Қазақстан Республикасының делегациясын Пекин қаласына (Қытай Халық Республикасы) іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі № 1394 Қаулысы
(2009.22.10. берілген өзгерістермен)
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Қазақстан-қытай трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиясының 7-ші отырысына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 18-25 қыркүйек кезеңіне Пекин қаласына (Қытай Халық Республикасы) іссапарға жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Пекин - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.22.10. № 1641 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 1394 қаулысына
қосымша
Пекин қаласына (Қытай Халық Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының
Құрамы
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, делегация басшысы |
Әбішев Айдар Жолбарысұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, делегация басшысының орынбасары |
Кеншімов Әмірхан Қадырбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары, делегация басшысының орынбасары |
Жиенбаев Мүсілім Рысмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу басқармасының бас сарапшысы |
Қашқынбаева Гүлмира Мұхаммедиқызы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бас сарапшысы |
Нұрханов Мадияр Жеңісбекұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің бірінші хатшысы |
Садық Санатұлы Әкіжанов | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экология саясаты және орнықты дамыту департаментінің бас сарапшысы |