|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1157 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1157 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 45, 532-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: кіріспедегі «монополиялар» деген сөзден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесінде: 1-тармақтағы «монополиялар» деген сөзден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»; мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын: «төтенше реттеуші шаралар - азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкілетті орган қабылдайтын шаралар;»; 4-тармақ 2) тармақшадағы «бойынша» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) төтенше реттеуші шара ретінде»; 6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Төтенше реттеуші шара ретінде, оның ішінде стратегиялық тауарлардың құны ұлғайған кезде тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қайта қараған жағдайда субъект өтініммен бірге өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаны және тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын ұсынады.»; мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекітуге арналған өтінімге мыналар қоса беріледі: 1) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекіту себептерін көрсете отырып, түсіндірме жазба; 2) осы Ереженің 5-тарауының талаптарына сәйкес осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша тарифтік сметаның жобасы. Бұл ретте стратегиялық тауарлардың құны ұлғайған жағдайда тарифтік сметада, оларды коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарға пайдалануды қоспағанда, стратегиялық тауарларды пайдалануды қамтитын шығындардың баптары ғана түзетіледі; 3) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекіту қажеттілігін растайтын құжаттар. Стратегиялық тауарлардың құны ұлғайған жағдайда төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекіту қажеттілігін растайтын құжаттар ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекітуге арналған өтінімге шарттар, шот-фактуралар, шығындар деңгейінің есептемелері қоса беріледі.»; 12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Осы тармақтың талабы төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекітуге арналған өтінімді қарау жағдайына қолданылмайды.»; 16-тармақ «субъектіге» деген сөзден кейін «, ал төтенше реттеуші шара ретінде оларды қолданысқа енгізгенге дейін бес күннен кешіктірмей субъектілерге» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын: «18-1. Төтенше реттеуші шара ретінде тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қолданысқа енгізу уәкілетті орган белгілейтін күннен бастап жүзеге асырылады.»; мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын: «19-1. Уәкілетті орган төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту туралы шешім қабылдайды, бұл ретте осы Ереженің 5-тармағының, 8-тармағы 2), 3) тармақшаларының және 9, 11, 18-тармақтарының талаптары қолданылмайды.»; көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 556 қаулысына қосымша
Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесіне 1-қосымша
_____________________________________________________________________ (субъектінің атауы)
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтік смета
Басшы __________________________________________________________________________________________________________________ (лауазымы, қолы, тегі және аты-жөні)
М.О
*- шығындар қыжет болған кезде кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |