|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасында өлім жазасының күшін жою туралы мәселені зерделеу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 687 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 281-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 905 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 37, 419-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 687 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1346 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 624-құжат). 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |