|
|
|
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мәселелері (2012.30.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 832 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті функцияларын, өкілеттіктері мен мүлкін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын. ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қоса беріліп отырған: 1) Агенттік туралы ереже; 1-1) Мемлекеттік мекемелер - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық органдарының тізбесі; 2) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 3. Агенттік пен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы Агенттік туралы ереженің Агенттіктің жауапты хатшысы тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 19 және 20-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Үкімет құрамына кірмейтін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу, сондай-ақ елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа) және газбен жабдықтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы (бұдан әрі - реттелетін сала) өзге де рұқсат ету мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттіктің мемлекеттік мекемелер - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) болады. 2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде шоттары болады. 4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы. 6. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Агенттіктің, аумақтық органдарын қоса алғанда, оның штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 8. Агенттіктің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 10-кіреберіс. 9. Агенттіктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі» мемлекеттік мекемесі. 10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Агенттік қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады. 12. Агенттікке Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің негізгі міндеттері мен функциялары
13. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік басқару саясатын әзірлеу; 2) елді мекендердің шекаралары (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО-дан және белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа) мен газбен жабдықтау саласында мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу; 3) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу; 4) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысын және құрылыс қызметін, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық салаларындағы салааралық үйлестіру; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.06. № 845 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді 14. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында, сондай-ақ елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және суды бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа), газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясат пен салааралық үйлестіруді қалыптастырады және жүргізеді; 2) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 3) реттелетін салада нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді, бекітеді және қолданысқа енгізеді; 4) реттелетін салада бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және келіседі; 5) реттелетін салада халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 6) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді; 7) бағалы сәулет-қала құрылысы мұрасын сақтауды, сәулет пен қала құрылысында ұлттық және мәдени дәстүрлерді дамытуды ескере отырып, аумақтарды және елді мекендерді игеру мен дамытудың басым бағыттары жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 8) құрылыс объектілерін техникалық қадағалауды жүзеге асыру ережесін әзірлейді және бекітеді; 8-1) тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді; 9) белгіленген тәртіппен құрылыстағы мемлекетаралық (халықаралық) және мемлекеттік стандарттарды әзірлейді; 9-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін әзірлейді; 10) есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын халқы бар республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларының, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады; 11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетіндерді қоспағанда, мемлекеттік, өңіраралық немесе мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар объектілерді салуға (аумақтарда құрылыс салуға) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарайды және бекітеді; 12) жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды ұйымдастыруды жүзеге асырады; 13) жобалардың мемлекеттік сараптамасына басшылықты жүзеге асырады; 14) ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 845 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 15) объектілерге мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асырады, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды ресімдейді және береді, осы объектілерде қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртібін бұзушыларға заңнамалық актілерде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады; 15-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне, оның ішінде қала құрылысы тәртібі мен регламенттерінің, жобаларға сараптама жүргізу тәртібінің, құрылысқа рұқсат беретін рәсімдерден өту қағидаларының, сондай-ақ салынған объектілерді пайдалануға қабылдау қағидаларының сақталуы бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; 15-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін лицензиялауды жүзеге асырады; 16) республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасауды және жүргізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады; 17) жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметін, сондай-ақ облыстық және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметтерін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 18) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауды жүргізеді; 18-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттауды жүзеге асырады; 18-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен сарапшылардың шағымдарын қарайды; 19) реттелетін салада техникалық регламенттерді әзірлейді және келіседі; 20) елорда әкімдігімен келісілген елорда мен қала маңындағы аймақ аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің (мемлекеттік нормативтік құжаттардың) жобаларын бекітеді; 21) егер заңнамада өзгеше көзделмеген болса, осы мәселелер құзыретіне жататын басқа орталық атқарушы органдармен келісім бойынша мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (қолданысын тоқтата тұру, жою) тәртібін белгілейді; 22) құрылыс салудың аумақтық ережесін әзірлеу тәртібін айқындайды; 23) анықталған ақауларды сипаттай отырып жұмысы тексерілген мердігерге (бас мердігерге), сондай-ақ тапсырыс берушіге (меншік иесіне) берілетін, объектілердің анықтамасы мен ведомосінің нысанын белгілейді; 24) авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді; 25) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын әзірлеуге тапсырысты жүзеге асырады; 26) елді мекендердің шекаралары (шектері) жобаларының құрамын, мазмұнын және әзірлеу тәртібін айқындайды; 27) республикалық маңызы бар қалалар, сондай-ақ жүз мың тұрғыннан астам халқы бар өзге қалалар шекараларының (шектерінің) жобаларын келіседі; 28) шағын елді мекендерді дамыту мен салудың құрамын, мазмұнын және схемаларын әзірлеу мен келісу тәртібін айқындайды; 29) құрылыс үшін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге арналған тапсырмаларға қойылған нормативтік талаптарды бекітеді; 30) алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу мен келісу тәртібін, міндетті құрамы мен мазмұнын белгілейді; 31) ғимараттарды, құрылыстарды, көліктік және инженерлік коммуникацияларды, салу, абаттандыру жөніндегі жобаларды іске асыруды (құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісін) бастау үшін қажетті рұқсат алуға арналған құжаттар тізбесін белгілеу тәртібін айқындайды; 32) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы біліктілік талаптарын және қызмет түрлерін лицензиялау ережесін әзірлейді; 32-1) сейсмикалық қаупі жоғары аудандардағы жұмыс үшін мамандардың оқуын өткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 33) республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады; 34) реттелетін саладағы жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады; 35) тұрғын үй қорының жай-күйін мониторингілеуді жүзеге асырады; 36) үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жиналысы хаттамасының және үй-жайлар (пәтерлер) иелеріне жазбаша сауал жүргізілген кезде дауыс беру парағының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді; 37) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді; 38) өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды; 39) заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысады; 40) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесін әзірлейді; 41) елді мекендердің су бұру жүйелеріндегі ағынды суларды қабылдау ережесін әзірлейді; 42) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесін бекітеді; 43) тұрғын үй, құрылыс жинақ жүйесін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді; 43-1) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 43-2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады; 43-3) тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту тәртібін әзірлейді; 43-4) ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды қайта жаңарту, салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін сәулет-құрылыс және өзге де жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамада энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді; 43-5) терможаңғыртуды ескере отырып, үлгілік көп пәтерді үйлердің жоба алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді; 43-6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
15. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төрағаның орынбасарлары болады. Төраға Агенттікке басшылықты жүзеге асырады және Агенттікке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады. ҚР Үкіметінің 2010.02.09. № 876 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 16. Агенттік Төрағасы: 1) Агенттікті Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдарда және ұйымдарда білдіреді; 2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды; 2-1) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады; 3) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. 17. Агенттік аппаратын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады. 18. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Агенттік төрағасы отставкаға шыққан жағдайда жауапты хатшының өкілеттігі тоқтатылмайды. 19 тармақ Агенттіктің жауапты хатшысы тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 19. Жауапты хатшы: 1) Агенттік төрағасы қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды; 2) Агенттік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 3) Агенттік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 4) Агенттік төрағасымен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Агенттіктің және оның аумақтық органдарының құрылымын және штат санын бекітеді; 5) Агенттік төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді; 6) Агенттіктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды; 7) Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады; 8) Агенттік төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттіктің департаменттері мен басқармалары басшыларын, аумақтық органдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 9) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 10) Агенттік төрағасымен келісім бойынша Агенттік қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді; 11) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттік төрағасымен келісім бойынша Агенттік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді; 12) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Агенттік төрағасы бекітетін Агенттіктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді; 13) Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Төрағаға бекітуге ұсынады; 14) Агенттіктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Агенттік төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді; 15) Агенттік төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттікті қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді; 16) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады; 17) Агенттіктің құзыреті шегінде нормативтік құқықты актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады; 18) Агенттікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады; 19) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Агенттік атынан өкілдік етеді; 20) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 20-тармақ Агенттіктің жауапты хатшысы тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі 20. Жауапты хатшы мыналарға: 1) Агенттік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге; 2) өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрауға және алуға; 3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы. 21. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты болады. 22. Агенттіктің төрағасы жанынан консультативті-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ішінен алқаның саны мен дербес құрамын Агенттік төрағасы бекітеді. 23. Агенттік қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері, лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттігі Агенттік жұмысының регламентімен және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелермен белгіленеді.
24. Агенттік жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болады. Агенттік мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүлік есебінен қалыптасады. 25. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады. 26. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
27. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.30.10. № 1725 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.28.10. № 1224 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.30.07. № 992 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1. «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны» («Мемсараптау РМК»), Астана қаласы. 2. ҚР Үкіметінің 2012.30.07. № 992 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Акционерлік қоғамдар
1. «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы. 2. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы. 3. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы; 4. «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы; 5. «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы», Алматы қаласы. 6. «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен тізбемен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 15 шілдедегі № 1071 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті. 2. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті. 3. Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті. 4. Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті. 5. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті. 6. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті. 7. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |