Ветеринария туралы (2009.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 24 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-3 баптар) 2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу (4-13 баптар) 3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау (14-24 баптар) 4-тарау. Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға (25-32 баптар) ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою 5-тарау. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер және ветеринария (33-34 баптар) мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру 6-тарау. Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы заңдарды (35-37 баптар) Осы Заң ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн айқындайды, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) - індет ошағы белгіленген аумақ; 2) базар - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөптік қоспаларды сату орнын қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орны; 3) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы; 4) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық нормативтер негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт; 5) ветеринариялық құжаттар - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық инспекторлар беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлік, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама; 6) ветеринариялық паспорт - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетіледі; 7) ветеринариялық препараттар - жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, олардың өнімділігін арттыру, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жасау үшін жануарлардан, өсімдіктерден алынатын немесе синтетикалық заттар, сондай-ақ жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар; 8) ветеринариялық препараттар айналысы - ветеринариялық препараттарды өндіру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткізу, тіркеу сынағынан өткізу, сәйкестігін растау, қауіпсіздігі мен сапасын бақылау, жарнамалау, өткізу немесе қолдану; 9) ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ветеринариялық препараттарды сараптамадан, байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарының нәтижелері бойынша оларды заңнамада белгіленген тәртіппен Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізіліміне енгізуі және оларға белгіленген нысандағы тіркеу куәліктерін беруі; 10) Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізілімі - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шығаратын, мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар туралы мәліметтері бар тізбе; 11) ветеринариялық препараттарды тіркеу сынағынан өткізу - ветеринариялық препараттардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарына сәйкестігін анықтау үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қолданылатын әдістер, әдістемелер кешені; 12) ветеринариялық препаратты байқаудан өткізу - ветеринариялық препаратты ветеринария практикасында пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, оның иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотологиялық тиімділігін, препарат әсерінің зардаптары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, шектеулі зертханалық немесе өндірістік жағдайларда ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен сынақтан өткізу; 13) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің олар пайдаланылатын дағдылы (белгіленген) жағдайларда жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндірмейтін күйі; 14) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешені арқылы тексеруі; 15) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы базарларда және (немесе) басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі; 16) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, емделуін немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлардың және адамдардың денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірдейлендіру рәсімін қоса, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған індетке қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені; 17) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін, өз өкілеттігі шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 18) жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндіктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндіктер; 19) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік және әдістемелік қызмет - жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді (белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды анықтауды), олардың профилактикасы мен диагностикасы шараларын әзірлеуді қоса жүзеге асыру, сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою; 20) жануарлардан алынатын өнімдер - тиісінше өңделмей тамаққа пайдаланылмайтын ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнімдері; 21) жануарлардан алынатын шикізат - жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ және басқа да өнімдер; 22) жануарлардың аса қауіпті аурулары - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган анықтайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары; 23) жемшөп - жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, сіңірілетін түрде құрамында қоректік заттар бар және жануарлардың денсаулығына зиянды әсер тигізбейтін өсімдік, жануар, минералдық, микробиологиялық, химиялық текті өнімдер; 24) жемшөп қоспалары - жануарлардың рационында жетіспейтін қоректендіргіш және минерал заттар мен дәрумендердің көздері ретінде пайдаланылатын, органикалық, минералдық және (немесе) синтетикалық текті заттар; 25) карантин - індет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында індет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуді немесе тыюды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим; 26) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер - жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөптік қоспалар; 27) сараптама актісі - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілері диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық зертханалар беретін, олардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарына сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат; 23) шектеу іс-шаралары - жануарлар ауруының таралуына жол бермеу және індет ошағы мен қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу мақсатында шаруашылық байланыстарды ішінара шектеуге және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим; 29) эпизоотия - белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы; 30) эпизоотия мониторингі - эпизоотологиялық зерттеуді және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген (ұсталған, өсірілген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар тиімділігін талдау және эпизоотиялардың немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу; 31) эпизоотия ошағы - жұқпалы ауруды қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қора-жай.
2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары 1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады. 3-бап. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер мыналар: 1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу; 2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау; 3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу және пайдалану, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың қауіпсіздігіне және сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету; 7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою; 8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру. 2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу 4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат: 1) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, сақтау және өткізу кезiнде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруға; 2) осы Заңның 11-бабында белгіленген ветеринариялық қызметтiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге мемлекеттік монополияны сақтауға; 3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғауға; 4) мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге; 5) iндет жағдайын объективтi түрде бағалауды және ветеринария саласындағы халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринариялық ережелер мен нормативтердi ғылыми негiзде әзiрлеуге; 6) ғылыми негiздемесi болған жағдайда, ветеринариялық iс-шаралар өткізудiң халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары деңгейiне жетуге; 7) ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өткізуде негiзсiз шектеулерге жол бермеуге; 8) жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібін белгiлеуге бағытталған. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ветеринария саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ветеринария саласындағы құзыретiне: 1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі бағдарламаларды бекіту; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау немесе бекіту; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді бекіту; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша, профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiн қабылдау немесе бекіту; 5) жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібі мен шарттарын белгiлеу; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 6) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ветеринария саласындағы ынтымақтастық кіредi. 7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесiне: 1) ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары; 2) мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi; 3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар; 4) ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалар кiредi. 7-бап. Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары 1. Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдарына: 1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган; 2) ветеринариялық бақылау постылары бар шекарадағы және көлiктегi мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлiмшелерi; 3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлiмшелерi; 4) селолық округтердiң, базарлардағы, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аудандық (қалалық) аумақтық бөлiмшелерi жатады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара) 2. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары - Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары, ал олардың орынбасарлары Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары болып табылады. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның басшысы әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшiлердiң тиiстi лауазымдарына қоса "бас мемлекеттік ветеринариялық инспектор", "бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың орынбасары" деген арнаулы атаулар бepyгe құқылы. 8-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретiне: 1) ветеринария саласында бiрыңғай мемлекеттік саясат жүргiзу; 2) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 3) жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тiзбесiн әзiрлеу; 4) аса қауiптi аурулармен ауыратын жануарлар ауруының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету; 5) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды (жеткізудi) және пайдалануды жүзеге асыру; 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 8) тармақша өзгертілді 8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық iс-шараларды, ветеринариялық ережелерді, ветеринариялық есеп пен есептiлiк нысандарын, ветеринария саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен бекіту; 9) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 10) ветеринариялық ғылыми зерттеулер мен ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 11) жануарлар аурулары бойынша iндет мониторингiн жүргiзу және iндет жағдайын зерделеу; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 12) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 13) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 13) ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, құрал-саймандарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды байқаудан өткізудi, бақылауды, оларды тiркеу сынағынан өткізудi жүзеге асыру, сондай-ақ Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу; 14) жаңа ветеринариялық препараттарға, аспаптарға, құрал-саймандарға, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларға қорытындылар беру; 15) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 16) мал шаруашылығы объектiлерiн және жануарларды өндiру, дайындау (сою), жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу; 17) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 18) басқа елдердiң ветеринариялық-санитарлық шараларының, егер ол шаралар ел аумағындағы салауаттылық деңгейiн қамтамасыз ететiн болса, баламалылығын тану; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды 19) экспорттаушы елдiң ғылыми негiздемесi жеткiлiксiз болып табылған жағдайда, халықаралық ұйымнан алынған ақпаратты қоса отырып, қолда бар тиiстi ақпараттың негiзiнде уақытша ветеринариялық шараларды енгізу; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды ( 20) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақтарды немесе олардың бөлiктерiн анықтау, осы аумақтардан экспортталатын жүктерге бақылауды жүзеге асыру, импортталатын елге растауды беру, оның өкiлдерiнiң осы аумақтарда инспекция жүргiзуге қол жеткізуiн қамтамасыз ету; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды; 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді 21) жеткiлiктi ғылыми негiздемеге негiзделген және адамдар мен жануарлардың өмiрi мен денсаулығына тигiзетiн салдарлары ескерiлген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сай келетiн ветеринариялық нормативтердi әзiрлеу мен бекіту; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды 22) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды 23) өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды 24) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту кіреді.
9-бап. Мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi 1. Жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринария саласындағы мынадай қызметтердi: 1) тиiстi мемлекеттік органдарға тиесiлi жануарлар ауруларына профилактика және диагностика жасау, оларды емдеу; 2) тиiстi мемлекеттік органдарға тиесiлi мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiне мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қызметiн жүзеге асыратын бөлiмшелер құра алады. 2. Мемлекеттік органдардың осы баптың 1-тармағында аталған бөлiмшелерi мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды қоса алғанда, ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен орындауға қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын басшылыққа алады. 3. Мемлекеттік органдардың осы баптың 1-тармағында аталған бөлiмшелерi ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етедi. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті 1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне: 1) денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру, өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру; |