|
|
|
[Ағылшын тілінен аударма] Қарыздың нөмірі 2503-KAZ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
2009.07.07 № 170-ІV ҚР Заңымен ратификацияланды
(ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] («Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі) Инвестициялық бағдарлама - 1-жоба)
КҮНІ _________ LАL: KAZ _________
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМНІҢ ЖОБАСЫ (Жай операциялар)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (бұдан әрі Қарыз алушы деп аталады) мен АЗИЯ ДАМУ БАНКІ (бұдан әрі АДБ деп аталады) арасындағы ________ ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ТӨМЕНДЕГІНІ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП, (А) Қарыз алушы мен АДБ арасында жасалған __________________ қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге сәйкес, АДБ Инвестициялық Бағдарлама шеңберіндегі жобаларды қаржыландыру үшін Қарыз алушыға көп траншты қаржыландыру тетігін төмендегі шарттарға сәйкес беруге міндеттеніп отыр; (В) ___________ қаржыландыру туралы мерзімді сұраныс беру арқылы Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 1-қосымшасында сипатталған Жобаның мақсаттары үшін қарыз бөлу туралы АДБ-ға өтінді; сондай-ақ (С) АДБ қарызды Қарыз алушыға АДБ-ның әдеттегі капитал қорларынан төменде белгіленген шарттар мен негіздерде беруге келісімін білдірді: ЖОҒАРЫДА БАЯНДАЛҒАНДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, осы келісім тараптары төмендегі туралы келісті:
Қарыз беру ережелері; Анықтамалар
1.01-бөлім. 2001 жылғы 1 шілдедегі Лондон банкаралық ставкасы бойынша АДБ Әдеттегі негізгі ресурстарынан бөлінетін қарыздарға қолданылатын әдеттегі операциялар үшін қарыз беру ережелерінің барлығы осы Қарыз туралы келісімге қолданылатын және алайда төмендегі өзгерістерді (жоғарыда аталған Жай операциялар үшін қарыз беру ережелері өзгерістермен бұдан әрі Қарыз беру ережелері деп аталады) сақтай отырып, осы Келісімнің мәтінінде жазылғандай толық көлемде қолданылатын болып есептеледі:
1.02-бөлім. Егер контекст бойынша өзгеше талап етілмесе, осы Қарыз туралы келісімде қолданылған әр жағдайда Қарыз беру ережесінде айқындамасын алған мынадай терминдер тиісті мәнге ие, сондай-ақ бірнеше қосымша терминдердің мынадай анықтамалары бар: (а) «ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі» - Қытай Халық Республикасымен (ҚХР) шекарадағы Хоргостан Алматы мен Шымкент арқылы Ресей Федерациясымен шығыс шекараға дейін Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізінің сегменті; (b) «ҚОӘББ» Қарыз алушы жүзеге асырған және АДБ-мен келісілген Инвестициялық бағдарлама үшін дайындалған қоршаған ортаға әсер етуді бірыңғай бағалау; (с) «Консалтингтік қызметтерді тарту жөніндегі нұсқау» - Азия Даму Банкі және оның Қарыз алушылары консультанттар қызметтерін тарту жөніндегі АДБ нұсқауы (2007, мерзімді түзетулермен); (d) «АЖК» - Қарыз алушының ККМ Автомобиль жолдары комитеті және оның құқықтық мирасқоры; (е) «ҚОӘБН» - Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген және ҚНК-ға 5-қосымшадағы сілтеме арқылы енгізілген қоршаған ортаға әсер ету бағасының негізін білдіреді; (f) «ҚОҚЖ» - Қоршаған ортаға әсердің алдын ала бағасына (ҚОӘАБ) енгізілген Қоршаған ортаны қорғау жоспары; (g) «ҚОӘАБ» - Жоба үшін Қарыз алушы дайындаған және АДБ мақұлдаған Қоршаған ортаға әсердің алдын ала бағасы; (h) КҚМ - Инвестициялық Бағдарлама шеңберіндегі жобаларды қаржыландыруға арналған АБД Қарыз алушыға берген көп траншты қаржыландыру тетігі; (і) «ҚНК» - ҚҚМ-ге қатысты АДБ мен Қарыз алушы арасында _________ жасалған қаржыландыру туралы негіздемелік келісім; (j) «АҚТҚ/ЖҚТБ» - адамның қорғаныш тапшылығын қоздырғыш/жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі; (k) «ХҚИ» - халықаралық қаржы институттары; (l) «Инвестициялық Бағдарлама» - ҚНК 1-қосымшасына сәйкес Тараз Қордай учаскесі ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі үшін Қарыз алушының Инвестициялар бағдарламасы; (m) «ЖСАҚАН» - Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген және ҚНК-ға 5-қосымшадағы сілтеме арқылы енгізілген Жерлерді сатып алу және қоныс аудару негіздері; (n) ЖСАҚАЖ - Жоба шеңберінде Жерлерді сатып алу және қоныс аудару жоспары; (о) «Қарыз төлеу жөніндегі нұсқау» - Қарыз төлеу жөніндегі АДБ-ның нұсқауы (2007, мерзімді түзетулермен); (р) «Қаржымині» - Қарыз алушының Қаржы министрлігі және оның құқықтық мирасқорлары; (q) «ККМ» - Қарыз алушының Көлік және коммуникация министрлігі; (r) «ҮЕҰ» - үкіметтік емес ұйымдар; (s) «ҚМС» - ККМ шеңберінде қарыз алу мақсатында Қарыз алушы беретін қаржыландыру туралы мерзімді сұраныс және осы Қарыз туралы келісімнің қаражатын алу мақсатында қаржыландыру туралы мерзімді сұранысты білдіреді; (t) «ЖБК-АДБ» - осы Келісімнің 5-қосымшасының 2-тармағына сәйкес жобаны басқару жөніндегі консультанттар тобы; (u) «ЖБК-ДБ» - Дүниежүзілік Банк қарызының шеңберінде негізделген жобаны басқару жөніндегі консультанттар тобы; (v) «Сатып алу жөніндегі нұсқау» - АДБ-ның Сатып алу жөніндегі нұсқауы (2007, мерзімді түзетулермен); (w) «Сатып алу жоспары» - Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген, Сатып ату жөніндегі нұсқауға, Консультанттар тарту жөніндегі нұсқауға және АДБ-мен келісілген басқа да принциптерге сәйкес мерзімді жаңартулармен 2008 жылғы 10 қазандағы жоба үшін сатып алу жоспары; (х) «Жоба» - жалпы анықтамасы Қарыз беру ережелерінде берілген жалпы айқындама және осы Қарыз туралы келісім үшін Инвестициялық бағдарлама шеңберіндегі 1-жоба ретінде ескеріледі; (у) «Жоба аумағы» - Қарыз алушының аумағындағы Жамбыл облысының «Тараз - Қордай» учаскесі; (z) «Жоба жөніндегі атқарушы агенттік» немесе «АА» - қарыз беру мақсатында және Қарыз беру ережелерінің шеңберінде ККМ және оның құқықтық мирасқорын, жобаны орындауға жауапты ұйым ретінде білдіреді; (аа) «Жоба объектілері» - салынатын не жоба шеңберінде ұсынылатын объектілер; (bb) «Жоба жолы» - Жоба шеңберінде қайта жаңғыртуға жататын Тараз бен Қордай арасындағы 404 км-ден 483-км-ге дейінгі және 214 км-ден 260 км-ге дейінгі ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізінің учаскелері; (cc) «Облыс» - Қарыз алушының әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігі; (dd) «П және Ұ» - пайдалану және ұстау; (ее) «Аудан» - облыс құрамындағы әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігі; (ff) «АЖДБ» - Қарыз алушының Автомобиль жолдарын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы; (gg) «ҚОӘСБ» - қысқаша ҚОӘАБ; (hh) «ДБ қарызы» - Дүниежүзілік Банкі Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін дамыту бағдарламасы үшін Қарыз алушыға берген қарыз; (іі) «Жұмыстар» - қарыз есебінен қаржыландырылатын, бұрғылау немесе картаға түсіру сияқты қызмет көрсетулерді, сондай-ақ жобаға қатысты және консалтингтік қызмет көрсетулерден басқа, бірыңғай міндеттемелер не «пайдалануға берілген» құрылысқа келісім-шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтерді қоса құрылыс жұмыстары.
Қарыз
2.01-бөлім. (а) АДБ Қарыз алушыға АДБ әдеттегі капитал қорынан үш жүз қырық миллион АҚШ доллары ($ 340,000,000) сомасына қарыз беруге келіседі, әрі бұл соманы осы Қарыз туралы келісімнің 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес Айырбастау шеңберінде кезеңділігімен айырбастауға болады. (b) Қарыз оның негізгі өтелу кезеңі 20 жыл, сондай-ақ жеңілдікті өтелу кезеңі осы Баптың (с) тармағына сәйкес ұйғарылғандығын білдіреді. (с) Осы Баптың (b) тармағында қолданылған «жеңілдікті кезең» деген анықтама осы Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасындағы өтеу кестесіне сәйкес қарызының негізгі сомасын өтеудің бірінші күнінен алдындағы кезеңді білдіреді. 2.02-бөлім. Қарыз алушы АДБ-ға талап етілетін және талап етілмейтін қарызының негізгі сомасына, Лондон банкаралық ставкасының сомасына тең әр проценттік кезеңнің ставкасы бойынша кезеңмен және Қарыз беру ережесінің 3.03-бөліміне сәйкес 0.60% Қарыз беру ережесінің 3.03 бөліміне сәйкес 0.40% кредитті шегере отырып проценттер төлеуге міндеттенеді. 2.03-бөлім. Қарыз алушы жыл сайын 0.15% сомасында резервтегені үшін комиссия төлеуге міндеттенеді. Бұл комиссия, осы Қарыз туралы келісім күшіне енгеннен кейін алпыс (60) күн өткен соң талап етілмейтін қарыз сомасына есептеледі. 2.04-бөлім. Қарыз жөніндегі проценттер мен өзге де төлемдер жарты жылда бір рет әр жылғы 15 сәуір және 15 қазан күні төленуге тиіс. 2.05-бөлім. Осы Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасындағы ережелерге сәйкес Кредит шотынан талап етілетін қарызының негізгі сомасын Қарыз алушы төлеуге міндеттенеді. 2.06-бөлім. (а) Қарыз алушы қарызды ұтымды реттеу мақсатында қарыздың төмендегі айырбастауын кез келген уақытта сұратуға құқылы:
(b) Осы Баптың (а) тармағымен байланысты, АДБ мақұлдаған өзгерістер туралы сұрауды Қарыз беру ережелерінің V бөлімінің және Айырбастау жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес күшіне енетін Қарыз беру ережесінің 2.01 (6) бөлімінің анықтамасы бойынша «Айырбастау» деп есептеу керек.
Қарыз қаражатын пайдалану
3.01-бөлім. Қарыз алушы жобаны қаржыландыруға арналған қарыз қаражатын осы Қарыз туралы келісімнің ережелеріне сәйкес пайдалануды міндеттенеді. 3.02-бөлім. Жұмыстар және консалтингтік қызмет көрсетулер, сондай-ақ қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын өзге де шығыстар және қарыз сомаларын жұмыстар, консалтингтік қызмет көрсетулер және өзге де шығыстар бойынша бөлу осы Қарыз туралы келісімнің 3-қосымшасының ережелеріне сәйкес жүргізілуге тиіс, бұл ретте осы Қосымшаға Қарыз алушы мен АДБ келісімі бойынша мерзімді толықтырулар енгізуге болады. 3.03-бөлім. Егер АДБ өзгеше көрсетілмесе, Қарыз есебінен қаржыландырылатын барлық жұмыстар мен консалтингтік қызмет көрсетулер осы Қарыз туралы келісімнің 4-қосымшасының ережелеріне сәйкес жүргізілуге тиіс. Ондағы жұмыстар мен консалтингтік қызмет көрсетулер Қарыз беруші мен АДБ ескерген рәсімдерге сәйкес жүргізілмесе, не келісім-шарттың мерзімдері мен талаптары АДБ талаптарын қанағаттандырмаса АДБ келісім-шартты қаржыландырудан бас тартуға құқылы. 3.04-бөлім. Егер АДБ өзгеше көрсетілмесе, Қарыз алушы қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын барлық жұмыстар мен консалтингтік қызмет көрсетулер жобаны орындау мақсатында ғана пайдалануын қамтамасыз етуге міндеттенеді. 3.05-бөлім. Қарыз беру ережесінің 9.02-бөлімінде айтылған мақсаттар үшін қарыз есебінен қаражат алу үшін жабу күні 2013 жылғы 31 желтоқсан, не Қарыз алушы мен АДБ келіскен басқа күн есептеледі.
Ерекше жағдайлар
4.01-бөлім. (а) Қарыз алушы Жобаны тиісті жауапкершілікпен және тиімділікпен әрі ұтымды әкімшілік, қаржы, инженерлік, экологиялық және әлеуметтік қауіпсіздік шараларына сәйкес, сондай-ақ жолдарды пайдалану және техникалық қызметтер көрсету рәсімдеріне сәйкес орындауға міндеттенеді. (b) Жобаны іске асыру және Жоба объектілерін пайдалану процесінде Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 5-қосымшасында баяндалған барлық міндеттемелерді орындауға не орындауға тапсыруға міндеттенеді. 4.02-бөлім. Жобаны орындау үшін және Жоба объектілерін пайдалану және оларға техникалық қызметтер көрсету үшін қажетті құралдарды, объектілерді, қызметтерді, жер учаскелерін және өзге де ресурстарды Қарыз қаражатына қосымша шұғыл қамтамасыз етуге міндеттенеді. 4.03-бөлім. (а) Жобаны іске асыру процесінде Қарыз алушы АДБ-мен келісім бойынша, Қарыз алушы мен АДБ-ның талаптарына жауап беретін мерзім мен шарттарда құзыретті және білікті консультанттар мен мердігерлерді тартуды қамтамасыз етуге міндеттенеді. (b) Қарыз алушы Жобаны АДБ мақұлдаған жоспарларға, жобалау стандарттарына, ерекшеліктеріне, жұмыс графиктеріне және құрылыс әдістеріне сәйкес іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Қарыз алушы бұл жоспарларды, жобалау стандарттарын, жұмыс ерекшеліктері мен графиктерін, сондай-ақ АДБ негізді талап ететін толық дәрежеде жасалған кез келген материалдық өзгерістерді, әзірлеуге немесе әзірлемені тапсыруға міндеттенеді. 4.04-бөлім. Қарыз алушы Жобаны және Жоба объектілерін пайдалануға қатысты оның министрліктері мен ұйымдарының барлық әрекеттері ұтымды әкімшілік саясаты мен рәсімдеріне сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді. 4.05-бөлім. (а) Қарыз алушы жоба үшін жекелеген шоттар жүргізуді не жүргізуді тапсыруды (і); осы шоттарға және тиісті қаржы есептеріне біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мен өкілеттік ортасы АДБ талаптарына сәйкес келетін тәуелсіз аудиторларды тарта отырып тиісті аудит стандарттарына сәйкес жыл сайын аудит жүргізуге (іі); АДБ-ға алғанына қарай, бірақ әр тиісті фискальды жыл аяқталғаннан бастап алты (6) ай өткен соң, осы есептердің аудиттен өтпеген көшірмелерін және тиісті фискальды жыл аяқталғаннан кейін 6 айдан асырмай осы есептер мен қаржы есептерінің аудиттен өткен және расталған көшірмелері, сондай-ақ аудит есептері ағылшын тілінде АДБ-ға (ііі) ұсынуға; сондай-ақ АДБ-ның (іv) мерзімді негізді талаптары бойынша осы есептер мен қаржы есептеріне және аудитке қатысты өзге ақпаратты АДБ-ға беруге міндеттенеді. (b) Қарыз алушы АДБ-ның талабы бойынша Қарыз алушының жоба үшін қаржылық есептерін және оның Жобаға қатысты қаржы істерін 4.05 (а) Бөлімнің ережелеріне сәйкес Қарыз алушы жалдаған аудиторлармен талқылау құқығын АДБ-ға беруге міндеттенеді және АДБ-ның сұрауы бойынша бұл талқылауға қатысуға, егер Қарыз алушы өзгеше көрсетпесе, Қарыз алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен ғана талқылау жүргізілетін жағдайда аудиторлардың кез келген өкіліне өкілеттік беруге және талап етуге міндеттенеді. 4.06-бөлім. Қарыз алушы АДБ өкілдеріне Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын Жобаны және Жоба объектілерін, сондай-ақ тиісті жазбалар мен құжаттарды инспекциялау мүмкіндігін беруге міндеттенеді. 4.07-бөлім. Қарыз алушы барлық Жоба объектілері ұтымды әкімшілік, қаржы, инженерлік, экологиялық және әлеуметтік қауіпсіздік шараларына сәйкес, сондай-ақ жолдарды пайдалану және оларға техникалық қызметтер корсету рәсімдеріне сәйкес пайдаланылғанын, күтіп ұсталғанын және жөнделгенін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Уақытша тоқтата тұру; Өтеу мерзімін қысқарту
5.01-бөлім. Бұдан әрі Қарыз алушының Қарыз беру ережесінің 9.01 (І) бөлімінде жазылған мақсаттар үшін қарыздың шотынан қаражат алу құқығын тоқтата тұру қосымша жағдайы жазылған: егер ДБ қарызы тоқтата тұруға немесе жоюға, не келісілген өтеу күніне дейін өтелуге тиісті болса. 5.02-бөлім. Бұдан әрі Қарыз беру ережесінің 9.07 (а) (іv) бөлімінде жазылған мақсаттар үшін қарызды өтеу күні қысқартылған қосымша жағдайлар берілген: егер осы Қарыз туралы келісімнің 5.01 бөлімінде жазылған оқиғалар болса.
Күшіне ену
6.01-бөлім. Осы Қарыз туралы келісім жасалғаннан кейін алпыс (60) күн өткеннен кейінгі күні Қарыз беру ережесінің 10.04 бөлімінде жазылған мақсаттар үшін Қарыз туралы келісімнің күшіне енген күні болып есептеледі.
Өзге ережелер
7.01-бөлім. Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз беру ережесінің 12.02 бөлімінде жазылған мақсаттар үшін Қарыз алушының өкілі ретінде әрекет етеді. 7.02-бөлім. Төмендегі деректемелер Қарыз беру ережесінің 12.01 бөлімінде баяндалған мақсаттар үшін көрсетіліп отыр: Қарыз алушы Қаржы министрлігі Жеңіс даңғылы, 11 Астана, 010000 Қазақстан Республикасы Факс +7(7172)71 77 85 АДБ Asian Development Bank P.O. Box 789 0980 Manila, Philippines Факс (632) 636-2444 (632) 636-2448. ЖОҒАРЫДА БАЯНДАЛҒАНДЫ РАСТАУДА тараптар атынан олардың уәкілетті өкілдері осы Қарыз туралы келісімге тиісті қол қоюды және оны АДБ штаб-пәтеріне жоғарыда көрсетілген күні мен жылы жеткізуді қамтамасыз етті.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ________________________ Уәкілетті өкіл АЗИЯ ДАМУ БАНКІ ________________________ Жобаның сипаттамасы
1. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру Қарыз алушының тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етеді деп күтілуде. 2. Инвестициялық бағдарламаның бөлігі болып табыла отырып Жоба Жоба аумағында тиімді көлік жүйесін дамытуға бағытталды. 3. Жоба екі құрамдастан тұрады: (і) шамамен 125 км Жоба жолының құрылысы мен қайта жаңғыртуды қоса алғанда, жолдарды дамыту және (іі) КҚС толығырақ жазылған жолдарды пайдалану және күтіп ұстау құрамдасы. 4. Жобаны аяқтау 2012 жылғы 31 желтоқсанға қарай күтілуде.
Қарызды өтеу кестесі (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысының учаскелері] (Батыс Еуропа - Батыс қытай халықаралық транзит дәлізі) Инвестициялық бағдарлама - 1-жоба)
1. Төмендегі кестеде Қарыздың негізгі сомасын және Қарыздың негізгі сомасын төлеу күніндегі қарыздың жалпы негізгі сомасының проценті көрсетілген (Кезекті жарна). Егер қарыз қаражаты негізгі қарызды өтеу төлемінің бірінші күнгі сәтіне толық көлемде алынған болса, Қарыз алушы өтеуге тиісті қарыздың негізгі сомасын АДБ мыналарды: (а) негізгі қарызды өтеуге төлемнің бірінші күнгі сәтінде талап етілетін және талап етілмейтін қарыздың жалпы негізгі сомасын; (b) негізгі қарызды өтеуге төлемнің әр күні үшін Кезекті жарнасына көбейту арқылы анықтайды, өтеу сомасы Айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында сипатталған сомаларды шегеру қажеттілігіне орай түрлендіріледі.
2. Егер қарыз қаражаты негізгі қарызды өтеу төлемінің бірінші күніне дейін толық көлемде талап етілсе, Қарыз алушы төлеуге тиісті негізгі сома, негізгі қарызды өтеуге төлемнің әр күніне былай айқындалады: (а) Негізгі қарызды өтеуге төлемнің бірінші күніне дейін талап етілуге тиісті қарыз қаражаты шегінде Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осы күнгі сәтке талап етілген және талап етілмеген соманы төлеуге міндеттенеді. (b) Негізгі қарызды (Бастапқы кезекті жарна) өтеуге төлемнің бірінші күнінен кейін қаражат алу әр алу сомасын осы Қосымшаның 1-тармағындағы кестеде көрсетілген бастапқы Кезекті жарна алымы болып есептелетін және бөлгіші осы күннен кейін қалған барлық бастапқы кезекті жарналар сомасын құрайтын бөлшекке көбейту жолымен АДБ айқындалған сомаларда осы алу сәтінен кейінгі негізгі қарызды өтеуге төлемнің әр күнінде өтелуге тиіс және оның бөлгіші осы күннен кейін негізгі қарызды өтеуге төлемдер күні үшін барлық қалған бастапқы кезекті жарналардың сомасын құрайды. Бұл төлем сомалары, оларға Айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында көрсетілген сомаларды шегеру үшін қажет болған кезде түрлендірілетін болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |