| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының (Москва, 2010 жыл 10 желтоқсан)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 1335 Қаулысымен қол қою туралы ұсыныс ҚР Президентінің қарауына енгізілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2007 жылғы 5 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттер 2007 жылғы 5 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын одан әрі дамыту тұжырымдамасының 4.5-тармағын іске асыру мақсатында төмендегілер туралы келісті:
Келісімге қосымша болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының кеңесі туралы ереженің 3-бөлімі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «ТМД-ның салалық ынтымақтастық органдарының Кеңестің құзыретіне жататын көші-қон саласындағы мәселелер жөніндегі қызметін үйлестіруге;».
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап, ал заңнамасы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауды талап ететін Тараптар үшін - көрсетілген рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді.
2010 жыл 10 желтоқсанда Москва қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |