|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат.) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде: «бюджеттердің, бюджеттік есеп пен бюджеттердің атқарылуы туралы есептіліктің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша есеп пен есептіліктің атқарылуы» деген сөздер «республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөнінде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті атқару, жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын; «түсуін» деген сөз «түсу» деген сөзбен ауыстырылсын; «міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударудың» деген сөздер «жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің» деген сөздермен ауыстырылсын; «қамтамасыз ету,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу, өз құзыреті шегінде экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету,» деген сөздермен толықтырылсын; 1) тармақшада «бюджеттердің атқарылуы, бюджеттік есеп пен бюджеттердің атқарылуы туралы есептілік» деген сөздер «бюджеттің, бухгалтерлік есеп пен бюджеттік есепке алудың, қаржылық және бюджеттік есептіліктің, аудиторлық қызметтің атқарылуы» деген сөздермен ауыстырылсын; «қалыптастыруға қатысу» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу» деген сөздермен толықтырылсын; 5), 8), 9) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «5) мемлекеттік сатып алу, республикалық және жергілікті бюджеттердің, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алудың, қаржылық және бюджеттік есептіліктің атқарылуы саласында, кеден ісі, мемлекеттік меншік мониторингі саласында салааралық үйлестіру және әдіснамалық басшылық ету;»; «8) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсыну, есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету; 9) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;»; «12) мемлекеттік, республикалық бюджет бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша түсімдері жоспарларының орындалуы туралы, мемлекеттік, республикалық бюджет бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді жасау;»; 17) тармақша алынып тасталсын; 18) тармақшада «Қазақстан Республикасы» деген сөздердің алдынан «тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетін» деген сөздермен толықтырылсын; 19), 20) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «19) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есепті, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті беру; 20) мемлекет кепілгерлігі шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекет кепілгерлігін беру;»; «22) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын шарттарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру;»; 24) тармақшада «келіссөздер жүргізу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз шарттарына қол қою,» деген сөздер алынып тасталсын; 25) және 26) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «25) бюджеттік мониторингі жүзеге асыру; 26) мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету мониторингі, сондай-ақ мемлекеттің кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді оның орындауына байланысты туындаған мемлекет талаптары; 36), 44) және 45) тармақшалар алынып тасталсын; 53) тармақшада «тізбеге енгізу үшін тиісті сала уәкілетті мемлекеттік органдары беретін» деген сөздер «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын; 65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «65) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру;»; мынадай мазмұндағы 65-1) тармақшамен толықтырылсын: «65-1) бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге енгізу (мемлекеттік тізілімге шығару) жолымен бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;»; 81) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «81) жекешелендіру шарттарын, нысанын және түрін анықтау;»; 83) тармақша алынып тасталсын; 84) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «84) қажет болған жағдайда, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу үшін тәуелсіз сарапшыларды тарту;»; 109) тармақшада «оңалту» деген сөздің алдынан «дәрменсіз борышкердің» деген сөздермен толықтырылсын; 111) тармақшадағы «тануды келісу» деген сөздер «тануға келісім беру» деген сөздермен ауыстырылсын; 124) тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «124) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындау;»; 125) тармақшада «ақпараттық» деген сөздің алдынан «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 125-1) тармақшамен толықтырылсын: «125-1) мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналасқан ақпаратты сақтау тәртібін айқындау;»; 126), 134), 136), 137), 138), 143), 147), 149), 151) және 159) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «126) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету тәртібін айқындау;»; «134) өз құзыреті шегінде салықтық міндеттеменің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндіруді және түсініктеме беруді жүзеге асыру;»; «136) бюджетке түсетін түсімдерді есепке алудың толықтығын және уақтылығын қамтамасыз ету; 137) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді есепке алу және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына аудару; 138) операцияларды шетелдік валютада жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргізу;»; «143) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығы қабылданған күнгі жағдай бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілген, нақтыланған, түзетілген көрсеткіштерін және олардың кассалық атқарылуын ұсыну;»; «147) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерістерді талдау және өндіргіш күштердің дамуын болжау мақсатында негізгі өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де өлшемдер бойынша мониторинг объектілерін қадағалау;»; «149) мемлекеттік меншік мониторингі мән-жайы бойынша ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектілерін жүйелі зерттеу жүргізуді ұйымдастыру;»; «159) сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін бақылау;»; 165) тармақшада «республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде мемлекеттік қаржылық бақылау» деген сөздер «бақылау» деген сөзбен ауыстырылсын; 174) тармақшада «салық қызметі органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға жәрдемдесу» деген сөздер «мемлекеттік органдарға жәрдем көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын; 177) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «177) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;»; «салықтардың, өсімпұлдардың және айыппұлдардың есептелген сомасы бөлігінде» деген сөздер «салық төлеушілердің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне» деген сөздермен ауыстырылсын; «тәртіпте» деген сөз «тәртіппен және мерзімдерде» деген сөздермен ауыстырылсын; 182) тармақшада «ұйғарымдарды» деген сөз «ұсыныстарды» деген сөзбен ауыстырылсын; 192) тармақшада «мақсатсыз, негізсіз және тиімсіз пайдалануды» деген сөздер «пайдаланған кезде бұзушылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын; 197) тармақшада «нұсқамалардың» деген сөз «ұсыныстардың» деген сөзбен ауыстырылсын; 198) тармақша «, қажет болған кезде мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері ұсынған есеп деректерінің, материалдарының және ақпараттарының дұрыстығын тексеру» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 198-1) тармақшамен толықтырылсын: «198-1) мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық қамту туралы заңнаманың сақталуын бақылау;»; 199) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «199) бюджеттік кредиттер, концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін, байланысты гранттарды және мемлекет активтерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуын бақылау;»; 200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «200) бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын бақылау;»; 203) тармақша алынып тасталсын; төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «құқық қорғау органдарының қаулылары түскен;»; алтыншы абзац алынып тасталсын; 205) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «205) мынадай салықтық бақылауды жүзеге асыру: салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу; салық нысандарын қабылдау; камералды бақылау; салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу; салықтық тексеру; ірі салық төлеушілердің мониторингі; салықтық тексерістер; бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуын бақылау; акцизделетін тауарларды бақылау; трансферттік баға белгілеу кезінде бақылау; мемлекеттің меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау; Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау;»; мынадай мазмұндағы 205-1) және 205-2) тармақшалармен толықтырылсын: «205-1 тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану; 205-2) есепке алуды жүргізу тәртібін бұзған жағдайда жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналым, шығындар, шығыстар) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау;»; 206) және 207) тармақшалар алынып тасталсын; 208) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «208) Салық кодексінде және тиісті халықаралық шартта белгіленген тәртіппен халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;»; мынадай мазмұндағы 210-1) тармақшамен толықтырылсын: «210-1) Қазақстан Республикасының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы заңнамасына сәйкес соттарда талап қою арызын ұсыну;»; мынадай мазмұндағы 214-1) тармақшамен толықтырылсын: «214-1) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;»; 217) тармақшада «шот-фактуралардың, хабарлама-шоттарының, орындалған жұмыстар актілерінің, жүкқұжаттардың және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттардың және» деген сөздер алынып тасталсын; 219), 222), 223), 224) және 225) тармақшалар алынып тасталсын; 20-тармақтың 5) тармақшасында «ведомстволарынан басқа,» деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |