Шекара маңындағы жәрмеңкелерге қатысу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай аумағына бір күндік визасыз кіруін/шығуын ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 105-ө Өкімі
Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының аумағында орналасқан шекара маңындағы базарларға Қазақстан Республикасы азаматтарының бір күндік кіруі/шығуы үшін «Бақты» және «Достық» бақылау-өткізу пункттерін ашудың дайындығын айқындау мақсатында:
1. Шекара маңындағы жәрмеңкелерге қатысу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай аумағына бір күндік визасыз кіруін/шығуын ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) мынадай құрамда құрылсын:
| Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, жетекші |
| Сейітбатталов Бағдат Жұмабекұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры, жетекшінің орынбасары |
| Ұйқымбаев Төлеуғазы Уалқанұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті Азия, Таяу Шығыс және Африка елдері басқармасының бастығы, хатшы |
| Төлемісов Дәурен Қайыпұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары |
| Кәкен Қарлығаш Ғазизқызы | - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары |
| Қарамендин Есет Исатайұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициясы комитетінің көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары |
| Ештаев Орынбасар Бердібекұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті ішкі нарықты қорғау басқармасының бас сарапшысы |
| Туниязов Руслан Нұрмұхамедұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шекаралық бақылау бас басқармасының консультанты (келісім бойынша) |
2. Жұмыс тобы 2009 жылғы 28 тамызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне бақылау-өткізу пункттерінің, кедендердің, терминалдардың, шекара режимі жай-күйінің, фитосанитарлық және ветеринарлық қызметтердің жұмысы жағдайының дайындығы туралы ұсыныстар енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
| Премьер-Министр | К. Мәсімов |