Пошта мөртабанын пошта жөнелтімдерінде қолдану ережесін бекіту туралы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы «Пошта туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағы 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қосымша беріліп отырған Пошта мөртабанын пошта жөнелтімдерінде қолдану ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (Ә.Е. Баймұратов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Төраға орынбасары А.Ә. Әріпхановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 9 шілдедегі № 291 бұйрығымен бекітілген
Пошта мөртабанын пошта жөнелтімдерінде қолдану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пошта мөртабанын пошта жөнелтімдерінде қолдану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы», «Пошта туралы» Заңдарына және Дүниежүзілік Пошта Одағының кесімдеріне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы пошта операторларымен пошта мөртабанын пошта жөнелтімдерінде қолдану тәртібін белгілейді. 2. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) өшіру - пошта жөнелтімі қабылданғанын растайтын мемлекеттік пошта төлемі белгілеріне пошта мөртабаны бедерін басып шығару; 2) пошта мөртабанының күні мен уақыты - пошта мөртабанында ауыстырылып орнатылатын ағымдағы күнтізбелік күн мен уақыттың белгілеуі.
2. Пошта мөртабандарын қолдану, жасап шығару және сақтау тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|