|
|
|
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы (2014.25.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 238 Қаулысымен күші жойылды
«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі; 2) Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 630-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 645 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 329-құжат); 3) «Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1039 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 492-құжат). 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 969 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 қаулысымен бекітілген
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі
Ескертпе: * Елді мекен «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес айқындалады. ** Жеке қолжетімділік: 1) жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін абоненттік желіні телефон желісіне қосу арқылы іске асырылады; 2) Интернет желісіне сымсыз қолжетімділік қызметін көрсету үшін абоненттік құрылғыны ұсынумен сымсыз арнайы ұйымдастыру арқылы іске асырылады. *** Ұжымдық қолжетімділік: 1) жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін мынадай тәсілдердің бірімен іске асырылады: таксофондарды орнату; осы қызметке ұжымдық қолжетімділік пункттерін ұйымдастыру (телекоммуникация қызметтеріне ұжымдық қолжетімділік пункттері жұмысының режимі еңбек туралы заңнамаға сәйкес айқындалады); 2) Интернет желісіне ұжымдық қолжетімділік қызметтерін көрсету үшін осы қызметке ұжымдық қолжетімділік пункттерін ұйымдастыру арқылы (телекоммуникация қызметтеріне ұжымдық қолжетімділік пункттері жұмысының режимі Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес айқындалады) іске асырылады.
Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 қаулысымен бекітілген
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету кезінде әмбебап қызмет көрсету операторы (бұдан әрі - Оператор) шеккен шығындарды өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау тәртібін (бұдан әрі - Субсидиялар) анықтайды. 2. Селолық елді мекендерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдар, егер бұл конкурс нәтижелерімен немесе телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттемелерді осы аумақта ортақ пайдаланатын телекоммуникация желілерінің үстем байланыс операторына шарт негізінде жүктеу талаптарымен айқындалған болса, субсидиялануға тиіс. 3. Қалаларда телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдар субсидияланбайды. 4. Субсидиялар мөлшерін айқындау кезінде Оператор қызмет түрлері бойынша, көрсетілетін байланыс қызметтері және осы қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын байланыс желісінің бөліктері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін (бұдан әрі - бөлек есеп) жүзеге асыруға міндетті. 5. Қызмет түрлері бойынша, көрсетілетін байланыс қызметтері және осы қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын байланыс желісінің бөліктері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүзеге асыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, субсидиялар мөлшері конкурстың нәтижелері бойынша немесе үстем байланыс операторына телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттемелерді жүктеу талаптарымен анықталады. 6. Субсидиялар мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Оператордың бөлек есебінің деректерін ескере отырып айқындайды. Бөлек есептің деректерін нақтылау үшін уәкілетті орган Оператордан ол тиісті сұрауды алған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынатын ақпаратты сұрайды.
7. Операторға төленетін субсидиялар мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген субсидиялар мөлшерінен аспауы қажет және телекоммуникацияның залалды әмбебап қызметтерін көрсетуден болған шығыстар мен нақты кірістер арасындағы айырма ретінде айқындалады. Нақты кірістер шығыстардан асып түсетін телекоммуникацияның әмбебап қызмет түрлерінің кірісі субсидияланбайды. 8. Операторларға субсидиялар уәкілетті орган мен Оператор арасында ағымдағы жылға арналған телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсетуге жасалған шарттың (бұдан әрі - Шарт) негізінде тоқсан сайын нақты көрсетілген телекоммуникацияның әмбебап қызметтері көлеміне төленеді. ҚР Үкіметінің 2014.25.11. № 1231 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Телекоммуникацияның көрсетілген әмбебап қызметтерінің нақты кірістері, көлемі және сапасы туралы деректер осы Ережеге 1-қосымша түрінде ресімделеді және оны Оператор уәкілетті органға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның бірінші айының 15-күніне дейін ұсынады. Төртінші тоқсанның деректері есепті жылдың 10 желтоқсанына дейін беріледі. 10. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін Операторға залалдарды өтеу үшін Уәкілетті орган осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес субсидиялар мөлшері туралы ведомость жасайды. ҚР Үкіметінің 2014.25.11. № 1231 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Уәкілетті орган есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 22-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органына Операторға телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдарды өтеу үшін субсидиялар мөлшері туралы ведомость пен төлем шотын ұсынады. Төртінші тоқсанның деректері есепті жылдың 20 желтоқсанына дейін беріледі.
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 969 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.25.11. № 1231 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесіне 1-қосымша
20__ жылғы ____ тоқсандағы телекоммуникацияның көрсетілген
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 969 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесіне 2-қосымша
Операторға жеке қолжетімділік арқылы телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдарды өтеуге арналған субсидиялар мөлшері туралы
Уәкілетті орган _____________ Уәкілетті адамның Т.А.Ә.______________
Операторға ұжымдық қолжетімділік арқылы телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдарды өтеуге арналған субсидиялар мөлшері туралы
Уәкілетті орган _______ Уәкілетті адамның Т.А.Ә.__________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |