|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 179 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 179 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін: 2-тармақ «орналастыру» деген сөзден кейін «және қайта бөлу» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен мақұлданған Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды кейіннен қайта қаржыландыруы үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы салатын ақшалай қаражаттың банктік салым талаптарында: «Пайдаланылатын анықтамалар» деген 1-бөлімде: «Игеру кезеңі» деген жолдағы «Салым Жинақ шотқа есептелген күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік айды білдіреді;» деген сөздер «Салым Жинақ шотқа есептелген күннен бастап 2009 жылғы 15 қазанды қоса алғанға дейінгі кезеңді білдіреді;» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қорытынды ережелер» деген 16-бөлімде: «, мұндай өзгерістер Тараптар тиісті өзгерістер енгізу туралы келісімге қол қойған күннен бастап күшіне енеді» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шарттар жасасу үшін екінші деңгейдегі банктердің тізбесі және ақшалай қаражатты орналастыру лимиттері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы 2009 жылғы 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 8 қазандағы № 1551 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 179 қаулысымен бекітілген
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының шарттар жасасуы үшін екінші деңгейдегі банктердің тізбесі және ақшалай қаражатты орналастыру және қайта бөлу лимиттері
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |