| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Минск қаласына (Беларусь Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Қазақстан Республикасы делегациясының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімнің жобасын келісу жөніндегі сарапшылар тобының кезекті отырысына қатысуы мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 15-18 қыркүйек кезеңіне Минск қаласына (Беларусь Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы делегациясының мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Минск - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 10 қыркүйектегі № 1345 қаулысына қосымша
Минск қаласына (Беларусь Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |