|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 992 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 510-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) көрсетілген қаулыға қосымшада: Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
мына:
деген жолдағы «, төрағаның орынбасары» деген сөздер алып тасталсын; көрсетілген құрамнан Кәрібжанова Роза Сәмидоллақызы, Сапарбаев Бердібек Машбекұлы шығарылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелерді қарау жөніндегі ережеде: 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Мәдени және гуманитарлық салалардағы үлесі неғұрлым басым болып табылатын ізденушілерге артықшылық беріледі.»; 6, 8-тармақтарда «Мәдениет және ақпарат» деген сөздер «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |