқылы немесе ерекше жағдайларда, басқа құралдармен бір-бірінен бөлінген, қозғалыстың екі бағытына арналған жеке жүріс бөліктері бар; іі) жолдармен де, трамвай жолдарымен де, жаяу жүргінші жолдарымен де бір деңгейде қиылысы жоқ; ііі) автомагистраль ретінде арнайы белгіленген жолды білдіреді; і) көлік құралы: і) егер адамдарды отырғызу немесе түсіру, не болмаса жүктерді тиеу немесе түсіру үшін қажетті уақыт кезеңіне қозғалыссыз күнге келтірілген болса, «тоқтатылған»; іі) егер басқа да жол пайдаланушысымен немесе қандайда бір кедергімен қақтығысудан аулақ болу немесе қозғалыс ережелерінің ұйғарымдарын орындау қажеттігінен өзге себеп бойынша қозғалыссыз күнге келтірілген болса және оны тоқтату адамдарды отырғызу немесе түсіру, не болмаса жүктерді тиеу немесе түсіру үшін қажетті уақытпен шектелмесе, «тұрақта тұрған» деп есептеледі; Алайда Уағдаласушы тараптар жоғарыда, іі) тармағында белгіленген жағдайларда қозғалыссыз күнге келтірілген көлік құралдарын, егер бұл жай-күйдің ұзақтығы ұлттық заңнамада белгіленген уақыт шегінен аспаса «тоқтатылған» және жоғарыда, і) тармағында белгіленген жағдайларда қозғалыссыз күйге келтірілген көлік құралдарын, егер бұл жай-күйдің ұзақтығы ұлттық заңнамада белгіленген уақыт шегінен асса «тұрақта тұрған» деп есептеуі мүмкін; j) «велосипед» термині қалай болғанда да екі доңғалағы бар және осы көлік құралындағы адамның бұлшық еті энергиясымен, әсіресе, тепкі мен тұтқыштың көмегімен қозғалысқа келтірілетін кез-келген көлік құралын білдіреді; k) «аспалы қозғалтқышы бар велосипед» 50 куб. см (дюймнің 3,05 кубы) аспайтын цилиндр көлемінде ішкі тұтанғыш қозғалтқышымен жабдықталған және ең жоғарғы конструктивтік жылдамдығы 50 км/сағ (сағатына 30 миль) аспайтын, кез-келген екі немесе үш доңғалағы бар көлік құралын білдіреді; алайда Уағдаласушы тараптар өз ұлттық заңнамаларына сәйкес оларды пайдалану мүмкіндігіне, әсіресе оларды тепкілердің көмегімен қозғалысқа келтіру мүмкіндігіне карай велосипедтердің сипатына жатпайтын немесе өзінің ең жоғары конструктивті жылдамдығы, салмағы немесе қозғалтқыштың кейбір сипаттамалары бойынша белгіленген шектен асатын көлік құралдарын аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер деп есептемеуі мүмкін. Осы анықтамалардың бірде-бір ережесі жол қозғалысына қатысты өз ұлттық заңнамаларының ұйғарымдарын қолданған кезде аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді велосипедтерге толық теңеу үшін Уағдаласушы тараптарға кедергі ретінде түсіндірілмеуі тиіс; l) «мотоцикл» термині қозғалтқышы бар, коляскалы және коляскасыз кез-келген екі доңғалақты көлік құралын білдіреді. Уағдаласушы тараптар өз ұлттық заңнамасында мотоциклдерге жүктемесіз салмағы 400 кг (900 фунт) аспайтын, үш доңғалақты көлік құралдарын теңестіре алады. «Мотоцикл» терминіне аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер кірмейді, алайда Уағдаласушы тараптар осы Конвенцияның 54-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті өтініш білдірген жағдайда, осы Конвенцияны қолданған кезде аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді мотоциклдерге теңестіре алады. Мотоциклдерге жүктемесіз салмағы 400 кг аспайтын үш доңғалақты көлік құралдары теңестіріледі. m) «механикалық көлік құралы» термині аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді қоспағанда, оларды мотоциклдерге теңестірмейтін Уағдаласушы тараптардың аумағында және рельстік көлік құралдарын қоспағанда, кез-келген өзі жүретін көлік құралын білдіреді; n) «автомобиль» термині жолдар бойынша адамдарды немесе жүктерді тасымалдауға немесе адамдар мен жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарын жолдарда буксирге алуға арналған механикалық көлік құралын білдіреді; o) «тіркеме» термині оны механикикалық көлік құралымен буксирге алуға арналған кез-келген көлік құралын білдіреді; бұл термин сондай-ақ жартылай тіркемелерді де қамтиды; р) «жартылай тіркеме» термині оның бөлігін автомобильге таяу, автомобильге тіркеуге арналған кез-келген тіркемені білдіреді және оның соңғысы жартылай тіркеме мен оның жүгінің салмағының едәуір бөлігін тартады; q) «жүргізуші» («мал айдаушы») термині көлік құралын, автомобильді және т.б. (велосипедтерді қосқанда) басқаратын немесе жыл бойында мал, табын, жегілген, теңдеп жүк артылған немесе салт мінетін жануарларды айдайтын барлық адамды білдіреді; r) «рұқсат етілген ең жоғары салмақ» термині көлік құралы тіркелген, мемлекеттің құзырлы органы рұқсат берілгенін жариялаған тиелген көлік құралының ең жоғары салмағын білдіреді; s) «жүктемелі салмақ» термині тиелген көлік құралының, экипаждың және жолаушылардың нақты салмағын білдіреді; t) «қозғалыстың бағыты» және «қозғалыс бағытына сәйкес» терминдері егер көлік құралының жүргізушісі ұлттық заңнамаға сәйкес басқа көлік құралымен кездескен жағдайда, оны сол жағынан өткізуге тиіс болса, оң жақты білдіреді; керісінше жағдайда, бұл терминдер сол жақты білдіреді; u) жүргізушілерге арналған басқа көлік құралдарына «жол беру» ұйғарымы, егер жүргізушіні басқа көлік құралдарының жүргізушілерін кенеттен қозғалыс бағытын немесе жылдамдықты өзгертуге мәжбүр етсе, қозғалысты жалғастыруға немесе қайта бастауға немесе маневр жасауға тиіс еместігін білдіреді.
Осы Конвенцияға төмендегі қосымшалары оның ажырамас бөлігі болып табылады: 1-қосымша: Қиылыстар мен темір жол өтпелеріне жақын жерлерге қойылатын белгілерден басқа ескерту белгілері 2-қосымша: Қиылыстарда жүруге басым құқықты реттейтін белгілер, қиылыстарға жақын жерлерге орнатылатын ескерту белгілері және жолдың тар учаскелерінде жүруге басым құқықты реттейтін белгілер 3-қосымша: Темір жол өтпелеріне қатысты белгілер 4-қосымша: Жүруге, аялдауға және тұруға басым құқыққа қатысты белгілерді қоспағанда, міндетті нұсқаманы білдіретін белгілер 5-қосымша: Тұруға қатысты белгілерді қоспағанда, сілтеме белгілер 6-қосымша: Аялдауға және тұруға қатысты белгілер 7-қосымша: Қосымша кестелер 8-қосымша: Жолдарды белгілеу 9-қосымша: 1-7-қосымшаларда айтылған сигналдық белгілердің, белгілеулер мен кестелердің түрлі түсті суреті.
3-бап. Уағдаласушы Тараптардың міндеттемелері
1. а) Осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары онда белгіленген жол белгілері мен сигналдарының және жол таңбаларының жүйесін қабылдайды және оны мүмкіндігінше қысқа мерзімде іске асыруға міндеттенеді. Осы мақсатта: і) осы Конвенция сигналдық белгіні, белгілеулерді немесе ұйғарымды көрсетуге немесе жолды пайдаланушыларға белгілі бір ақпаратты хабарлауға арналған таңбаларды белгілеген жағдайда, Уағдаласушы Тараптар осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген мерзімдерді сақтай отырып, осы ұйғарымды көрсетуге немесе осы ақпаратты хабарлауға арналған басқа сигналдық белгіні, белгілеуді немесе таңбаларды қабылдамауға міндеттенеді; іі) осы Конвенция сигналдық белгіні, белгілеулерді немесе ұйғарымды көрсетуге немесе жолды пайдаланушыларға белгілі бір ақпаратты хабарлауға арналған таңбаларды көздемеген жағдайда, Уағдаласушы Тараптар осы мақсатта егер Конвенцияда бұл сигналдық белгі, белгілеу немесе таңба өзге мағынасы бар нұсқауларды көздемеген және олар онда белгіленген жүйеге сәйкес келген жағдайда, өздері таңдаған сигналдық белгіні, белгілеуді немесе таңбаны пайдалана алады. b) Қозғалысты бақылауды жақсарту үшін және тәжірибелер өткізудің қажеттілігіне байланысты осы Конвенцияға түзетулер енгізуді ұсынбас бұрын, Уағдаласушы Тараптар эксперимент түрінде және уақытша тәртіппен жолдың кейбір учаскелерінде осы Конвенцияның ережелерінен шегініс жасауы мүмкін. 2. Уағдаласушы Тараптар өз аумағында осы Конвенция күшіне енген күнінен бастап төрт жылдан кешіктірмей, олар осы Конвенцияда белгіленген жүйенің сигналдық белгілеріне, белгілеулеріне, құрылғылары мен таңбаларына сырттай сәйкес болған кезде осы Конвенцияда сигналдық белгілерге, белгілеулерге, құрылғылары мен таңбаларға берілгеннен өзге мағына бере алатын нұсқауларды көрсететін барлық сигналдық белгілерді, белгілеулерді, құрылғылар мен таңбаларды ауыстыруға және толықтыруға міндеттенеді. 3. Уағдаласушы Тараптар өз аумағында осы Конвенция күшіне енген күнінен бастан он бес жыл ішінде осы Конвенцияда белгіленген жүйеге сәйкес келмейтін барлық сигналдық белгілерді, белгілеулерді, құрылғылар мен таңбаларды ауыстыруға міндеттенеді. Осы кезең ішінде жолды пайдаланушылар осы Конвенцияда белгіленген жүйеге үйрену үшін осы Конвенцияда көзделген сигналдық белгілермен және белгілеулермен қатар бұрынғы сигналдық белгілерді және белгілеулерді қолдана алады. 4. Осы Конвенцияның ешбір ережесі Уағдаласушы Тараптарға осы Конвенцияда белгіленген сигналдық белгілер мен таңбалардың барлық түрлерін қабылдау міндетін жүктеу ретінде түсіндірілмеуге тиіс. Керісінше, Уағдаласушы Тараптар өздері қабылдайтын сигналдық белгілер мен таңбалардың санын қажетті минимуммен шектейді.
Уағдаласушы Тараптар: а) қозғалысты реттеуге арналған белгіде, оның тіреуішінде немесе кез-келген басқа құрылғыда осы сигналдық белгіге немесе құрылғыға қатысы жоқ нәрселерді орналастыруға; алайда, егер Уағдаласушы Тараптар немесе олардың аумақтық бөліністері материалдық пайда табу мақсатын көздемейтін қандайда бір қауымдастыққа нұсқау белгілерін орнатуға рұқсат етсе, олар белгілердің мағынасын түсінуді қиындатпаған жағдайда осы қауымдастық эмблемасын осы белгіде немесе оның тіреуішінде белгілеуге жол береді; b) қозғалысты реттеуге арналған сигналдық белгілер немесе басқа да құрылғылар ретінде қабылдануы не болмаса олардың байқалуын немесе тиімділігін төмендетуі мүмкін немесе осылайша жол қозғалысы үшін қауіптілік тудыра отырып, жолды пайдаланушылардың көздерін қарықтыратын немесе олардың назарын аударатын плакаттарды, жарнамаларды орналастыруға, таңбалар салуға және құрылғылар орнатуға тыйым салу үшін шаралар қабылдауға міндеттенеді.
II Тарау. Жол белгілері мен сигналдары 5-бап
1. Осы Конвенцияда ұйғарылған жүйеде сигналдық белгілердің мынадай санаттары ерекшеленеді: а) қауіптілік туралы ескерту белгілері: бұл белгілердің мақсаты жолды пайдаланушыларға жолдардағы қауіп және сол қауіптің сипаты туралы ескерту; b) міндетті ұйғарымды білдіретін белгілер: бұл белгілердің мақсаты жолды пайдаланушыларға оларды сақтауы тиіс міндеттемелер, шектеулер мен арнайы тыйым салулар туралы хабарлау; олар: і) жол жүрудің басымдылық құқығының белгілері; іі) тыйым салатын немесе шектейтін белгілер; ііі) алдын ала жазылатын белгілер; с) нұсқау белгілері; бұл белгілердің мақсаты жолды пайдаланушыларға олар келе жатқан жол бойынша қажетті ақпарат немесе басқа да пайдалы нұсқаулар беру; олар: і) бағыттарды алдын ала көрсету белгілері; іі) бағыттарды көрсету белгілері; ііі) маршрутты маркілер; іv) атауларды көрсету белгілері; v) растайтын белгілер; vі) көлік құралдарының жүргізушілеріне пайдалы нұсқаулар беретін басқа да белгілер; vіі) жолды пайдаланушылар үшін пайдалы болуы мүмкін объектілерді белгілейтін басқа да белгілер болып бөлінеді. 2. Осы Конвенция бірнеше белгілер мен белгілеулердің арасынан таңдап алу мүмкіндігін берген жағдайларда: а) Уағдаласушы Тараптар өзінің барлық аумағында тек қана бір белгі немесе белгілеуді қолдануға міндеттенеді; b) Уағдаласушы Тараптар өңірлік деңгейде сол белгінің немесе сол белгілеудің таңдалып алыну үшін келісімге кол жеткізуге тырысуға тиіс; с) Осы Конвенцияның 3-бабы 3-тармағының ережелері таңдалып алынбаған сигналдық белгілер мен белгілеулерге қолданылады.
1. Белгілер оларға арналған белгілер жүргізушілерге тез және дер кезінде танылатындай орналастырады. Көбінесе олар қозғалыс бағытына сәйкес келетін жолдың бетіне орналастырылады; алайда олар жолдың жүріс бөлігіне орналастырылуы немесе қайталануы мүмкін. Қозғалыс бағытына сәйкес келетін жолдың бетіне орналастырылған кез-келген белгі жүріс бөлігінде немесе жергілікті жағдайлар олар үшін арналған белгіні көлік құралдарының жүргізушілері уақытында байқамауы мүмкін болса, жолдың қарсы бетінде қайталануы керек. 2. Әр белгінің әрекеті ол арналған жүргізушілердің жол қозғалысы үшін ашық жүріс бөлігінің барлық еніне таратылады. Алайда белгінің әрекеті жүріс бөлігінде ұзына бойғы таңбамен бөлінген бір немесе бірнеше қозғалыс жолақтарымен шектелуі мүмкін. 3. Құзырлы органдардың пікірі бойынша, бөлек жүріс бөліктері бар жолдың жиегінде орналасқан сол немесе өзге белгі тиімсіз болып табылғанда, ол айырым жолағында орналастырылуы мүмкін, бұл жағдайда оны жол жиегінде қайталамауға болады. 4. Ұлттық заңнамада мыналарды ескерту ұсынылады: а) белгілер жүріс бөлігіндегі көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірмейтіндей орналастырылады, ал жолдың жиегінде орнатылған белгілер жаяу жүргіншілердің қозғалысына мейлінше аз шамада кедергі келтіруі тиіс. Белгі орналасқан жақтан жол деңгейінің жиегі мен белгінің төменгі шетінің арасындағы қашықтық мүмкіндігінше сол жол бойындағы бір немесе сол санаттағы белгілер үшін неғұрлым немесе анағұрлым бірдей болуы тиіс; b) белгілердің көлемі алыстан жақсы көрінетіндей және оған жақындаған кезде жеңіл айыруға болатындай болуы тиіс; осы тармақтың тармақшасының ережелеріне қатысты түсінік бере отырып, белгілердің көлемі көлік құралдарының әдеттегі жылдамдығын ескеріп белгіленеді; с) ескерту белгілері мен міндетті ұйғарымды білдіретін белгілердің көлемі әр Уағдаласушы Тараптың аумағында стандартталуы тиіс. Әдетте, сигналдық белгілердің әр түрі үшін көлемнің төрт санаты белгіленеді: кіші, қалыпты, үлкен және өте үлкен көлемдер. Кіші көлемді белгілер қалыпты көлемдегі белгіні орнату жағдайы болмағанда немесе тек төмен жылдамдықта ғана қозғалу рұқсат етілген жағдайда орнатылады. Олар алда кездескен белгіні қайталау үшін орнатылуы да мүмкін. Үлкен көлемді белгілер жылдам қозғалысы бар өте кең жолдарда орнатылуы тиіс. Өте үлкен көлемді белгілер жоғары жылдамдығы бар жолдарда, оның ішінде автомагистральдарда орнатылуы тиіс.
1. Ұлттық заңнамада мыналарды көздеу ұсынылады: жол белгілері, әсіресе, ескерту және міндетті ұйғарымды білдіретін белгілер, елді мекендердің жарықталған көшелерінде аялдауды немесе тұруды реттейтін белгілерді қоспағанда, түнде жақсы көрінуі және жеңіл оқылуы үшін оларды жарықтандыру керек немесе ол жолды пайдаланушылардың көзін жарықтандыруға әкеп соқпайтын жағдайда, жарық қайтарғыш материалдар мен құрылғыларды пайдалану қажет. 2. Осы Конвенцияның ешбір ережесі кейбір сағаттарға немесе кейбір күндерге қатысты хабарлау немесе ескерту үшін оларда жазылған ақпарат әрекет еткен жағдайда ғана көрінетін белгілерді пайдалануға тыйым салмайды.
1. Белгілердің халықаралық көлемде түсінікті болуын жеңілдету үшін осы Конвенцияда белгіленген жол белгілері мен сигналдарының жүйесі белгілердің әрбір санатына тән нысандар мен түстерге, сондай-ақ басқа мүмкін болған барлық жағдайларда, жазбаларда емес, сызба белгілеулерге негізделген. Егер Уағдаласушы Тараптар көзделген белгілеулерге қандайда бір өзгерістер енгізуді қажет деп есептесе, бұл өзгерістер сигналдық белгілердің негізгі сипаттамасын өзгертуге тиіс емес. 2. Осы Конвенцияның 3-бабының 1-тармағы а, іі-тармақшаларының ережелеріне сәйкес Конвенцияда көзделмеген сигналдық белгілерді немесе белгілеулерді қабылдауға ниет білдірген Уағдаласушы Тараптар өңірлік көлемде осы жаңа сигналдық белгіге немесе белгілеуге қатысты келісімге қол жеткізуге тырысу керек. 3. Осы Конвенцияның ешбір ережесі сигналдық белгілерді түсіндіруді жеңілдету үшін сигналдық белгінің астыңғы жағынан орналастырылатын тікбұрышты табличкаға немесе сигналдық белгіні құрайтын тікбұрышты қалқанның ішіне жазба қосуға тыйым салмайды; мұндай жазба оны түсіне алмайтын жүргізушілелдің түсінуін қиындатпайтын жағдайларда белгінің өзіне орналастырылуы мүмкін. 4. Құзырлы органдар сигналдық белгінің немесе белгілеулердің мағынасын нақтылау не болмаса міндетті ұйғарымды білдіретін белгілердің әрекетін шектеу қажет деп есептеген жағдайларда, жолды пайдаланушылардың кейбір санаттары немесе кейбір уақыт кезеңдері және қажетті нұсқаулар осы Конвенцияға қосымшаларда айқындалған жағдайларда қосымша белгі немесе сан ретінде көрсетілмесе, белгі астындағы тікбұрышты табличкаға жазба орналастырылады, бұл ретте жазбаларды сол табличкаға орналастырылатын бір немесе бірнеше графикалық белгілеулермен ауыстыру немесе толықтыру мүмкіндігі сақталады. 5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген жазбалар ұлттық тілде немесе бір немесе бірнеше Ұлттың тілінде жазылады, сонымен катар егер тиісті Уағдаласушы Тарап қажет деп есептесе, басқа тілдерде де, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдерінде де жазылады.
Ескерту белгілері
1. Осы Конвенцияға 1-қосымшаның А бөлімінде ескерту белгілерінің үлгілері аталған, ал осы қосымшаның В бөлімінде осы сигналдық белгілерде орналастырылатын белгілеулер, сондай-ақ осы белгілерді пайдалануға қатысты кейбір ұйғарымдар келтірілген. Алайда көше қиылысына жақындағаны туралы ескертетін белгілер мен белгілеулер осы Конвенцияға 2-қосымшада, темір жол өтпесіне жақындағаны туралы ескертетін белгілеулер осы Конвенцияға 3-қосымшада сипатталған. Осы Конвенцияның 46-бабының 2-тармағына сәйкес әрбір мемлекет ескерту белгілері үшін қай үлгіні: А(а) немесе А(b) таңдап алғаны туралы Бас Хатшыға мәлімдейді. 2. Ескерту белгілері қажеттілігі болмаса, қайталанбауы тиіс, бірақ мұндай белгілер қажетті сақтық жасайтын жүргізушінің дер кезінде байқауына қиындық тудыратын ықтимал жол қаупін белгілеу үшін орнатылуы керек. 3. Ескерту белгілері қауіпті учаскеден, жол мен қозғалыс жағдайларын, атап айтқанда көлік құралдары қозғалысының әдеттегі жылдамдығы мен ол жерден белгі көрінетін қашықтықты ескере отырып, күндіз де, түнде де олардың ең жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін қашықтықта орнатылуы тиіс. 4. Сигналдық белгі мен қауіпті учаскенің басталуы арасындағы қашықтық осы Конвенцияға 7-қосымшаның 1-үлгісіндегі қосымша табличкада көрсетілуі мүмкін, ол аталған қосымшаның ережелеріне сәйкес орнатылады; бұл нұсқау белгі мен қауіпті учаскенің басталуы арасындағы қашықтықты жүргізушілер анықтай алмағанда және олардың әдеттегі күткенінен де өзге жағдайда берілуі тиіс. 5. Ескерту белгілері, көбінесе, автомагистральдарда және оларға теңестірілген жолдарда қайталануы мүмкін. Егер ескерту белгілері қайталанса, белгі мен қауіпті жол учаскесінің арасындағы қашықтық осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес көрсетілуі тиіс. Алайда айырылатын көпірлер мен темір жол өтпелерінің алдында орнатылатын ескерту белгілеріне қатысты Уағдаласушы Тараптар осы баптың ережелерінің орнына 35-баптың 3-тармағының ережелерін немесе осы Конвенцияға 1-қосымшаның В бөлімінің 5-тармағын қолдана алады. 6. Егер ескерту белгісі қауіптілікті көрсету үшін жолдың ұзын кесіндісінде орнатылса (мысалы, қауіпті бұрылыстар, жолдың жүріс бөлігінің кескіні нашар жағдайда) және осы кескіннің ұзындығын көрсету қажет деп есептелсе, тиісті нұсқау осы Конвенцияға 7-қосымшаның 2-үлгісінің қосымша табличкасында беріледі, ол аталған қосымшаның ережелеріне сәйкес орналастырылады. Аялдауға немесе тұруға қатысты белгілерден басқа, міндетті нұсқауларды білдіретін белгілер
10-бап. Жол жүрудің басымдылық құқық белгілері
1. Көше қиылыстарында жол жүрудің басымдылық беретін ерекше ережелерін жолды пайдаланушылардың назарына жеткізу мақсаты бар сигналдық белгілер осы Конвенцияға 2-қосымшаның А бөлімінде сипатталған В,1, В,2, В,3 және В,4 белгілері болып табылады. Жолдың тар учаскелерінде жол жүрудің басымдылық беретін ерекше ережелерін жолды пайдаланушылардың назарына жеткізу мақсаты бар сигналдық белгілер 2-қосымшаның С бөлімінде сипатталған В,5 және В,6 белгілері болып табылады. «Басты жолмен қиылысу» В,1 сигналдық белгісі жүргізушілердің осы белгі орнатылған көше қиылысында ол жақындаған жолмен қозғалып келе жатқан көлік құралына жол беруі тиіс екендігін көрсету үшін қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |