Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөнінде комиссия құру туралы
Осы редакция 2009 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Биологиялық қауіп-қатерден қорғау мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 78 қаулысына қосымша
Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 78 қаулысымен бекітілген
Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
3. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу Комиссияның негізгі міндеті болып табылады. 1) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру, Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы іргелі және қолданбалы ғылымды, технологиялар мен техниканы дамыту жөніндегі ұсыныстарды қарау және дайындау; 2) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы проблемаларды ведомстволық жұмыс жоспарларының үйлесімділігі арқылы шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 3) биологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін қарау және оларды шешу жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта функцияларын орынбасары орындайды. 6. Комиссия отырыстарының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстардан кейін хаттамаларды ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды. 7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 8. Комиссияның хатшысы отырысқа дейін үш күннен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне барлық қажетті құжаттарды жібереді. 9. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі. 10. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің келісімі бойынша отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілу уақыты мен орнын анықтайды және нақтылайды. 11. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен дауыс берілсе, қабылданды деп есептеледі. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. 12. Комиссияның шешімі Комиссия отырыстарының хаттамалары түрінде Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жеткізіледі. 13. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде тоқтатады.
|