| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының хатшылығындағы лауазымдарға кандидатуралар туралы
2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағы комиссиясының хатшылығы туралы келісімге, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (кеден одағының жоғарғы органының) үкімет басшылары деңгейіндегі мемлекетаралық кеңесінің «Кеден одағының комиссиясы туралы» 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 5 шешіміне және Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 29 мамырдағы № 53 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының бекітуіне мынадай кандидатуралар: Еділ Құламқадырұлы Мамытбеков - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының Жауапты хатшысының орынбасары лауазымына; Төлеген Болатұлы Нұрбаев - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының Кедендік әкімшілендіру департаментінің директоры лауазымына; Дина Қияшқызы Ақпанбаева - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары лауазымына ұсынылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |