ҚР Индустрия және сауда министрінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 24 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 18 бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құзыреті шегінде сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 6. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрімен (бүдан әрі - Министр) келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді. 7. Комитеттің заңды мекен -жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор кошесі, 8-үй. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|