|
|
|
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы (2015.15.06. берілген өзгерістермен)
ҚР 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 231-ІV Заңымен ратификацияланды 2010 жылғы 18 қаңтарда күшіне енді
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Армения Республикасы (бұдан әрі - құрылтайшы мемлекеттер), Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (мемлекеттер басшылары деңгейіндегі) 2009 жылғы 4 ақпандағы № 415 шешімін басшылыққа ала отырып, мына төмендегілер туралы уағдаласты:
Құрылтайшы мемлекеттер Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын (бұдан әрі - Қор) ұлттық экономикалардың әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыстың келеңсіз салдарларын жеңу, олардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қорға қатысушы мемлекеттер экономикаларының интеграциясын одан әрі тереңдетуге жәрдемдесу мақсатында құрады. Қордың қаражатын қалыптастыру, орналастыру және беру, Қордың қаражатын басқару, Қорға қатысушылар құрамынан шығу және Қордың операцияларын тоқтату тәртібі, сондай-ақ Қордың мәртебесі, осы Шартқа қосымша болып табылатын Қор туралы ережеде айқындалады.
2015 ж. 15 маусымдағы Хаттамамен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-бап
Қордың қаражаты: - әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыстың келеңсіз салдарларын еңсеру мақсатында Қорға қатысушы мемлекеттерге егемен қарыздар беру; - Қорға қатысушы мемлекеттерге кіріс деңгейі төмен тұрақтандыру кредиттерін беру; - мемлекетаралық инвестициялық жобаларды қаржыландыру; - әлеуметтік салалардағы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін кіріс деңгейі төмен Қорға қатысушы мемлекеттерге гранттар беру үшін пайдаланылады. Қордың қаражаты әлеуметтік салалардағы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін Қордың таза үлесі есебінен гранттар беруді қоспағанда, ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шартымен беріледі. Қордың құрылу мақсатына қол жеткізу үшін қажетті дәрежеде және осы Шарттың ережелері мен Қор туралы ережені ескере отырып, Қордың қаражаты қандай да бір шектеулерден, нұсқамалар мен мораторийлерден босатылады.
Құрылтайшы мемлекеттердің Қорға бастапқы жарналары мыналарды құрайды: Беларусь Республикасы - _____ АҚШ долларына балама, Қазақстан Республикасы - 1 млрд. АҚШ долларына балама, Қырғыз Республикасы - 1 млн. АҚШ долларына балама, Ресей Федерациясы - 7,5 млрд. АҚШ долларына балама, Тәжікстан Республикасы - 1 млн. АҚШ долларына балама, Армения Республикасы - 1 млн. АҚШ долларына балама. Қорға бастапқы жарналарды құрылтайшы мемлекеттер осы Шарт пен осы Шарттың 4-бабында айтылған Қордың қаражатын басқару туралы келісім күшіне енген күнінен бастап 6 (алты) ай ішінде мынадай тәртіппен төлейді: жоғарыда көрсетілген соманың 10 % (он процентін) Қор туралы ережеде айқындалған тәртіпке сәйкес әрбір құрылтайшы мемлекет АҚШ долларымен және/немесе еуромен төлейді; қалған 90 % (тоқсан процентін) әрбір құрылтайшы мемлекет өтелуі Қор туралы ережеде айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылатын қарапайым, айналмайтын және процентсіз вексель шығару арқылы төлейді.
Қордың қаражатын басқаруды Қор туралы ережеде көзделген тәртіппен Қорға қатысушы мемлекеттердің қаржы министрлері мен Қорға қатысушы халықаралық ұйымдардың өкілдері мүшелері болып табылатын Қор Кеңесі Қордың қаражатын басқарушымен бірге жүзеге асырады. Құрылтайшы мемлекеттер мен Еуразия даму банкі (бұдан әрі - Банк) арасында жасалатын Қордың қаражатын басқару туралы келісімнің негізінде Қордың қаражатын басқарушының функцияларын орындау Банкке жүктеледі. Қордың қаражатын басқарушыны ауыстыруды Қор Кеңесінің ұсынысы негізінде Қорға қатысушылар жүзеге асыруы мүмкін.
2015 ж. 15 маусымдағы Хаттамамен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-бап
Осы Шарт басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың Қор туралы ережеде көзделген талаптар мен рәсімдерді орындаған кезде олардың қосылуы үшін ашық. Осы Шарт оған қосылатын мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар үшін Депозитарий болып табылатын Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі осы Шартқа қосылу туралы құжатты алған күннен бастап күшіне енеді.
2015 ж. 15 маусымдағы Хаттамамен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-бап
Осы Шартқа өзгерістер Қорға қатысушылардың келісуі бойынша енгізіледі және жеке хаттамалармен ресімделеді, олар Депозитарий Қорға қатысушылардың олардың күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енеді. Өзгерістер енгізу туралы хаттамалар күшіне енгеннен кейін осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы Шартқа ескертулер енгізуге жол берілмейді. Осы Шартты қолдануға және түсіндіруге қатысты даулар Қор туралы ережеде көзделген тәртіпке сәйкес реттеледі.
Осы Шарт Депозитарий құрылтайшы мемлекеттер олардың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енеді. Қорға кез келген қатысушы шығуынан кемінде 12 (он екі) ай бұрын өзінің осы Шарттан шығу ниеті туралы Қор Кеңесін жазбаша хабардар ете отырып, Қор туралы ережеге сәйкес өзінің Қор операцияларына қатысуын тоқтатуға құқығы бар.
Мәскеу қаласында 2009 жылғы 9 маусымда бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды, расталған көшірмелерін Тараптардың әрқайсысына Депозитарий таратады.
қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа қосымша
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қоры туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже 2009 жылы қол қойылған Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шарттың (бұдан әрі - Қор құру туралы шарт) ажырамас бөлігі болып табылады.
I бөлім Қор
1-бап Қордың мәртебесі
1. Қор құру туралы шартта белгіленген мақсатта Қор қаржы ресурстарын тарту, шоғырландыру және пайдалану құралы болып табылады. Қор заңды тұлға немесе ұйым болып табылмайды. Қорға қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларының ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу мен тоқтату тәртібін белгілейтін ережелері өзінің әрекетін Қордың шеңберінде жүзеге асыратын қызметке қолданылмайды. 2. Қордың қаражаты Қорға қатысушыларға тиесілі. Қорға қатысушылар Қордың қаражатындағы Қатысушының үлесі шегінде Қордың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қызметке байланысты тәуекелдерді көтереді. 3. Қорға қатысушылардың Қордың қаражатындағы өзіне тиесілі үлесті алып қоюға құқығы жоқ. Қордың қаражатындағы Қорға қатысушының үлесі ол Қорға қатысушылардың құрамынан шыққан немесе осы Ережеде айқындалған тәртіппен Қордың операциялары тоқтаған жағдайда осындай қатысушыға төлеуге жатады. Қорға қатысушының Қордың қаражатындағы үлесі осы Ереженің 20 және 22-баптарына сәйкес Қордың Кеңесі белгілейтін тәртіппен айқындалады. 4. Қорға қатысушылардың Қордың қаражаты есебінен Қордың операцияларына жатпайтын міндеттемелерін орындауға жол берілмейді. Қордың қаражаты үшінші тұлғалардың талаптары бойынша Қорға қатысушылардың Қордың операцияларына қатысы жоқ міндеттемелерін орындау есебіне мәжбүрлі тәртіппен алынып қоюына жол берілмейді. 5. Қорға қатысушылар Қордың қаражатындағы Қатысушының үлесі шегінде Қордың операциялары шеңберінде өздері қабылдаған міндеттемелер бойынша жауап береді.
Қордың құжаттары
Қордың шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет: - қолданылатын халықаралық шарттармен; - Қор құру туралы шартпен және осы Ережемен; - Қор құру туралы шарттың 4-бабында және осы Ереженің 18-бабында айтылған Қордың қаражатын басқару туралы келісіммен (бұдан әрі - Қордың қаражатын басқару туралы келісім); - Қор Кеңесінің шешімдерімен; - Қордың қаражатына қолдану осы Ережеде, Қордың қаражатын басқару туралы келісімде немесе Қор Кеңесінің шешімінде көзделген ішкі құжаттармен және Қордың қаражатын Басқарушының шешімдерімен регламенттеледі.
3-бап Қордың құрылтайшылары мен оған қатысушылар
1. Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Армения Республикасы Қор құру туралы шартқа сәйкес Қордың құрылтайшылары болып табылады. 2. Қордың құрылтайшылары Қор құру туралы шартта және осы Ережеде белгіленген тәртіппен ақшалай қаражат төлеуді және вексельдер беруді қоса алғанда, бастапқы жарнаны енгізу жөніндегі міндеттемелерді орындағаннан кейін оған қатысушылар болады. 3. Қордың мақсаттарын бөлісетін кез келген мүдделі мемлекет немесе халықаралық ұйым да Қорға қатысушы бола алады. Мұндай мемлекет немесе халықаралық ұйым Қор құру туралы шартқа және осы Ереженің 2 және 18-баптарында айтылған Қордың қаражатын басқару туралы келісімге қосылғаннан және, ақшалай жарнаны төлеуді және егер көзделсе - осы Ереженің 7-бабының 4-6-тармақтарына сәйкес вексельдер беруді қоса алғанда, жарна төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындағаннан кейін Қор Кеңесінің шешімі негізінде Қорға қатысушы болады. Қор құру туралы шартқа және Қордың қаражатын басқару туралы келісімге қосылу Қордың жаңа қатысушысының Қордың барлық қолданыстағы құжаттарын осындай қатысушы Қорға енгізген кез келген ресурстарға қолдануға келісімін білдіреді.
4-бап Қор операцияларының басталуы
1. Қор Кеңесінің бірінші отырысының күні Қор операцияларының басталған күні болып табылады. Қор қаражатын жұмсау мынадай үш шарт орындалғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін: а) Қор құру туралы шарт және Қордың қаражатын басқару туралы келісім күшін енгенде; б) осы Ереженің 3-бабының 2-тармағында көзделгендей кемінде 3 (үш) құрылтайшы мемлекет Қорға қатысушылар болғанда; в) Қорға енгізілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы Қор құру туралы шартқа сәйкес бастапқы жарналар түрінде құрылтайшы мемлекеттер Қорға жарнаға тиесілі ақшалай қаражаттың жалпы сомасының кемінде жартысын құраса.
Қордың тілі
Орыс тілі Қордың жұмыс істеу және ресми тілі болып табылады.
Қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану
6-бап Қордың қаражаты
Мыналар Қордың қаражаты болып табылады: а) Қорға жарналар; б) Қордың уақытша пайдаланылмайтын қаражатын орналастырудан (инвестициялаудан) түсетін түсімдер; в) қайтарымды негізде Қордың қаражатын беруден түсетін түсімдер; г) Қорға қайырмалдықтар; д) Қорға түсетін өзге де түсімдер.
7-бап Қорға жарналар
1. Қор құрылтайшыларының бастапқы жарналары Ереженің осы бабының 4-6-тармақтарын ескере отырып, Қор құру туралы шартта көзделген тәртіпке сәйкес төленеді. 2. Қорға жаңа қатысушылардың жарналары осы Ереженің 3-бабының 3-тармағында көзделген рәсімдерді сақтай отырып, Қордың Кеңесі айқындаған мөлшерде және тәртіппен төленеді. Қор Кеңесінің шешімінде АҚШ долларының баламасындағы жарна сомасы, жарна төлеу тәртібі, жарна төлеу кестесі, жарна төленетін валюта, сондай-ақ қажет болған кезде жарна енгізудің басқа шарттары көрсетіледі. Егер бұл соманы Қордың Кеңесі өзгертпесе, Қорға жарнаның ең төменгі бастапқы сомасы 1000000 (бір миллион) АҚШ долларын құрауы тиіс, оның кемінде 100000 (бір жүз мың) АҚШ доллары Қорға ақша қаражаты түрінде енгізілуі тиіс. 3. Қорға кез келген қатысушы кез келген уақытта Қордың Кеңесіне Қорға өз жарнасының сомасын арттыру туралы ұсыныс енгізе алады. Мұндай арттыру оны Қордың Кеңесі мақұлдағаннан кейін ақша қаражатын Қор Кеңесі мақұлдаған мөлшерде және тәртіппен Қорға аудару жолымен жүргізіледі. Қордың барлық қолданыстағы Құжаттары осындай қосымша жарналарға қолданылады. 4. Қорға жарналар ақшалай нысанда және талап ету бойынша номиналмен өтеуге жататын айналысқа түспейтін және процентсіз вексельдермен төленеді. Осындай талаптар Қор Кеңесінің шешімі бойынша қажеттілігіне қарай қойылады. 5. Қорға әрбір жарна АҚШ долларымен номинатталады және Қордың қаражатын басқару туралы келісімге сәйкес айқындалатын бағам бойынша АҚШ долларымен және/немесе еуромен төленеді. 6. Қорға бастапқы жарналар Қордың құрылтайшылары және оған қатысушылар өздерінің орталық (ұлттық) банктерінде ашқан шоттарға оларды есепке алу жолымен төленеді. 7. Қорға жарналар егер Қордың Кеңесі өзгеше шешім қабылдамаса, Қордың қаражатын алушының оларды жұмсауының қандай-да бір бағытымен немесе Қордың жобасымен байланысты бола алмайды.
8-бап Қордың қаражатын пайдаланудан түсетін түсімдер
Қордың қаражатын пайдаланудан түсетін түсімдер, оның ішінде Қордың қаражатын орналастырудан (инвестициялаудан) және беруден түсетін түсімдер Қордың қаражатына есептеледі және осы Ереженің 1-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қорға қатысушыларға төленбейді.
9-бап Қорға қайырмалдықтар
1. Қор Кеңесінің шешімі бойынша оларды Қор мақсатында пайдалану үшін кез келген мүдделі мемлекеттен, халықаралық немесе өзге ұйымнан еркін айырбасталатын валютада қайтарымды және қайтарымсыз негізде ақшалай қаражат (қайырмалдықтар) қабылдануы мүмкін. 2. Қорға қайырмалдық түрінде ақшалай қаражат салу Қордың Құжаттарына сәйкес қайырмалдық берушінің көрсетілген қаражатты пайдалануға келісімін білдіреді. 3. Қайырмалдық беруші Қорға қатысушы болмайды және Қордың қаражатын басқаруға қатыспайды. Қайырмалдық берушінің өтініші бойынша оған Қордың қызметі туралы жылдық есептердің көшірмелері жіберіледі. 4. Қорға қайырмалдық ретінде салынған қаражат және көрсетілген қаражатты орналастырудан (инвестициялаудан) және беруден алынған кірістер Қор операциялары тоқтатылғанға дейін Қорға қатысушылардың құрамынан өзінің шығатыны туралы мәлімдеген Қор қатысушысының үлесін айқындау кезінде ескерілмейді.
10-бап Қор қаражатын беру
1. Қордың қаражаты Қор құру туралы шарттың 2-бабында анықталған мынадай бағыттар бойынша Қор қаражатынан қаржыландыру ұсыну жолымен пайдаланылады. 2. Қор қаражатынан қаржыландыруды ұсыну Қорға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында Қор құру туралы шартта айқындалған Қорды құру мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Қор қаражатынан қаржыландыру ұсыну Қор Кеңесінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады. Қор Кеңесінің шешімінде қаражатты алушы, ұсынылатын сома, беру мақсаттары, қаражатты беру және қаражатты алушының қайтару тәртібі мен шарттары, қаражатты беру және қайтару валютасы, қаражатты берудің Қордың Кеңесі елеулі деп есептейтін басқа да шарттары көрсетілуі тиіс. 4. Қордың қаражаты АҚШ долларымен және/немесе еуромен беріледі. 5. Қордың қаражаты келісімдер (бұдан әрі - Қор қаражатын беру туралы келісімдер) негізінде беріледі, оларды Қор Кеңесінің шешіміне сәйкес Қор қаражатын басқарушы Қор қаражатын алушымен жасайды. Қор қаражатын беру туралы келісімдердің шарттары өзгелермен қатар: а) халықаралық құқыққа және алушының ұлттық заңнамасына сәйкес алушының Қордың қаражатын пайдалануға қатысы бар құқыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу және болдырмау туралы міндеттемелерін көздеуі тиіс. Көрсетілген талапты бұзу Қор Кеңесінің қаржыландыруды тоқтату, Қор қаражатын беру туралы келісімді бұзу туралы шешім қабылдауы, көрсетілген жағдайға қатысы бар қаражатты мерзімінен бұрын қайтару туралы талаптар қою үшін негіз болып табылуы мүмкін; б) Қор операцияларына, Қор қаражатын беру туралы келісімдер бойынша төлемдерді жүзеге асыруға және Қор қаражатын беру туралы келісімдерден туындайтын басқа заңды талаптарды қанағаттандыруға кедергі келтірмес үшін Қор қаражатын алушыларды ұлттық заңнамасымен қорғануы; в) мемлекетаралық инвестициялық жобаларды қаржыландыру кезінде қолданылуы Қордың қаражатын басқару туралы келісімде көзделген рәсімдерге сәйкес алушының Қордың қаражаты есебінен тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алуды жүзеге асыру міндеттемесін көздеуі тиіс. 6. Қор Кеңесінің Қор қаражатын беру жөніндегі шешімдері Қордың шеңберінен тыс Қорға қатысушылардың өз арасында және халықаралық қаржы ұйымдары арасында жүзеге асырылатын екі жақты қаржылай көмек бағдарламаларымен үйлестіріледі. 7. Қордың қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар алушы мемлекеттің немесе аумағында Қордың қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаны жүзеге асыру ұйғарылатын мемлекеттің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Мұндай келісім тиісті операцияны мақұлдау туралы мәселе бойынша Қордың Кеңесінде осындай мемлекеттің өкілі оң дауыс берген жағдайда берілген болып есептеледі. 8. Қордың қаражаты мемлекеттер, халықаралық қаржы институттары және өзге мүдделі ұйымдар беретін қаржымен бірлесіп берілуі мүмкін. 9. Қордың қаражаты Қор қатысушыларының міндеттемелерін, Қор қаражатын Басқарушының міндеттемелерін және кез келген басқа міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге қызмет етпейді.
11-бап Уақытша пайдаланылмайтын Қор қаражатын орналастыру (инвестициялау)
1. Жақын уақытта осы Ереженің 10-бабына сәйкес қаржыландыруды беру мақсаттарына пайдалану үшін талап етілмейтін Қор қаражаты депозиттерге инвестициялануы және/немесе орналастырылуы мүмкін. 2. Депозиттерге мұндай инвестициялау және/немесе орналастыру осы Ереженің 13-бабының 2-тармағының м) тармақшасында айтылған Қор Кеңесінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
III бөлім Қор қаражатын басқару
12-бап Қор қаражатын басқарудың жалпы принциптері
1. Қор қаражатын басқаруды Қорға қатысушылар Қордың Кеңесі арқылы жүзеге асырады. 2. Қордың Кеңесі Қорға жарналар тартуды, сондай-ақ қалай да оның мақсаттары мен міндеттеріне зиян келтіруі, оларды шектеуі, олардан ауытқуға әкеп соқтыруы немесе оларды өзгеше тәсілмен өзгертуі мүмкін қандай да бір өзге көмек немесе жәрдем алуды санкцияламайды. 3. Шешімдер қабылдау кезінде Қор Кеңесі Қордың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған ой-пікірлерді ғана басшылыққа алады.
Қор Кеңесі
1. Қор Кеңесі Қор қаражатын тартудың, орналастыру (инвестициялау) мен пайдаланудың барлық мәселелері және Қорға байланысты кез келген басқа мәселелер бойынша Қорға қатысушылардың мүдделерін білдіреді. 2015 ж. 15 маусымдағы Хаттамамен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Көрсетілген функцияларды орындау үшін Қор Кеңесі: а) Қорға жаңа қатысушылардың қабылдануын санкциялайды; б) Қорға қосымша жарналар енгізуді санкциялайды; в) жаңа қатысушылардың жарналар, Қорға қосымша жарналар мен қайырмалдықтар енгізу шарттары мен тәртібін мақұлдайды; г) Қорға жарналар енгізуді, вексельдерді өтеуге және олар бойынша төлемдерді жүзеге асыруға қадағалауды жүзеге асырады; д) Қор Шоттарын ашу үшін банктердің тізбесін бекітеді; е) Қордың қаражаты есебінен қаржыландырылатын қызмет бағдарламаларын және олардың орындалуы туралы жыл сайынғы есептерді бекітеді; ж) қаржыландыру берудің негізгі шарттарын бекіте отырып, Қор қаражатын беру туралы шешімдер қабылдайды; з) Қор қаражатын басқарушының Қор қаражатын басқаруға арналған әкімшілік шығыстарының сметасын және оның орындалуы туралы есептерді жыл сайын бекітеді; и) Қор қаражатын әкімшілік басқаруды және оған иелік етуді қадағалауды жүзеге асырады; к) Қор қаражатын беру және уақытша пайдаланылмайтын Қор қаражатын орналастыру (инвестициялау) жөніндегі қызметті қоса алғанда, Қор қаражатын пайдалану жөніндегі қызметті қадағалауды жүзеге асырады; л) Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын операциялардың тиімділігі туралы есептерді қарайды; м) мыналарды: - Қор қаражатынан тұрақтандыру кредиттерін және егемен қарыздарды беру тәртібін; - мемлекетаралық инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Қор қаражатын беру тәртібін; - Қордың уақытша пайдаланылмайтын қаражатын орналастыру (инвестициялау) тәртібін (Инвестициялық декларация); - әлеуметтік салалардағы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін Қор қаражатынан гранттар беру тәртібін қарайды және қабылдайды; н) Қор қаражатын беру туралы келісімдердің негізінде жүзеге асырылатын, осындай келісімдердің шарттарына сәйкес, қаржыландыруды тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімдер қабылдайды; о) Қор қаражатын әкімшілік басқару және оған иелік ету жөніндегі қызмет туралы жылдық есептерді, аудиторлық қорытындыларды және Қордың шеңберіндегі қызмет туралы басқа да есептерді қарайды және бекітеді; п) қатысушы Қордан шыққан жағдайда оны қайтару мақсатында Қорға қатысушысының Қор қаражатындағы үлесін айқындайды; р) оның операциялары тоқтатылғаннан кейін оларды қайтару мақсатында Қорға қатысушылар арасында Қор қаражатын бөлу мерзімі мен шарттарын айқындауды коса алғанда, Қор операцияларын тоқтату және тоқтатуға бастамашылық жасау туралы шешімдер қабылдайды; с) Қор операцияларын тоқтату рәсімдерін айқындайды; т) осы Ереженің 23-бабының 1-тармағында айтылған дауларды шешеді; у) құрылтайшы мемлекеттерге Қор құру туралы шартқа, осы Ережеге және Қор қаражатын басқару туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар береді; ф) Қорға қатысушыларға Қор қаражатын Басқарушыны ауыстыру туралы ұсыныстар береді; х) Қор қаражатын басқарудың кез келген басқа мәселелерін шешеді.
14-бап Қор Кеңесінің жұмыс регламенті
1. Әрбір Қорға қатысушының Қор Кеңесінде таныстырылу және оның отырыстарына қатысу құқығы бар. Қор Кеңесінің құрамына Қордың әрбір қатысушысынан бір өкілетті өкіл кіреді. 2. Қор Кеңесінде қатысушы мемлекеттің қаржы министрі осындай қатысушы мемлекеттің өкілетті өкілі болып табылады. Қорға қатысушы халықаралық ұйымдар Қор отырыстарына қатысу үшін өздерінің өкілетті өкілдерін жібереді. 3. Егер Қорға бірнеше қатысушы оған өз келісімін берсе және бұл туралы Қор Кеңесін және Қор қаражатын басқарушыны алдын ала хабардар етсе, Қор Кеңесінде осындай қатысушыларды бір тұлға бір уақытта білдіре алады. 4. Қорға қатысушының Қор Кеңесіндегі әрбір өкіліне дауыс беру кезінде оның Қорға ақшалай жарнасының мөлшеріне тепе-тең дауыс саны беріледі. Қор Кеңесінде Қорға қатысушының дауыс санын есептеу үшін жарна мөлшерін айқындау кезінде төленбеген вексельдер назарға алынбайды. Қор Кеңесінде дауыс беру мақсаттары үшін бір дауыс ақшалай жарна түрінде Қорға төленген әрбір 100000 (бір жүз мың) АҚШ долларына барабар. Қор Кеңесінің барлық шешімдері берілген дауыстардың қарапайым көпшілігімен қабылданады. 5. Қор Кеңесінің отырыстарында Қор қаражатын Басқарушының өкілдері, сондай-ақ Қор Кеңесінде Қорға қатысушылардың өкілдерімен ілесіп жүретін сарапшылар қатыса алады. 6. Қор Кеңесі төрағасының шақыруымен күн тәртібінің нақты тармақтарын қарау кезінде мемлекеттердің, халықаралық және өзге ұйымдардың өкілдері Қор Кеңесінің отырыстарына бақылаушылар ретінде қатыса алады. 7. Қордың Кеңесіндегі өз міндеттемелерін орындағаны үшін Қордың Кеңесіндегі Қорға қатысушылардың өкілдері және олардың сарапшылары Қордың қаражатынан қандай да болмасын сыйақы алмайды. Қорға қатысушылар олардың өкілдерінің Қор Кеңесінің отырыстарына қатысуына байланысты шығыстарды өздері төлейді. 8. Қордың кеңесі өз отырыстарын қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізеді. 9. Қор Кеңесінің кезектен тыс отырыстарын Қор Кеңесінің төрағасы Қор Кеңесінің шешімі бойынша, Қор Кеңесі төрағасының жеке бастамасы бойынша, сондай-ақ Қордың қаражатын басқарушының немесе үлесіне осындай өтініш жасалған күнгі жағдай бойынша Ереженің осы бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын Қорға енгізілетін барлық жарналардың жиынтық сомасының кемінде үштен бір бөлігі тиесілі Қорға қатысушының (-лардың) өтініші бойынша шақырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |