| ||||||||||||||||||||
|
|
|
М.Т. Есенбаевты, Н.Ә. Әбдіні Қазан қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы (2009.27.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және БРҮҚ-ның (Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай) қолдауымен Бәсекелестік жөніндегі халықаралық конференцияның жұмысына қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1250 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын анықтау және жолын кесу департаменті монополияға қарсы ден қою басқармасының бастығы Нұрлан Уәлиұлы Тазабеков 2009 жылғы 30 тамыз - 4 қыркүйек кезеңіне Қазан қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1250 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі М.Т. Есенбаевқа және Н.У. Тазабековке қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Қазан - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |