| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Кишинев қаласына (Молдова Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан Байқаушылар миссиясының құрамында Молдова Республикасы Парламентінің депутаттарын мерзімінен бұрын сайлауды қысқа мерзімді байқауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 27 - 31 шілде кезеңіне Кишинев қаласына (Молдова Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Кишинев - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 25 шілдедегі № 1141 қаулысына қосымша
Кишинев қаласына (Молдова Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |