Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелерін белгілеу туралы
Ақтау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 32, 43 баптарын, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 27 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 «Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімінен молықтыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысының орындалуы мақсатында, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 1 қосымшаға сәйкес Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелері белгіленсін. 2. Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі (А.Ш. Ержанов) маусымдық сипаттағы азық-түлік өнімдерін сату үшін тиісті шаралар қолданып, кәсіпкерлердің арасында жеміс-көкөніс өнімдерін жергілікті базарларға және сауда алаңдарына жеткізуді ұлғайтуға және қол жетімділікті кеңейтуге ықпал ететін қажетті түсіндіру жұмысын ұйымдастырсын. 3. Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылдың 14 шілдедегі № 699 «Ақтау қаласының аумағында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелердің, алаңдардың (алаңқай) орнын бекіту туралы» (№ 11-1-87 тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 19 шілдедегі № 111 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Н. Молдағұловқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|