Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына (2009.27.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2009 жылғы 7 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бағалы қағаздар рыногы» туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулы мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) Қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) - қор биржасының енгізілуі және болуы белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиісті бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттерінің тізімі; 2) маркет-майкер - қор биржасы маркет-майкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді тұрақты хабарлап отыру және қолдау көрсету жөнінде өзіне міндеттеме қабылдаған қор биржасының мүшесі; 3) жергілікті атқару органдарының облигациялары - республика дәрежесіндегі қаланың, астананың жергілікті атқару органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары; 4) ресми тізім секторы - белгіленген талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының ресми тізімінің бөлігі; 5) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) - шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі өзінің жеке құрылтайшысының (қатысушысы, акционері) - осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне, оның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен қаржы тарту болып табылатын заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|